434
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
өзекті мәселелерін шешуге көмектесуі аса маңызды екенін әлденеше рет
атап өткенмін.
2015 жылғы мамыр айындағы Үкімет отырысында мен инновацияны өн-
діріске енгізуге ерекше назар аудару қажет екенін айтып, Ғылыми қызмет-
ті коммерцияландыру туралы заң жобасын дайындауға тапсырма бердім.
2015 жылғы қарашада қабылданған бұл заң – ғылым мен бизнестің ара-
сындағы өзара қарым-қатынас тетігін қалыптастырды.
2015 жылғы Жолдауда заманауи және тиімді ғылыми-өндірістік жүйе-
нің негізіне әрі ұлттық, әрі өңірлік инновациялық кластерлер және техно-
парктер алынуы керектігі атап көрсетілді. Алатаудағы Ақпараттық техно-
логия паркі, Атыраудағы Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі,
Курчатовтағы «Токамак» ядролық технология паркі, Алматыдағы, Астана-
дағы және Приозерскідегі ғарыштық мониторинг технопаркі. Ұлттық техно-
парктер жаңа салаға бағытталады, еркін экономикалық аймақтар режимін-
де жұмыс істейді.
2016 жылы наурыз айында 2016–2019 жылдарға арналған Білім мен
ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Онда көздел-
ген негізгі бағыттар: коммерцияландырылған жобалардың үлесін 20 про-
центке дейін көтеру, ғылымға бөлінетін гранттарды индустриаландырудың
маңызды мәселелеріне қайта бағыттау, инновациялық консорциумдарды
(ҒЗИ, конструкторлық бюролар, зертханалар) жүзеге асыру мен дамыту
барысында патенттер алу.
2017 жылғы 22 ақпанда Ұлттық Ғылым академиясының сессиясына қа-
тысып, Ғалымдар қауымдастығын Академияның 70 жылдығымен құттықта-
дым және ғалымдардың алдында тұрған міндеттерді еске салдым: Ғылым-
ды коммерцияландыру туралы заң толық күшінде жұмыс істеуі керек, ал
ғылыми жұмыстар кәсіпорындардың, әсіресе импорт және экспорттық өн-
діріске қатысты сұраныстарына нақты бағытталуы тиіс.
2017 жылғы менің Жолдауымдағы технологиялық жаңғыру бағдарлама-
сы да дәл осы мақсатты көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: