НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Азия қауіпсіздігі жүйесіне алғашқы қадам



Pdf көрінісі
бет50/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Азия қауіпсіздігі жүйесіне алғашқы қадам
Мен 1992 жылдың 5 қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессия-
сында Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен алғаш сөйлегенде әлемдік 
қоғамдастыққа ауқымды азиялық кеңістікте бейбітшілікті қамтамасыз ететін 
ұйым құруды ұсындым. Осы бағыттағы нақты әрекеттер бұрын да болға-
нымен, сәтсіз аяқталған. Заманауи саяси ахуал жағдайында, мен айтқан 
Қазақстан Республикасының бастамасына сәйкес, ондай тиімді құрылым – 
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) бола алатын.
Мұндай идея тек қана БҰҰ-да қолдау тауып қойған жоқ – оны құрлықтағы 
саяси ахуалды нақтылайтын, ЕҚЫҰ мен Араб мемлекеттерінің лигасы 
сияқ ты, ықпалды халықаралық құрылымдар да қолдады. Сол кезде ойла-
стырылған нәрсені жүзеге асырудың ұзақ жылға созылған жұмысы бастал-
ды. Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының өкілдері 1993–1994 
жылдары АӨСШК-нің базалық құжаттар пакетін әзірлеген арнайы жұ-
мыс тобын құрды. Ол бұдан әрі осы ұйымның барлық институттарын қа-
лыптастырып, өзара байланыстыру, оның процедураларын реттеп, оған 
кіретін елдердің өзара әрекеттестік қағидаттарын орнату үшін қажет бол-
ды. АӨСШК-нің берік заңды іргетасы қаланды, енді жалпыазиялық сенімді 
қауіп сіздік жүйе сін құруға мүдделі барлық күштерді ауыр жұмыс күтіп тұрды.
Мемлекеттік шекараны делимитациялаудың басталуы
Іргелес мемлекеттермен бейбіт көршілік қарым-қатынас ел өмірінде 
маңызды рөл атқарады. Ол теңқұқылы келісімдер жасап, өзара тиімді сау-
даны дамытуға, транзит әлеуетін өсіруге, ең соңында реформалардың та-
бысына әсер ететін инвестиция тартуға көмектесетін. Мұндай қарым-қаты-
настардың ең басты шарты – нақты белгіленген, көршілер де, сондай-ақ 
әлемдік қоғамдастық та мойындаған мемлекеттік шекара құру болатын. 


99
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін құрылған жаңа тәуелсіз мемлекеттер 
әкімшілік шекаралармен бөлінді, алайда халықаралық құқық тұрғысынан
бұрынғы КСРО-ның сыртқы шекарасы ғана бар еді. Ондай жағдай тұрақ-
сыз еді, өйткені ол өзара аумақтық жанжалдарға негіз қалайтын.
Империя ыдыраған кезде бұрынғы республикалар арасындағы ау-
мақтық-әкімшілік шекаралардың мемлекеттік деп мойындалуы қажеттігіне 
мен берік сенетінмін. Аумақтарға байланысты кез келген басқа да нұсқа-
лар, сөзсіз, текетірестер мен жанжалдарға әкеліп соғатын.
Қазақстан ұстанған берік ұстаным іске ұласты: 1991 жылы 8 желтоқсанда 
біз қол қойған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімде, 
сондай-ақ сол жылдың 21 желтоқсанындағы Алматы декларациясында сол 
кездегі шекаралар бөлінбейді және оған ешкім қол сұқпайды деп мәлім-
делді. Республикалардың әкімшілік шекаралары мемлекеттік шекара деп 
мойындалды. Дегенмен ол үшін халықаралық нормаларға сай екіжақты 
келісімдер жасалуы керек еді. Мұндай міндеттерді шешу ұзақ уақыт пен 
үлкен еңбек талап ететіні бірден белгілі болды.
Дегенмен бастапқы кезде ешкім де бұл жұмыс үшін бақандай он үш 
жыл керегін болжай алмаған. 
Даулы учаскелер көлемі 844 шақырымдық Қытаймен арадағы мемлекет-
тік шекара мәселесін шешудің күрделілігі одан бір де кем болған жоқ. Қа-
зақстанға КСРО-дан бірнеше даулы шекара аймағы мұраға қалды – соған 
сәйкес, екі жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның, Қырғызстанның, 
Тәжікстан мен Ресейдің бірлескен делегацияларының қатысуымен келіссөз-
дер жүргізілді. 1994 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы мен Қытай 
Халық Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара түбегейлі белгіленді.
Цзян Цзэминьмен жеке қарым-қатынасымыз біздің тарихымыздағы 
осы түйткілді мәселені шешуге көмектесті. Қазақтар үшін шекара – қасиетті 
ұғым. Жас мемлекетке тұрақтылық және шекараның айқындығы қажет. 
Келіссөздің бастапқы кезі тығырыққа тірелгені есімде, сарапшылар ор-
тақ шешімге келе алмады. Мәселе ең жоғарғы деңгейге дейін жеткен. Сол 
кезде Цзян Цзэминь маған аудармашы арқылы: «Нұрсұлтан, мен саған жәй 
ғана басқа мемлекеттің басшысы емес, дос есебінде қараймын және ашық 
айтам. Егер біз бұл мәселені қазір шешпесек, болашақта оның шешілуі 
қиынға соғады. Ұрпақ, басшылық ауысады. Болашақта бұл мәселенің қалай 
шешілетінін мен білмеймін», – деген еді. Мен оның не айтқалы тұрғанын 
жақсы түсініп, іштей оған келістім. Бұл мәселені кейінге қалдыруға болмай-
тын. Әңгіме салыстырмалы түрде шағын ғана даулы аймаққа байланысты 
еді. Дегенмен, аз да болса, Қазақстан жағының пайдасына қарай шешілетін 
нұсқа символдық тұрғыда маңызды болды. Мен дау лы аймақтарға бай-


100
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
ланысты шешімді былайша ұсындым: даулы аймақтың 53 проценті – Қа-
зақстанға, 47 пайызы – Қытайға тиесілі болсын. Мұндай мәселеде Цзян 
Цзэминь өте табанды еді және өз елінің ұлттық мүддесі ол үшін қашанда 
басымдыққа ие болды. Оның көзқарасы қаталданып, әжептәуір қатқылдау 
дауыспен: «Не, бұл сен үшін принципті түрде маңызды ма?» – деп сұраған. 
Мен де сондай қатқыл дауыспен: «Иә!» – деп жауап бердім. Қазақ халқы-
ның тарихи жады өте тереңде жатыр және Қытаймен арадағы шекараның 
нақтылануы тек қана өткен ғасырдың соңындағы Қазақстан үшін саяси ба-
талияның мәселесі емес болатын. Онда өткен шақтың жаңғырығы болды, 
әрі үмітпен бірге ренішке де толы еді. Менің халқымның ұлттық көңіл күйі 
дәл осы мәселенің шешіміне байланысты болатын. Сөйтіп, үнсіздік ор-
наған. Сосын өз сарапшыларынан осы шешімнің дұрыс екендігі туралы 
сұраған ол, ақыры: «Жарайды, онда қол қояйық», – деді. 
1995 жылдың 15 қыркүйегінде, ратификациялық грамоталар алмасқан-
нан кейін, Қазақстан – Қытай мемлекеттік шекарасы туралы Келісім күшіне 
енді. ҚХР-мен мұндай келісімге тіпті КСРО-ның өзі де қол жеткізе алмаған. 
Қазақстан Республикасы тарихында тұңғыш рет Қытаймен арада мойын-
далған, бекітілген мемлекеттік шекара – бейбітшілік пен әріптестік шекара-
сы пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет