Жаңа ғасыр табалдырығында:
1998 және 1999 жылғы Жолдаулар
1998 жылдың 29 қыркүйегінде «Елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы сая-
саттың негізгі бағыттары: қоғамды демократияландыру, жаңа ғасырдағы
экономикалық және саяси реформа туралы» Жолдауымды халыққа жария
еттім. Бұл еліміздің жаңа орталығы – Астанада жарияланған алғашқы Жол-
дау еді.
Өткен жылдары етек алған, бүкіл әлемге алапат зардаптар әкелген
азия лық қаржы дағдарысы Қазақстан экономикасына да әсер етпей қой-
мады. Ұлттық экономиканы қорғаудың шұғыл шараларын қабылдай оты-
рып, мемлекет жүйелі әрекеттер жасауы тиіс еді, яғни 1998 жылғы Жолдау-
да жарияланған бағдарламаға сүйенуі керек болды.
Оған стратегиялық міндеттермен қатар («Қазақстан-2030» стратегия-
сының басым бағыттарын ескере отырып, экономиканы дамыту үшін
алғышарттар жасау және ынталандыру), тактикалық міндеттер де кірді. Қа-
зақстандықтар үшін өмірлік маңызы бар салаларды апатты жағдайға ұрын-
дырмау үшін алдын алу шараларын жасау керек болды. Өйткені бұл сала-
лардағы дағдарыс халыққа тым ауыр тиер еді. Алдағы уақытта зейнетақы
мен жалақы бойынша берешектерді жою, жұмыспен қамту мәселесін шешу
мақсатында халықты ауқымды қоғамдық жұмыстарға тарту, қысқы уақыт-
та жылу мен электр энергиясын берудегі іркілістерді жою, ауыл тұрғын-
дарынан әділ бағамен кемінде 1 миллион тонна астық сатып алу мәселе-
лері тұрды. Ұлттық банк әлемдік қаржы нарығындағы күйзелісті ахуал күрт
төмендеген жағдайда теңге бағамын тұрақтандыру жоспарын әзірледі.
1999 жылдың 16 қыркүйегіндегі «Елдің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы
мен қауіпсіздігі» атты Жолдауымның алғашқы жолында Қазақстан басынан
өткізген тарихи сәттің тұтас бір дәуірге парапар екенін түсіндіруге тырыс-
тым. Әрбір буын өзі өмір сүрген уақытты өзекті кезең санайтыны бар. Бірақ
мыңжылдықтар тоғысындағы бетбұрысты дәуірде өмір сүру мәртебесін
біздің буынның маңдайына ғана жазып отыр. Бұл қазіргі толқынға тағдыр-
дың сыйы ғана емес, сонымен қатар уақыттың зілбатпан жүгі; тек мүмкіндік
қана емес, тәуекелі мол қауіп-қатер екенін де айтқым келеді. Соңғы онжыл-
дықтағы тартысқа толы күрделі жағдайлардың, күнделікті тірлік тауқыметі
мен өмірге деген құштарлықтың қуаты сондай, тарихтың өткені мен келе-
116
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
шегінің көкжиегі астасып кеткендей көрінеді. Өткенді де еске түсіріп, со-
нымен қоса, таяу арадағы болашаққа да көз тас тап отыратын бір сирек
сәттер болады. Себебі өткенін ұмытқан жанның жадынан өшіп қалған бағ-
зы күндері болашақта қайта айналып, алдынан шығады.
Мен қазақ халқының мыңжылдық тарихының негізгі кезеңдерін еске ала
отырып, қазақтың өз мемлекеті болғанда, халқымыз ХХ ғасырда дәл осын-
дай қайғы-қасіреттерді бастан кешпейтініне сенімді екенімді ашық айттым.
Егер бүкіл халық ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылып, егемендігіне
құрыштай қорған болса, енді Қазақстанды ешқандай тарихи дауыл шай-
қай алмайтынына кәміл сендім. Ал сол кезде көршілес елдердегі қарулы
қақтығыстар, өршіген саяси және діни экстремизм, нашақорлық пен есірткі
бизнесі, конституциялық билікті күшпен басып алуға шақыратын деструк-
тив күштер біздің еліміздің де іргесіне келіп, кәдімгідей қауіп төндіріп тұрды.
Ғаламды тітіреткен бұл алапат қауіп-қатерге тек жария түрде, бірлесіп
қана қарсы тұруға болатын еді. Менің осы сөздерім қазақстандықтарға үл-
кен жауапкершілік жүктеп, Қазақстан барысы бойына қуат жиып, рухына
күш қосып, XXI ғасырға қарымды секіріс жасай алатынына кәміл сенсе екен
дедім.
ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
117
Достарыңызбен бөлісу: |