С) Жаным ашымайды
Д) Жылымайды
6. Екінші абзацта не туралы айтылған?
А) Жауды жеңу
В) Жауды аямау
С) Жан қию
Д) Соғыстың көрінісі
6−мәтін
Арпалыс
Айдала. Терістіктен темірдей қарып ызғырық жел еседі. Жападан-жалғыз. Шалқасынан жатыр. Бүкіл ту сырты тұтаса мұздап, тұрайын десе, тұра алмайды. Өзіне не болғанын білмейді. Аттан жығылған деуге сынған, мертіккен ештеңесі жоқ сияқты. Бірақ, тұла бойы ап-ауыр.
Жып-жылы бірдеңе маңдайын қайта-қайта сипалайды. Бұл не болды екен? Жүгенін сылдырлатып, қасына кеп, жылқы қайыратын шара көз шабдар айғыры жұп-жұмсақ еріндерімен мандайын ұйпалап, иіскеп тұрғаннан сау ма? Жоқ, әлде… Бірақ, олай болуы мүмкін емес. Ол ешқашан бұның маңайына бүйтіп жақындап көрген жоқ. Тек анадайдан анда-санда ғана бір жылжып қоятын. Ал, қазір… Қасына келгендей… Маңдайынан сипағандай. Құлағына бірдеңе деп күбірлегендей.
7. Мәтінде қарамен жазылған сөйлемнің мағынасын көрсетіңіз.
А) Алыс жер
В) Тыныш жер
С) Адамсыз жер
Достарыңызбен бөлісу: |