Есептер:
1. Экономика келесі мәліметтермен бейнеленген:
мемлекеттік шығындар көлемі – 800;
бюджетке салықтық түсімдер – 200;
мемлекеттік трансферттер – 100;
тұтыну шығындары – 2300;
таза экспорт – (-200);
мемлекеттік қарыздың жалпы тапшылығы?
Бұл жағдайда мемлекеттік қарызға қызмет көрсету бойынша бюджеттік төлемдер көлемі қандай болады?
2. Үкімет жылдық 8 % ставкамен 1 млрд. доллар мөлшерінде шетелен қарыз алды. Бұл қаражаттар алдыңғы бірнеше жылдарға 300 млн. Доллар көлемінде ЖҰӨ - нің жыл сайынғы өсімін алуға мүмкіндік беретін инвестициялық жобаларға салынады. Есептеңдер:
а) мемлкеттік қарыз қандай көлемге ұлғайады?
б) аталмыш елдің азаматтарына жүктелетін таза борыштық ауыртпашылық өсе ме?
3. Экономика келесі мәліметтермен сипатталған:
пайыздың нақты ставкасы 3%;
нақты ЖҰӨ өсім қарқыны 7%;
қарыз бен ЖҰӨ - нің ара – қатынасы 50%;
мемлекеттік бюджеттің алғашқы тапшылығы ЖҰӨ - ден 5% құрайды.
Қарыз бен ЖҰӨ - нің ара-қатынасының өсетінін не төмендейтінін есептеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |