НұСҚаулар bi 2214 «Бағдарламалық инженерия»



бет9/13
Дата17.09.2023
өлшемі78,79 Kb.
#108298
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
МУ лабы (1)

Жұмыстың мақсаты Деректерді енгізу және бақылау механизмін зерттеу.


Жұмыстың орындалу жоспары:

  1. Зертханалық жұмыстың тақырыбы бойынша теориялық мәліметтерді зерттеу.

  2. Бағдарламалау ортасын пайдалану арқылы радиусты және биіктік мәндерін label7 және label9 нысандарының мәтін сипаты арқылы орнатыңыз.Келесі мәліметтерді қамтитын зертханалық жұмыс бойынша есеп беруді дайындау:

    • Зертханалық жұмыстың атауы, мақсаты, қойылуы.

    • Тапсырма алгоритмі және олардың бағдарламалық жүзеге асырылуы.

    • Алынған нәтижелер.

  3. Зертханалық жұмысты қорғау.



Жұмыстың орындалу тәртібі:
Параметрлерді беру тәсілдері: мән бойынша және сілтеме бойынша. Параметрлерді мәнбойынша беру кезінде тәсіл аргументтер мәнінің көшірмелерін алады да, тәсіл операторлары осы көшірмелермен жұмыс істейді.
Параметрлерді сілтеме (адрес) бойынша беру кезінде тәсіл аргументтер адресінің көшірмесіналады да, сол (бұрынғы) адрестердегі аргументтерді пайдаланады.
С# тілінде параметрлердің төрт типі бар:
мән-параметрлер;
сілтеме-параметрлер (ref);
нәтижелік (шығыс - выходные) параметрлер (out);
жиым-параметрлер (params).
Түйінді сөздер параметрлер типтерін сипаттаудың алдында тұрады. Егер ол болмаса, параметр мән-параметр болып есептеледі. Мысалы:
public int Calculate( int a, ref int b, out int c, params int[] d ) …
Мысал: мән-параметрлер мен ref сілтемелері
using System;
namespace Listing5_4
{ class Class1
{ static void P( int a, ref int b )
{
a = 44;
b = 33;
Console.WriteLine( "тәсіл ішінде {0} {1}", a, b );
} static void Main()
{
int a = 2, b = 4;
Console.WriteLine( "шақыруға дейін {0} {1}", a, b );
P( a, ref b );
Console.WriteLine("шақырудан кейін {0} {1}", a, b );
}
}
}
Мысал: out шығыс параметрлері
using System;
namespace Listing5_5
{ class Class1
{ static void P( int x, out int y )
{
x = 44; y = 33;
Console.WriteLine( " тәсіл ішінде {0} {1}", x, y );
}
static void Main()
{
int a = 2, b; // b-ны инициалдау қажет емес
P( a, out b );
Console.WriteLine( "шақырудан кейін {0} {1}", a, b );
}
}
}




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет