Нұсқаулар Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары



бет1/2
Дата11.04.2023
өлшемі145,59 Kb.
#81627
түріНұсқаулар
  1   2
Байланысты:
Geografiya


ГЕОГРАФИЯ
Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары



1. Ұлы көлдер жүйесіне кіретін көл
A) Үлкен Тұзды көл
B) Виннипег
C) Гурон
D) Манагуа
E) Никарагуа
Дұрыс жауабы: С.
Солтүстік Америка материгінің солтүстік-шығысындағы Әулие Лаврентий өзені арқылы Атлант мұхитымен жалғасып жатқан көлдер Ұлы көлдер жүйесі деп аталады. Ұлы көлдер жүйесіне Жоғарғы, Мичиган, Гурон, Эри және Онтарио көлдері жатады. Оқулық: Ә. Бейсенова, С. Әбілмәжінова, К. Каймулдинова. География. Материктер мен мұхиттар: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 161-162 бб.

2. Руапеху жанартауы орналасқан арал
A) Калимантан
B) Хонсю
C) Жаңа Зеландия
D) Жаңа Гвинея
E) Сулавеси
Дұрыс жауабы: С.
Геосинклиналдық аралдардың ең ірісі – Жаңа Зеландия аралдары. Жанартау атқылауы геосинклиналдық аралдарда да күшті байқалады. Жаңа Зеландияның Солтүстік аралындағы сөнбеген Руапеху жанартауының биіктігі 2796 м-ге жетеді. Оқулық: Ә. Бейсенова, С. Әбілмәжінова, К. Каймулдинова. География. Материктер мен мұхиттар: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 112 б.

3. Негізгі географиялық белдеулер
A) арктикалық, субарктикалық
B) қоңыржай, субарктикалық
C) тропиктік, субтропиктік
D) полярлық, субполярлық
E) экваторлық, тропиктік
Дұрыс жауабы: Е.
Климаттық белдеулер ауа массаларының таралуына қарай белгіленеді. Әр жарты шардың негізгі ауа массаларына негізгі климаттық белдеулер сәйкес келеді. Олар экваторлық, солтүстік және оңтүстік жарты шарлардағы тропиктік, қоңыржай және полярлық климаттық белдеулер. Оқулық: Ә. Бірмағамбетов, К. Мамырова. Физикалық география: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2015. – 113 б.

4. Африканы айналып, Үндістанға қарай жол ашқан саяхатшы

A) Г. Стэнли
B) Ф. Магеллан
C) Д. Ливингстон
D) В. Юнкер
E) Васко да Гама
Дұрыс жауабы: Е.
1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут (Калькутта) портына келіп тоқтады, Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды. Оқулық: Ә. Бірмағамбетов, К. Мамырова. Физикалық география: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2015. – 11 б.

5. Орта Азияның ең үлкен құмды шөлі
A) Қызылқұм
B) Мойынқұм
C) Арал маңы Қарақұмы
D) Сарыесік Атырау
E) Бетпақдала
Дұрыс жауабы: А.
Орта Азияның ең үлкен құмды шөлі Қызылқұмның Қазақстанға солтүстік бөлігі кіреді. Ол эолды, ішінара аллювийлік палеогеннің құмдарынан құралған. Жер беті құм төбелі, қырқалы болып келеді де, кең сайлармен кезектесіп отырады. Оқулық: Ә. Бейсенова, Қ. Карпеков. Қазақстанның физикалық географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 174-175 бб.

6. Латын Америкасының ОПЕК-ке мүше елі
A) Боливия
B) Чили
C) Венесуэла
D) Парагвай
E) Аргентина
Дұрыс жауабы: С.
Венесуэла ОПЕК (Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) мүшесі ретінде Азия мен Солтүстік Африканың жетекші мұнай өндіруші елдерімен бірге әлемдік нарықтағы мұнай саудасына ықпал етуде. Оқулық: Ә. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, Ж. Достай. География: Дүние жүзіне аймақтық шолу. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2015. – 251 б.

7. Халқының саны жөнінен Батыс Еуропада 1-ші орындағы мемлекет
A) Германия
B) Грекия
C) Франция
D) Италия
E) Испания
Дұрыс жауабы: А.
Германия халқының саны жөнінен Батыс Еуропада бірінші орын алады: мұнда 80,9 млн халық тұрады. Ә. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, Ж. Достай. География: Дүние жүзіне аймақтық шолу. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2015. – 108 б.

8. Францияның ірі автомобиль кәсіпорны
A) «Рено»
B) «Даймлер-Крайслер»
C) «Фиат»
D) «Мерседес»
E) «Фольксваген»
Дұрыс жауабы: А.
Қазіргі кезде Францияда жеңіл автомобильдер, негізінен, «Рено» кәсіпорны мен жекеменшік «Пежо-Ситроен» концернінде жасалады. Оқулық: Ә. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, Ж. Достай. География: Дүние жүзіне аймақтық шолу. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2015. – 137 б.

9. Ерекше түспен боялған облыс кіретін экономикалық аудан

A) Солтүстік Қазақстан
B) Оңтүстік Қазақстан
C) Батыс Қазақстан
D) Шығыс Қазақстан
E) Орталық Қазақстан
Дұрыс жауабы: D.
Берілген картаға қарай отырып талапкер жасыл түспен боялған облыс территориясының Шығыс Қазақстан облысына жататынын және оның Шығыс Қазақстан экономикалық ауданына енетін жалғыз облыс екендігін анықтап білуі керек. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы Ертіс өзенінің жоғары ағысында, Алтай тауы мен Сарыарқаның шығыс бөлігін алып жатыр. Қытай мемлекетімен шекаралас. Жер көлемі жөнінен еліміздегі ең кіші экономикалық аудан. Оқулық: Е. Ахметов, Н. Кәрменова, Ш. Кәрібаева, Б. Асубаев. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2013. – 220 б.



10. Лавразия құрамында болған материк
A) Антарктида
B) Африка
C) Еуразия
D) Аустралия
E) Оңтүстік Америка
Дұрыс жауабы: С.
Лавразия құрамында Еуразия мен Солтүстік Америка материктері ұзақ уақыт бірге болған. Ал Гондвана Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия мен Антарктида материктерінің жиынтығынан тұрды. Оқулық: Ә. Бейсенова, С. Әбілмәжінова, К. Каймулдинова. География. Материктер мен мұхиттар: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 21 б.

11. Солтүстік Қазақ жазығы мен Тұран жазығын жалғастыратын қолат
A) Жоңғар
B) Атырау
C) Торғай
D) Сарыарқа
E) Қаратау
Дұрыс жауабы: С.
Торғай үстірті орталығында солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқан ойыс – Торғай қолаты бар, оны Торғай бұғазы немесе Торғай қақпасы деп те атайды. Ол Батыс Сібір жазығын (Солтүстік Қазақ жазығы) Тұран ойпатымен жалғастырады. Оқулық: Ә. Бейсенова, Қ. Карпеков. Қазақстанның физикалық географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 62 б.

12. Уақыт ауысу сызығы өтетін меридиан
A) 120°
B) 180°
C) 0°
D) 60°
E) 90°
Дұрыс жауабы: В.
Жылдың тәуліктерін шатастырмау үшін халықаралық келісім бойынша даталардың (уақыттың) ауысу сызығы белгіленді. Ол географиялық карталарда он екінші сағаттық белдеуде, шамамен 180° меридиан бойымен солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейінгі аралықта жүргізілген. Бұл күнтізбенің датасының шамаланған шекарасы. Осы сызықтан батысқа қарай Жер шарында күнтізбенің жаңа датасы – жаңа күні басталады. Оқулық: Ә. Бейсенова, Қ. Карпеков. Қазақстанның физикалық географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 16 б.



13. Батыс Қазақстан өнеркәсібінің дамыған салалары
A) мұнай, газ
B) полиметалл
C) мыс, көмір
D) қорғасын, мырыш
E) түсті металлургия
Дұрыс жауабы: А.
Батыс Қазақстан өнеркәсібінің дамыған салалары – мұнай, газ және химия өнеркәсіптері. Оқулық: Е. Ахметов, Н. Кәрменова, Ш. Кәрібаева, Б. Асубаев. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2013. – 237 б.

14. Есіл – Ертіс даласының ең үлкен тұщы көлі
A) Шағалалытеңіз
B) Ақкөл
C) Шалқар
D) Сілетітеңіз
E) Қорғалжың
Дұрыс жауабы: А.
Есіл – Ертіс даласы Есіл – Қамысты орманды даласы мен Сарыарқаның, Павлодар облысының көлді жазығының ортасында жатыр. 100-120 м биіктегі беткейлер неоген сазбалшықтарынан түзіліп, оның бетін палеоген дәуірінің құмдары мен балшықтары басқан. Батыс бөлігінде көл көп. Олардың көбі тұщы. Ең үлкені – Шағалалытеңіз көлі. Оқулық: Ә. Бейсенова, Қ. Карпеков. Қазақстанның физикалық географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 180 б.

15. Мемлекет басшысы діни жетекші қызметін атқаратын монархия
A) федерациялық
B) конституциялық
C) абсолюттік
D) теократтық
E) унитарлық
Дұрыс жауабы: D.
Теократтық (грек. тheos – құдай, kratos – билік) монархияларда мемлекет басшысы діни жетекші қызметін де атқарады. Мұндай мемлекеттер қатарына Бруней, Сауд Арабиясы және Ватикан жатады. Ә. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. География: Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2014. – 84 б.

16. Анд тауындағы ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің тобы
A) гилея
B) ломас
C) гуано
D) пума
E) гаруа
Дұрыс жауабы: В.
Анд тауларында түнге қарай тұман шыққа айналады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Оқулық: Ә. Бейсенова, С. Әбілмәжінова, К. Каймулдинова. География. Материктер мен мұхиттар: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 141 б.

17. Түйе шаруашылығы дамыған облыстар
A) Атырау, Маңғыстау
B) Қызылорда, Ақмола
C) Ақтөбе, Павлодар
D) Солтүстік Қазақстан, Қарағанды
E) Шығыс Қазақстан, Қостанай
Дұрыс жауабы: А.
Түйе шаруашылығына республиканың Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары маманданған. Түйе шөл, шөлейт және дала зоналарында өсіріледі. Оқулық: Е. Ахметов, Н. Кәрменова, Ш. Кәрібаева, Б. Асубаев. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2013. – 162 б.

18. Жетісу, Қызылқұм, Қаратау, Үстірт, Мұғалжарды зерттеген саяхатшы
A) А.Н. Краснов
B) А.И. Левшин
C) С.С. Неуструев
D) Н.А. Северцев
E) И.В. Мушкетов
Дұрыс жауабы: D.
Н.А. Северцевтің (1827-1885 жж.) Қазақстанды зерттеу жұмыстары П.П. Семеновтың Тянь-Шаньды зерттеуімен тұспа-тұс келеді. Ол әуелде Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі сағасына сапар шекті. Содан соң Тянь-Шаньда, Жетісу, Қызылқұм, Қаратау өңірлерінде зерттеу бақылау жұмыстарын жүргізді, Үстірт пен Мұғалжарды зерттеді. Оқулық: Ә. Бейсенова, Қ. Карпеков. Қазақстанның физикалық географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 33 б.



19. Луара өзені ағып өтетін ел
A) Бельгия
B) Испания
C) Германия
D) Дания
E) Франция
Дұрыс жауабы: Е.
Өзен торы жиі орналасқан Франция аумағын Луара, Рона, Сена және Гаронна ірі өзендері кесіп өтеді, ал Германиямен шекарасында Рейн өзені жатыр. Оқулық: Ә. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, Ж. Достай. География: Дүние жүзіне аймақтық шолу. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2015. – 131 б.

20. 3 санымен берілген физикалық-географиялық аймақ

A) Сарыарқа
B) Сауыр-Тарбағатай
C) Тянь-Шань
D) Шығыс Еуропа
E) Тұран жазығы
Дұрыс жауабы: Е.
Талапкер берілген картадан 3 санымен белгіленген физикалық-географиялық аймақты анықтауы қажет. Ол үшін талапкер Тұран жазығының географиялық орнын ажырата алуы шарт. Тұран – Қазақстанның оңтүстігінде батысынан шығысына дейін созылып жатқан кең жазық. Оған Маңғыстау, Үстірт, Торғай үстірті, Арал маңы, Сырдария бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймағы түгел кіреді. Оқулық: Ә. Бейсенова, Қ. Карпеков. Қазақстанның физикалық географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2016. – 173 б.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет