НұСҚаулар дәріс. Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану


Дәріс. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау



бет10/21
Дата27.09.2023
өлшемі145,73 Kb.
#111015
түріНұсқаулар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
НұСҚаулар дәріс. Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану-emirsaba.org

Дәріс. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау


Дәрістің мақсаты: студенттерге әлеуметтанудың теоретиялық-әдістемелік негіздерін түсіндіру.
Теріс мінез-құлық ғылымдардың зерттеу пәні ретінде. Девиантты және делинквентті ұғымдар.

  1. Ч. Ломброзо мен У. Шелдонның девиантты мінез-құлық концепциялары.


  2. Э.Дюркгеймнің аномия теориясы. Р. Мертонның девиацияны зертеуі.


  3. Қоғамдағы бақылауды зерттеу мен оның әдістері.


Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.


Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этникалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзара қарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
3. Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
• жанұяда берекенің болмауы;
• ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
• тәрбие берудегі кемшіліктер;
• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
• өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
• сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
• психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
• агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
• мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
• балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары,- деп көрсетсе, үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады.
Қоғамдық ғылымдардың негiзгi категорияларының бiрi - әлеуметтік ауытқу. С.И.Ожеговтың түсiндiрмелi сөздiгiнде ауытқу ''қандай да бiр дұрыс емес мінез-құлық'' ретiнде көрсетiлсе, Оксфорд сөздiгi ауытқуды ''ерекшелiк, шетке бұрылу'' деп түсiндiредi. Отандық әлеуметтанушылар (этиктер) ауытқу немесе девиантты мінез-құлықты саралай келе, оған ''iс-әрекет, мiнез-құлық үлгiсiнен және нормасынан жағымсыз ауытқудан көрiнетiн рухани жамандықтың ерекше бiр түрi'' деген анықтама бередi. Осы әлеуметтiк құбылыстың пайда болу себептерiн түсiндiру үшiн көптеген сұрақтарға, оның iшiнде ''норма'' категориясының мәнi (әлеуметтiк норма) және одан ауытқу жайлы сұрақтарға жауап iздеуге тура келедi. Әлеуметтiк норма - әлеуметтiк бақылау мен басқарудың құралы ролiн атқаратын әлеуметтiк практиканың қажеттi және тұрақты элементi.
Р.Мертон және Э.Дюркгейм енгiзген ''аномия'' түсiнiгiн (ескi нормалар мен құндылықтардың қазiргi қатынастарға сәйкес келмей, ал жаңаларының әлi орнықпаған кезiндегi қоғамның жағдайы) қолдана отырып, ауытқыған мінез-құлықтардың себебiн қоғам тудырған мақсаттар арасындағы келiспеушiлiктер деп есептейдi.
Девиантты мінез-құлықты екі үлкен категорияға бөлуге болады. Біріншіден, ол нақты немесе жасырын психопатологияның болуын білдіретін психикалық денсаулық нормаларынан ауытқыған мінез-құлық. Екіншіден, бұл қандай да бір әлеуметтік және мәдени, әсіресе, құқықтық нормаларды бұзатын антиәлеуметтік мінез-құлық. Мұндай қылықтар салыстырмалы түрде мәнсіз болса, оларды құқықбұзушылық деп атайды, ал егер салмақты және қылмыстық тәртіп бойынша жазаланса – қылмыс болып табылады. Дегенмен әлеуметтiк ауытқулар қоғам үшiн әр түрлi мағына беруi мүмкiн. Әлеуметтiк прогрессивтiлiгi және пайдалылығы жөнiнен ауытқуды позитивтi (жағымды), негативтi (жағымсыз) деп бөлуге болады. Позитивтi ауытқулар жүйенiң прогрессивтi дамуы, оның ұйымдастыру дәрежесiн көтеру, мінез-құлықтардың ескiрген, консервативтi стандарттарын жеңу құралы қызметiн атқарады. Оған әлеуметтiк шығармашылықты (ғылыми, техникалық, көркемдiк, қоғамдық-саяси) жатқызуға болады. Негативтi ауытқу - әлеуметтiк патология. Оған соғыс, дiни, нәсiлдiк, ұлттық және т.б. жағдайдағы барлық мүмкiн қайшылықтар, құқықбұзушылық (оның iшiнде қылмыс, өзiн-өзi өлтiру, нашақорлық, маскүнемдiк, жезөкшелiк, т.б.) жатады.
Сонымен, ауытқыған мінез-құлықтар қоғамда екі түрлі мәнге ие: бір жағынан қоғамның тұрақтылығына қауіп төндірсе, екінші жағынан - осы тұрақтылықты қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет