Бақылау сұрақтары Кирхгофтың бірінші заңы тұжырымда.
Кирхгофтың екіінші заңы тұжырымда.
Қуат балансы деп нені айтады?
Потенциалдық диаграмма не үшін қажет?
Резистордағы тоққа қоылған кернеуді екі есе арттырса тоқ қалай өзгереді?
Егер резистордағы тоқты екі есе төмендетсе үш резистор параллель жалғанған тізбектегі жалпы тоқ саны қалай өзгереді?
Қоректендіру көзінің теріс қуаты нені бюілдіреді?
Қуат балансын құрғанда резистивті элементте теріс қуат бола алады ма?
Потенциал нүктелерінің бір ЭҚК көзінен екіншіге ауымқандағы өзгеріп отыруы немен түсіндіріледі?
№4 зертханалық жұмыс
Беттестіру әдісін тәжірибелік түрде тексеру. Жұмыстың мақсаты: кезекпе-кезек есептеу әдісін зерттеу.
Жалпы мәліметтер Кезекпе-кезек есептеу әдісі былай тұжырымдалады: кез-келген тармақтағы тоқ әрбір жеке схеманың ЭКҚ шақыратын тоқтардың алгебралық қосындысына тең болады, бұл принцип барлық сызықты электр тізбектеріне сәйкес келеді:
Осы әдіспен тізбекиі есептегенде келесі шарттар орындалады:
Әрбір ЭҚК әсерінен пайда болатын тоқтарды ойша қалған схемаларды алып тастап отырып кезекпе-кезек есептейді;
Тармақтағы тоқтарды жеке-жеке алгебралық қосу арқылы табу.
Мысал ретінде 4.1(а)-суретінде көрсетілген схеманы қарастырамыз
а) б) в)
4.1-сурет. Кезекпе-кезек әдісі бойынша тоқтарды есептеу схемалары
Әр ЭҚК пайда болатын тоқтарды есептеу үшін схемалар құрамыз (4.1-б,в сурет). Тоқтарды есептеу үшін теңдеулер құрамыз.
Е1 ЭҚК тоқтары үшін:
Е3 ЭҚК тоқтары үшін:
Сонда тармақтағы дәл тармақтар тең болады:
I1 = I1’ + I1’’, I2 = I2’ -I2’’, I3 = I3’ + I3’’ .