НҰСҚаулары 2 ru посудомоечная машина инструкция по эксплуатации 22 мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата15.03.2017
өлшемі1,28 Mb.
#9548
түріНұсқаулар
1   2   3

ҚАЗАҚ

11

8. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

1. Су құятын шүмекті ашыңыз.

2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/

сөндіру түймешігін басыңыз.

Құрылғының бағдарлама таңдау

режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Тұз индикаторы қосулы тұрса,

тұз сауытын толтырыңыз.

• Шайғыш зат индикаторы қосулы

тұрса, шайғыш зат үлестіргішін

толтырыңыз.

3. Себеттерді толтырыңыз.

4. Бағдарламаны салынған заттар

мен олардың ластану деңгейіне

қарай дұрыс орнатыңыз да, іске

қосыңыз.


8.1 Жуғыш затты қолдану

30

20

A

B

D

C

20

30

B

A

D

C

1. (B) босату түймешігін басып,

қақпақты (C) ашыңыз.



2. Ұнтақ немесе таблетка түріндегі

жуғыш құралды (A) бөлігіне

салыңыз.

3. Егер бағдарламаның алдын ала

жуу циклі бар болса, (D) бөлігіне

жуғыш заттан аздап салыңыз.

4. Қақпақшаны жабыңыз. Босату

түймешігінің бекіту қалпына

қойылғанына көз жеткізіңіз.

8.2 Аралас жуғыш

таблеткаларды қолдану

Тұз және шайғыш заты бар

таблеткаларды қолданғанда, тұз

сауыты мен шайғыш зат сауытын

толтырмаңыз.



1. Су жұмсартқышты ең төмен мәнге

қойыңыз.


2. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін

ең төмен мәнге қойыңыз.



8.3 Бағдарламаны орнату

және бастау

Бағдарламаны бастау

1. Құрылғының есігін ашып қойыңыз.

2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/

сөндіру түймешігін басыңыз.

Құрылғының бағдарлама таңдау

режимінде тұрғанына көз жеткізіңіз.



3. Бағдарлама түймешігін

таңдағыңыз келген бағдарламаның

индикаторы жанғанша қайта-қайта

басыңыз.


4. Бағдарламаны бастау үшін

құрылғының есігін жабыңыз.

Кешіктіріп бастау функциясы

бар бағдарламаны бастау



1. Бағдарламаны орнатыңыз.

2. Delay түймешігін бағдарламаны 3

сағатқа кешіктіріп бастау үшін

басыңыз.

 индикаторы жанады.



3. Кері санақты бастау үшін

құрылғының есігін жабыңыз.

Кері санақ аяқталған кезде,

бағдарлама басталады.



www.electrolux.com

12

Құрылғы жұмыс істеп тұрған

кезде есікті ашу

Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде

есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Бұл

қуатты пайдалануға және

бағдарламаның ұзақтығына әсер етуі

мүмкін. Есікті жапқаннан кейін,

құрылғы тоқтаған жерінен бастап

жұмыс істейді.

«Кешіктіріп бастау»

функциясын болдырмау

Бағдарлама түймешігін құрылғы

бағдарламаны таңдау режиміне

қойылғанша басып ұстап тұрыңыз.

Кешіктіріп бастау функциясын біржола

тоқтатқан кезде бағдарламаны қайта

орнату керек.

Бағдарламаны біржола

тоқтату

Бағдарлама түймешігін құрылғы



бағдарламаны таңдау режиміне

қойылғанша басып ұстап тұрыңыз.

Жаңа бағдарламаны бастар алдында,

жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың

бар екеніне көз жеткізіңіз.

Бағдарламаның аяқталуы

Бағдарлама аяқталған кезде 

индикаторы жанады.



1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/өшіру

түймешігін басыңыз.



2. Судың шүмегін жабыңыз.

Құрылғыны 5 минут ішінде

сөндірмесеңіз, барлық

индикаторлар сөнеді. Бұл

электр қуатын аз тұтынуға

көмектеседі.



9. АҚЫЛ-КЕҢЕС

9.1 Жалпы

Келесі ақыл-кеңестер күнделікті

қолдану барысында кептіріп және

тазалаған кезде жақсы нәтижелерге

қол жеткізуге, сондай-ақ, қоршаған

ортаны қорғауға көмектеседі.

• Ыдыстарға жабысқан тағамның

үлкенірек қалдықтарын алып,

қоқысқа салыңыз.

• Ыдысты алдын ала қолмен

шаймаңыз. Егер қажет болса,

алдын ала жуу бағдарламасын

(егер бар болса) қолданыңыз

немесе алдын ала жуу циклі бар

бағдарламаны таңдаңыз.

• Себеттердің ішіндегі орынды үнемі

толық пайдаланыңыз.

• Құрылғыға зат салған кезде,

бүріккіштен шыққан судың

ыдыстардың барлығына толық

жетіп және оларды жуа алатынына

көз жеткізіңіз. Заттардың бір-біріне

тимей немесе бірін бірі далдалап

тұрмағанына көз жеткізіңіз.

• Ыдыс жуғыш машинаға арналған

жуғыш, шайғыш құралды және

тұзды бөлек пайдалануға немесе

аралас таблеткаларды пайдалануға

болады (мысалы, "3in1'', ''4in1'', ''All

in 1''). Орамында көрсетілген

нұсқауларды орындаңыз.

• Бағдарламаны салынған заттар

мен олардың ластану деңгейіне

қарай орнатыңыз. ECO

бағдарламасын пайдаланып

қалыпты кірлеген ас үй құралдары

және ыдыс-аяқты жуғанда, су мен

қуат барынша тиімді жұмсалады.



9.2 Тұз, шайғыш зат және

жуғыш затты пайдалану

• Тек ыдыс жуғыш машинаға

арналған тұзды, шайғыш және

жуғыш затты пайдаланыңыз. Басқа

ҚАЗАҚ

13


өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі

мүмкін.


• Аралас таблеткалар судың

кермектігі 21 °dH болатын аймақтар

үшін жарамды. Осы шектен асатын

аймақтарда шайғыш зат пен тұзды

аралас таблеткалармен бірге

пайдалану керек. Дегенмен суы

кермек және өте кермек аймақтарда

жуу және кептіру нәтижесі барынша

жақсы болуы үшін жеке жуғыш,

(қосымша функциялары жоқ

ұнтақты, гельді, таблеткаларды)

шайғыш затты және тұзды жеке-

жеке пайдаланыңыз.

• Жуғыш таблеткалар қысқа

бағдарламаларда әбден ерімейді.

Жуғыш заттардың қалдықтары

ыдыстарға тұрып қалмас үшін

жуғыш таблеткаларды

пайдаланғанда ұзақ

бағдарламаларды қолдануды

ұсынамыз.

• Жуғыш затты қажетті мөлшерден

артық пайдаланбаңыз. Жуғыш

заттың орамындағы нұсқауларды

қараңыз.

9.3 Жуғыш таблеткаларды

пайдалануды тоқтатқыңыз

келсе

Жуғыш затты, тұзды және шайғыш



заттарды жеке-жеке пайдалану

алдында келесі әрекетті орындаңыз.



1. Су жұмсартқыштың ең жоғары

деңгейін орнатыңыз.



2. Тұз және шайғыш зат

сауыттарының толы екеніне көз

жеткізіңіз.

3. Шаю циклы бар ең қысқа

бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш

зат қоспаңыз және себеттерді

толтырмаңыз.



4. Бағдарлама аяқталған кезде, су

жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі

судың кермектігіне қойыңыз.

5. Шайғыш заттың қосылатын

мөлшерін реттеңіз.



6. Шайғыш зат үлестіргішін белсенді

күйге көшіріңіз.



9.4 Себеттерді толтыру

• Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада

жууға болатын заттарды жуу үшін

ғана қолданыңыз.

• Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы

және мыстан жасалған заттарды

құрылғыға салмаңыз.

• Құрылғыға су сіңіретін заттарды

(жөке, ас үй шүберектері)

салмаңыз.

• Ыдыстарға жабысқан тағамның

үлкенірек қалдықтарын алып,

қоқысқа салыңыз.

• Заттарға күйіп жабысқан

қалдықтарды жібітіңіз.

• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы,

кесе, стакан және кәстрөл) аузын

төмен қаратып салыңыз.

• Стакандарды бір-біріне тигізбей

салыңыз.


• Ас құралдары мен кішкене

заттарды ас құралдары себетіне

салыңыз.

• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке

салыңыз. Заттарды жылжып

кетпейтін етіп салыңыз.

• Бағдарламаны бастамай тұрып,

бүріккіш түтіктердің еркін айнала

алатынына көз жеткізіңіз.

9.5 Бағдарламаны бастау

алдында


Мынаны ескеріңіз:

• Сүзгілердің таза екенін және

орнатылып тұрғанын.

• Тұз сауытының қақпағының мықтап

жабылғанын.

• Бүріккіш түтіктердің бітеліп

қалмағанын.

• Кір жуғыш машина тұзы мен

шайғыш заттың (егер аралас

таблетканы қолданбасаңыз) бар

екенін.

• Заттардың себеттерге дұрыс



салынғанын.

• Бағдарламаның салынған ыдыстың

түріне және ластану дәрежесіне сай

екенін.


• Жуғыш зат дұрыс мөлшерде

қолданылғанын.



www.electrolux.com

14

9.6 Себеттерді босату

1. Ыдыстарды суытып алғаннан кейін

ғана құрылғыдан алыңыз. Ыстық

заттар осал келеді.

2. Әуелі астыңғы себеттегі, содан

кейін үстіңгі себеттегі заттарды

алыңыз.

Бағдарламаның соңында



құрылғының

қабырғаларындағы және

есігіндегі су ыстық болып

тұруы мүмкін.



10. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

НАЗАРЫҢЫЗДА

БОЛСЫН!

Құрылғыны жөндеу

алдында электр желісінен

ағытыңыз және ашасын

розеткадан суырыңыз.

Қоқыс тұрған сүзгілер мен

бүріккіш түтіктер жуу

нәтижесін төмендетеді.

Уақытылы тексеріп, қажет

болса тазалаңыз.



10.1 Сүзгілерді тазалау

Сүзгі жүйесі 3 бөліктен тұрады.



C

B

A

1. Сүзгіні (B) сағат тілінің бағытына

қарсы бұрап алыңыз.



2. (C) сүзгісін (B) сүзгісінен алыңыз. 

3. Жалпақ сүзгіні (A) алыңыз.

4. Сүзгілерді жуыңыз.

5. Зумпф сорғышының ішінде немесе

айналасында ешбір тағам

қалдығыңың немесе қоқыстың жоқ

екеніне көз жеткізіңіз.



6. Жалпақ сүзгіні орнына (A)

қойыңыз. Оның 2 бағыттағыштың

астына дұрыс орнатылғанына көз

жеткізіңіз.



ҚАЗАҚ

15

7. (B) және (C) сүзгілерін

құрастырыңыз.



8. (B) сүзгісін (A) сүзгісіне салыңыз.

Сырт етіп орнына түскенше сағат

тілінің бағытымен бұраңыз.

САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ

ЕСКЕРТУ!

Сүзгілер дұрыс салынбаса,

жуу нәтижесі

қанағаттанғысыз болуы

және құрылғыға нұқсан

келуі мүмкін.



10.2 Бүріккіш түтіктерді

тазалау


Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.

Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп

қалса, қалдықтарды жіңішке

шырпымен тазалаңыз.



10.3 Сыртын тазалау

• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ

шүберекпен тазалаңыз.

• Тек бейтарап тазартқыш заттарды

қолданыңыз.

• Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені

немесе еріткіштерді

пайдаланбаңыз.



10.4 Ішін тазалау

• Құрылғыны мұқият тазалаңыз,

соның ішінде есіктің резеңке

тығыздағышын жұмсақ, дымқыл

шүберекпен сүртіңіз.

• Егер қысқа бағдарламаларды жиі

пайдалансаңыз, құрылғының ішінде

май немесе әк жиналып қалуы

мүмкін. Бұндай жағдайдың алдын

алу үшін ұзақ бағдарламаларды

айына кем дегенде 2 рет қосып

орындауды ұсынамыз.

• Құрылғының барынша жақсы жұмыс

істеуін қамтамасыз ету үшін ыдыс

жуғыш машиналарға арналған

арнайы жуғыш затты ай сайын

қолдануды ұсынамыз. Өнімдердің

орамындағы нұсқауларды мұқият

орындаңыз.

11. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

Егер құрылғы іске қосылмаса немесе

жұмыс істеп тұрып тоқтап қалса,

уәкілетті қызмет көрсету орталығына

хабарласпай тұрып, мәселені

кестедегі ақпараттың көмегімен өзіңіз

шешіп көруге тырысыңыз.

НАЗАРЫҢЫЗДА

БОЛСЫН!

Дұрыс жөндемеген

жағдайда пайдаланушы

қатерлі жағдайға тап

болуы мүмкін. Кез келген

жөндеу жұмысын тек білікті

маман ғана іске асыруға

тиіс.


Кейбір ақаулықтарда аяқтау

индикаторы жыпылықтап, ақау барын

көрсетеді.

www.electrolux.com

16


Мәселелердің көпшілігін Уәкілетті

қызмет көрсету орталығына

хабарласпай-ақ жөндеуге болады.

Ақау және ескерту коды

Мүмкін себептері және шешетін жолдары

Құрылғыны іске қоса алмадыңыз. • Ашаның розеткаға қосылғанына көз

жеткізіңіз.

• Сақтандырғыш қорабындағы еш

сақтандырғышқа зақым келмегеніне көз

жеткізіңіз.

Бағдарлама басталмай тұр.

• Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз

жеткізіңіз.

• Егер кешіктіріп бастау функциясы

орнатылып тұрса, оны ажыратыңыз

немесе кері санақ аяқталғанша күтіңіз.

• Құрылғы су жұмсартқыштың ішіндегі

шайырды қайта толтыру үдерісін бастап

кеткен. Бұл үдерістің ұзақтығы шамамен

5 минут.


Ыдыс жуғыш машинаға су

құйылмай тұр.

• "Соңы" индикаторы 1 рет

жыпылықтайды.

• Дыбыстық сигнал 1 рет

естіледі.

• Су шүмегінің ашық тұрғанына көз

жеткізіңіз.

• Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың

қысымының өте төмен емес екеніне көз

жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су

ресурстары мекемесіне хабарласып

алыңыз.

• Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз



жеткізіңіз.

• Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп

қалмағанына көз жеткізіңіз.

• Су құятын түтіктің бұратылып немесе

майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.

Құрылғы суы сарқылмай тұр.

• "Соңы" индикаторы 2 рет ара-

тұра жыпылықтайды.

• Дыбыстық сигнал 2 рет ара-

тұра естіледі.

• Раковина түтікшесінің бітеліп

қалмағанына көз жеткізіңіз.

• Су төгетін түтіктің бұратылып немесе

майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.

Тасқынға қарсы құрал қосулы.

• "Соңы" индикаторы 3 рет ара-

тұра жыпылықтайды.

• Дыбыстық сигнал 3 рет ара-

тұра естіледі.

• Судың шүмегін жабыңыз да, уәкілетті

қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

Жұмыс барысында құрылғы көп

рет тоқтап және қайта іске

қосылады.

• Бұл қалыпты жағдай. Бұл оңтайлы жуу

нәтижесіне қол жеткізуге көмектеседі

және қуатты үнемдейді.



ҚАЗАҚ

17

Ақау және ескерту коды

Мүмкін себептері және шешетін жолдары

Бағдарлама өте ұзаққа созылады. • Егер кешіктіріп бастау функциясы

орнатылып тұрса, кешіктіру функциясын

ажыратыңыз немесе кері санақ

аяқталғанша күтіңіз.

Құрылғының есігінен сәл су

жылыстап ағады.

• Құрылғы деңгейленген жоқ. Өзгермелі

аяқтарын (егер бар болса) босатыңыз

немесе қатайтыңыз.

• Құрылғының есігі науаның ортасына

қарай орнатылмаған. Артқы аяғын (егер

бар болса) реттеңіз.

Құрылғының есігін жабу қиын.

• Құрылғы деңгейленген жоқ. Өзгермелі

аяқтарын (егер бар болса) босатыңыз

немесе қатайтыңыз.

• Ыдыстардың кей бөліктері себеттерден

шығып тұр.

Құрылғының ішінен гүрілдеген/

тарсылдаған дыбыс шығады.

• Ыдыстар себеттерге дұрыс салынбаған.

Себеттерді толтыру парақшасын

қараңыз.


• Бүріккіш түтіктердің еркін айнала

алатынына көз жеткізіңіз.

Құрылғы айырып-қосқышты іске

қосып жібереді.

• Ампер қуаты пайдаланылып тұрған

құрылғылардың барлығына бірдей

жеткілікті емес. Розетканың ампер

қуатын және өлшегіштің мүмкіндігін

тексеріңіз немесе пайдаланылып тұрған

құрылғылардың бірін сөндіріңіз.

• Құрылғының ішкі электр жүйесінде ақау

бар. Уәкілетті қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

Басқа ықтимал себептерді 



"Ең алғаш пайдалану

алдында""Әркүндік

пайдалану" немесе 

"Ақыл-кеңес"

тарауларынан қараңыз.

Құрылғыны тексеріп болғаннан кейін,

сөндіріп де, қайта қосыңыз. Ақаулық

қайта пайда болса, уәкілетті қызмет

көрсету орталығына хабарласыңыз.

Кестеде көрсетілмеген ақау кодтары

пайда болса, уәкілетті қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

11.1 Жуу және құрғату нәтижелері қанағаттанарлықтай емес

Ақаулық

Мүмкін себептері және шешетін жолдары

Жуу нәтижелері

қанағаттанарлық емес.

• "Күнделікті қолдану""Ақыл-кеңес" тарауын

және себетті толтыру парақшасын қараңыз.

• Қарқыны барынша жоғары бағдарламаларды

пайдаланыңыз.

www.electrolux.com

18


Ақаулық

Мүмкін себептері және шешетін жолдары

Кептіру нәтижелері

қанағаттанарлық емес.

• Жабық тұрған құрылғының ішіне ыдыс өте ұзақ

уақыт қалдырылған.

• Шайғыш зат жоқ немесе шайғыш затты үлестіру

мөлшері жеткіліксіз. Шайғыш зат үлестіргішті ең

жоғары деңгейге қойыңыз.

• Пластик заттарды сүлгімен құрғату қажет болуы

мүмкін.


• Біз шайғыш затты әрқашан пайдалануды, тіпті

аралас таблеткалармен бірге қолдануды

ұсынамыз.

Стакандар мен ыдыстарда

ақ жолақтар немесе көк

дақтар пайда болған.

• Шайғыш зат тым көп мөлшерде қосылған.

Шайғыш заттың деңгейін ең төменгі деңгейге

қойыңыз.

• Жуғыш зат тым көп мөлшерде салынған.

Стакандар мен ыдыстарда

дақтар және кепкен су

тамшылары қалған.

• Шайғыш зат жеткіліксіз мөлшерде үлестірілген.

Шайғыш заттың деңгейін ең жоғары деңгейге

қойыңыз.


• Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты

болуы мүмкін.

Ыдыс-аяқ кеппеген.

• Бұл бағдарламаның кептіру режимі жоқ немесе

кептіру режимінің температурасы төмен.

• Шайғыш зат үлестіргіші босап қалған.

• Бұл шайғыш заттың сапасына байланысты

болуы мүмкін.

• Бұл жуғыш таблеткалардың сапасына

байланысты болуы мүмкін. Басқа түрін

қолданыңыз немесе шайғыш зат үлестіргішті

қосып, шайғыш зат пен жуғыш таблеткаларды

бірге пайдаланыңыз.

Құрылғының ішкі жағы

дымқыл.

• Бұл құрылғының ақауы емес, бұл қабырғаларда



конденсат пайда болуға әкелген ауаның

ылғалдылығына байланысты.

Жуған кезде әдеттегіден

тыс көпіршік пайда

болады.

• Ыдыс жуғыш машиналарға арналған жуу затты



ғана пайдаланыңыз.

• Шайғыш зат диспенсерінен су ағады. Уәкілетті

қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Ас құралдарын тот басқан. • Жуу үшін пайдаланған судың құрамында өте көп

тұз бар. "Су жұмсартқышты орнату" тарауын

қараңыз.


• Күміс және болаттан жасалған ас үй құралдары

бірге салынған. Күміс және болаттан жасалған

ас үй құралдарын бірге салмаңыз.

ҚАЗАҚ

19


Ақаулық

Мүмкін себептері және шешетін жолдары

Бағдарлама соңында

жуғыш зат үлестіргіште

жуғыш заттың қалдықтары

қалады.

• Жуғыш зат үлестіргішке жуғыш таблетка



кептеліп қалған, сондықтан оны су толығымен

шайып кетіре алмаған.

• Су жуғыш зат үлестіргіштен жуғыш таблетканы

шайып кетіре алмайды. Бүріккіш түтіктің бітеліп

немесе кептеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.

• Себеттердегі заттардың жуғыш зат үлестіргіштің

қақпағын ашуға кедергі жасамай тұрғанына көз

жеткізіңіз.

Құрылғының ішінде иіс

бар.


• "Құрылғының ішін тазалау" тарауын қараңыз.

Ыдыстарға, науаға және

есіктің ішіне әк қалдықтары

тұрып қалған.

• "Су жұмсартқышты орнату" тарауын қараңыз.

Ыдыстардың түстері

көмескі, өңдері кеткен.

• Құрылғыда тек ыдыс жуғыш машинаға төзімді

ыдыстарды ғана жуыңыз.

• Себеттерді абайлап толтырып, абайлап

босатыңыз. Себеттерді толтыру парақшасын

қараңыз.


• Осал заттарды үстіңгі себетке салыңыз.

Басқа ықтимал себептерді 



"Ең алғаш пайдалану

алдында""Әркүндік

пайдалану" немесе 

"Ақыл-кеңес"

тарауларынан қараңыз.



12. ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

Өлшемдері

Ені / биіктігі / тереңдігі

(мм)


596 / 818 - 898 / 555

Электртоғына қосу 1)

Кернеу (В)

220 - 240

Жиілік (Гц)

50

Құйылатын судың



қысымы

Ең аз / ең көп (МПа)

0.5 (0.05) / 8 (0.8)

Сумен жабдықтау

Суық су немесе ыстық

су2)

ең көбі 60 °C

Сыйымдылығы

Орын параметрлері

13

Қуат тұтынуы



Қосулы режим (Вт)

0.50


www.electrolux.com

20

Қуат тұтынуы

Сөндіру режимі (Вт)

0.50

1) Басқа мәндерді техникалық ақпарат тақтайшасынан қараңыз.



2) Егер ыстық су басқа қуат көздерінен (мысалы, күн батареясы, желдің қуаты)

алынса, тұтыну қуатын азайту үшін ыстық суды қолданыңыз.



13. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР

Белгі   салынған материалдарды

қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.

Орам материалдарын қайта өңдеуден

өткізу үшін тиісті контейнерлерге

салыңыз. Электрлік және

электроникалық құрылғылардың

қалдығын қайта өңдеуден өткізу

арқылы, қоршаған ортаға және

адамның денсаулығына зиын

келтіретін жағдайларға жол бермеуге

өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі 

салынған құрылғыларды тұрмыстық

қалдықтармен бірге тастамаңыз.

Өнімді жергілікті қайта өңдеу

орталығына өткізіңіз немесе жергілікті

мекемеге хабарласыңыз.

ҚАЗАҚ

21


СОДЕРЖАНИЕ

1. СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ...............................................23

2. УКАЗАНИЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ................................................................. 25

3. ОПИСАНИЕ ИЗДЕЛИЯ...................................................................................26

4. ПАНЕЛЬ УПРАВЛЕНИЯ................................................................................. 27

5. ПРОГРАММЫ.................................................................................................. 27



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет