Электр жүктемесінің есебі
Электр жүктемелері ток өткізгіш элементтерді (шиналарды, кабельдерді, сымдарды), күштік трансформаторды және өткізу қабілетін (қыздыру) түрлендіргішті таңдау мен тексеруді, кернеудің шығынын, тербелісін және ауытқуын есептеуді, қорғанысты таңдау мен компенсациялық жабдықты анықтайды. Жүктеме қосалқы станцияға қосылған барлық электр қабылдағыштардың тұтынылатын және жоғалған қуатын анықтайды. Электр қабылдағыштардың жұмыс режимі оның мақсаты мен қолданылуына байланысты. Жылдың әрбір айында, тәуліктің кез келген сағатында өзгерістер тұрақты бола алмайды. Олардың тұтынылатын электр қуаты да өзгереді.
Электр станциясының жүктемесі электрмен жабдықтау жүйесінің барлық элементтерін таңдаумен анықталады: электр беру желілері, аудандық трансферттік.С., беру жүйелері. Сондықтан электр жүктемесін дұрыс анықтау Электр желілерін жобалау және пайдалану кезінде шешуші фактор болып табылады.
Қосалкы станция трансформаторлардың ТДН-10000 жүктелу көрсеткіштері
Т1=10000кВА; S1=7700кВА; Р1=6460кВт, Т2=10000кВА ; S2=5300кВА ; Р2=4720кВт,
Sмак= S1+ S2=7700+5300=13000кВА ; Рмак= Р1+ Р2=11180кВт.
Максимальді реактивті қуатты анықтау
Qmax=Pmax *tgφ, (1.1)
мұндағы Рmах - максимальді тұтынатын қуат.
Qmах = 11180• 0,445 = 4975,1(кВар).
Толық максимальді қуатты анықтау
S= Pmах /cos =11180/0,86=13000кВА. (1.2)
Біздің мәліметтер бойынша 2007 жылы қ.с. « Бақбақты » жалпы жүктелуі 10510 кВА болған, ал 2008 жылы оның жүктелуі 13000 кВА жетті. Қазіргі жағдайда қосалқы станцияның жүктелуі 12%-ке жүктеліп келеді. Яғни алдағы жоспар бойынша 2010 жылы жүктелуі 15400 кВА дейін жетеді, ал 2012 жылы ол асқын жүктеле жүмыс істейді, яғни жүктелуі 20200кВА. Сондықтан жедел түрде 2015 жылға дейін 16000 кВА 2 трансформатор алған жөн болады . Электр жүктемесінің күнделікті графигі 1.2 суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |