География
Нұсқаулық: Контекстті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.
Литосфералық тақталар
Соңғы кезде ғалымдардың арасында Жердің литосфера қабаты орасан зор қатты тақталардан тұрады деген пікір кеңінен таралған. Бұл пікір бойынша, Жер бетіндегі материктер маңайындағы мұхит алқаптарымен қоса ірі тақталарды құрайды. Мәселен, Еуразия тақтасына осы материкпен бірге Атлант мұхитының солтүстік- шығысы мен Солтүстік мұзды мұхиттың үлкен бөлігі кіреді. Африка тақтасы Атлант мұхиты мен Үнді мұхитының іргелес бөліктерін қамтиды.Тек Тынық мұхит пен Наска тақталары ғана жеке дара мұхитты алып жатыр.
1. Тек қана мұхитты алып жатырған литосфералық тақта:
А) Еуразия тақтасы
В) Солтүстік Америка тақтасы
С) Наска тақтасы
Д) Үнді-Аустралия тақтасы
Е) Африка тақтасы
2. Континенттік дрейф гипотезасын ұсынған ғалым
А) А.Вегенер
В) Ф.Геблер
С) В.Докучаев
Д) В.Обручев
Е) Н.Вавилов
3. Мұхит түбінің кеңеюі
А) Платформа
В) Қалқан
С) Спрединг
Д) Субдукция
Е) Коллизия
4. Сібір платформасында кездесетін қалқан:
А) Балқан
В) Канада
С) Анабар
Д) Митчелл
Е) Альпі
Атмосфера
Ежелгі гректер Жерді қоршап тұрған қабатты атмосфера деп атаған. Атмосфера-ғарыштық кеңістікпен шектесіп, Жер өсімен бірге айналатын планетамыздың жеңіл газ қабығы. Атмосфераның құрылысы тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера сияқты бірнеше қабаттардан тұрады. Әртүрлі биіктікте ауаның мөлшері бірдей емес. Оның температурасы, тығыздығы, құрамындағы газ және судың мөлшері бойынша айырмашылығы бар. Атмосфераның жер бетіне жақын орналасқан төменгі қабаты - тропосфера. Атмосфера күн сәулесінің энергиясын көп мөлшерде және еркін өткізетіндіктен жер беті жылынады.
Жер бетінің қызуынан бөлінген жылу тропосфераға берілгендіктен, тропосфераның төменгі қабатының температурасы жоғары болып келеді. Қабаттағы ауа температурасы әрбір километрге көтерілген сайын 6 градусқа төмендейді.
5. Ауаның құрамдас бөліктерін зерттеді:
А) Ломоносов
В) Гумбольт
С) Менделеев
Д) Леруа
Е) Лавуазье
6. Тропосферада сұйық және қатты күйінде кездесетін ауаның бөліктері:
А) Аэрозолдар
В) Мезосфера
С) Фен
Д) Бриз
Е) Озон
7. Озон көп тараған қабат:
А) Тропосфера
В) Стратосфера
С) Мезосфера
Д) Термосфера
Е) Экзосфера
8. Жер бетіндегі ауа температурасы 60С болса, 2000 м биіктіктегі температура мөлшері:
А) 00С
В) -120С
С) 60С
Д) -60С
Е) 120С
Жауаптары:
1 – С
2 – А
3 – С
4 – С
5 – Е
6 – А
7 – В
8 – Д
Достарыңызбен бөлісу: |