МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ НУО КАЗАХСТАНСКО РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ l с ]
[
0
( 7 )
Универсал сахариметрдің СУ-2(СУ-3) принциптік схемасы 10-суретте көрсетілген.
Жарықтың сәулесі көзден 1 светофильтрге 2 түседі, сонан соң Николь өтеді-поляризатор 3, әрі
қарай сәуленің жолына бикварцтық 4 пластина орнатылған, солға және оңға айналатын
кварцтардан тұратын жарты дөңгелек элементтерден тұрады. Құрамдас пластиналардың
жабыстырылатын орны көру өрісінің ортасынан вертикаль бағытта өтеді. Бикварц пластинаның
қалыңдығы, олардың жартыларымен поляризация жазықтықтарының бұрылуы, бір-бірімен
салыстырғанда 5
0
-7
0
болатындай орналастырылады.
Сонан соң сәуленің жолына орнатылған:
5-зерттелетін сұйықтыққа арналған кювета,
6-солға айналатын кристалдан тұратын қозғалмалы кварц (сына),
7-қарама- қарсы шыны сына.
8-оңға бұрылатын кварцтан тұратын қозғалмайтын сына,
9-анализатор,
10-4 бикварцтық пластинаға фокусталған көру трубасы.
Поляризация жазықтығының 5 кюветадағы оптикалық актив заттан болатын бұрылуы,
қозғалмалы 6 кварц сынамен компенсацияланады.
Сынаның орын ауыстыру мәні зерттелетін ерітіндінің поляризация жазықтығының бұрылуын
анықтайтын шкала бойынша есептеледі. СУ-2 сахариметрде халықаралық (
S 0
) қант шкаласы
қолданылғанын байқаймыз. 100
0
S мәні 34.62 дөңгелекті градусқа сәйкес келеді.
Өлшеу шегі-400 тан+1000S (’’+’’-оңға бұрылу, ’’-’’-солға бұрылу). Есептеу дәлдігі мониус
көмегімен 0,10 S.
Приборлардың николь-анализаторы есептеу шкаласының дөңгелек нониусымен
байланысқан, олармен зерттелетін оптикалық актив заттардың поляризация жазықтығының
бұрылу шамасы анықталады.
10-сурет. СУ-2 универсал сахариметрдің жалпы түрі
1-жарықтандырғыш; 2-поляризатор камерасы; 3-зерттелетін қант ерітіндісі бар түтікшелерді
орналастыруға арналған камера; 4-жартылай көлеңкелі анализаторы бар камера; 5-сыналардың
ығысуын есептеуге арналған окуляр (пластинаның қалыңдығы); 6-поляризатор арқылы өтетін
сәулелерді бақылауға арналған окуляр; 7-бұрылуымен окулярдың бикварц пластинаға
фокусталуын жүзеге асыратын вентиль; 8-айнымалы пластинаның қалыңдығын өзгертуге
арналған тұтқа.