Нуо казахстанско-российский



бет2/2
Дата15.04.2023
өлшемі36,9 Kb.
#82967
1   2
Байланысты:
Асқорыту практика

Қуыстық

Қабырғалықе(мембраналық)



Қуыстық ас қорьтту ұйқы безі, ішек бездері сөлдерінің, еттің құрамындағы ферменттердің әрекетімен ішек қуысында жүреді. Бұл процестің нәтижесінде ірі молекулалы қосылыстар әр түрлі олигомерлерге — жай пептидтерге, дисахаридтерге және моноглицеридтерге бөлшектеніп, одан әрі мономерлерге — қарапайым соңғы өнімдерге дейін ыдырайды.



Мембраналық ас қорыту процесі ішектің кілегей қабығының құрылымдық ерекшелерінің нәтижесінде атқарылады. Ішектің кілегей қабығының ішкі бетіңде бүрлер мен микробүрлер болатынын баяндап өткенбіз. Осы құрылымдарды көмкеріп тұратын мембрана құрамында күрделі ферменттік жүйе болады, сонымен қатар мембрана беткейіне ішек қуысынан да ферменттер тұтылады. Алдын ала ішек қуысында өңделген қоректік заттар молекуласы ішек қабырғасымен жанасқан кезде оларға микробүрлер тұтқан, не олардың мембранасы құрамына енген ферменттер әсер етіп, толық қорыту (ыдырату) процестерін жүргізеді. Бұл процесс гликокалис (шырышты тор) қабатында, мембрана беткейінде және микробүрлер мембранасының өзінде атқарылады. Соңцықтан да ас қорытудың бұл кезеңін жанаспалы, немесе қабырға беткейіндік, ас қорыту деп те атайды. Сонымен, мембраналық ас қорыту процесін не химус құрамынан тұтылған ферменттер (α-амилаза, дисахаридаза, аминопептидаза, сілтілік фосфатаза т.б.) жүргізеді. 



Орындаған студент: Күмісбек Бағдат
Тобы: 205А факультет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет