Нуо казахстанско


Бүйректегі зат алмасуының ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата02.12.2022
өлшемі1,17 Mb.
#54407
1   2   3   4
Байланысты:
11 Биохимия

Бүйректегі зат алмасуының ерекшелігі
Энергия алмасуы. Бүйректе өтетін биохимиялық және 
физиологиялық процестер энергияның көп мөлшерін жұмсау 
арқылы жүреді. Тыныштық күйде адамның жұтатын оттегінің 
8-10% бүйректегі тотығу процестеріне қолданылады. Басқа 
мүшелермен салыстырғанда бүйрек энергияны көп қажет 
етеді. Бүйректің қыртысты қабатында зат алмасудың аэробты 
түрі, ал милы қабатында анаэробты процестер өтеді. Бүйрек 
ферменттерге бай: ЛДГ, АлАТ, АсАТ, ГлуДГ және тек бүйрек 
ғана креатин синтезін бастапқы кезеңін катализдейтін глицин-
аминдинотрансфераза (трансмидиназа)ферменттері болады.


Көмірсу алмасуы. Бүйректе глюкозаның аэробты алмасуы өтеді, 
бүйректегі барлық оттегінің 13-25% аэробты алмасуға қатысады. 60 
% глюкоза CO2 және H2O дейін ыдыратады. Қалғандары милы 
бөлігінде лактатқа ыдырап. Глюкоза – бүйректе ПФЖ-мен ыдырап, 
НАДФН2 және пентозалар түзеді. Олар май қышқылдарының, 
холестериннің , НҚ синтезіне жұмсалады.
Липидтер метаболизмі. ¼ құрғақ заттары майлардан тұрады. 
Оның 58%-і ФЛ және холестерин, 15%-і бейтарап майлар. Липолиз, 
липогенез, ЖМҚ және глицериннің тотығуы жүреді. ФЛ және ТАГ 
синтезделіп, олар тек бүйрекке ғана емес, қан айналымына түсіп, 
басқа мүшелердің мұқтаждығына жұмсалады. Бүйрекке келіп 
түскен ЖМҚ- көпшілігі липогенезге жұмсалады. 


Белок алмасуы. Ламинин және энтактин бүйрек 
шумақтарының базалдық мембранасының ерекше белоктары. 
Ламинин базальді мембранада коллагеннің IV-типімен, 
гепаринмен, интегринмен, энтантинмен байланысады. Базальді 
мембрана сондықтан, гломерулярлы сүзгіні қамтамасыыз етеді. 
Гепарин теріс зарядты болғандықтан, теріс зарядталған 
альбуминдерді гломерулярлы саңылаулардан өткізбейді. 
Сондықтанда альбумин несепте болмайды. Глобулиндердің өлшемі 
саңылаудан үлкен болғандықтан, олар да өте алмайды. 
Гломерулярлы мембраналар зақымдалған кезде ақуыздар несепте 
пайда болып, протеинурия дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет