«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Осыған қарап, әңгіме болып отырған жер аты қалмақ тілінен
ауысқан десек те теріс бола алмас еді. Өйткені бұл да түркі
тілдерімен тектес. Алайда, тіл деректерін тексере түссек, мынандай
мәліметтерге тап боламыз. Тува тілінде (бұл түркі тобына жатады):
«Боралдыр» сөзі қазіргі біздің тіліміздегі «күлгін» деген түстін
сипатын білдіреді. Егер жусан
өсімдігін көргендерін болса, оның
кейбірінің «күлгін» түсті болатындығын білесіндер. Осы түстес өсімдік
қана емес, құс болса да осындай меншіктенетін мына бір дерек
анықтай түседі. Түркі тілінде «борулдай» сөзі «күлгін түсті құс» деген
мағына береді. Сөйтіп бұл сөздің түп - төркіні түркі тілдері екен.
Дегерес-Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы өлкелерде ұшырасатын жер
атауы, осы атаудың шыққан тегі , төркіні
туралы пікір айтушылар не
«дегерес» сөзінің мағынасын манғолдың «тау теке» ұғымын беретін
«дзер герес» тіркесінен пайда болған деп жорамал жасайды. Маңғол
тілі сөздігін түзе қарап шыққанда мынаны байқадық. Осы тіркестегі
«Гороос» (авторша айтсақ - герес) сөзі «ешкі» немесе «теке» ұғымын
ғана береді деу қиын емес. Сондай-ақ тіркестері көрсеткен екі сөздің
алғашқысы – «дзор» автор көрсеткен сөздікте кездеспейді де. Осы
себептерден де бұл жорамалды жөн көрмедім.
Екінші бір автор
«дегерес» сөзінің төркіні түркі тілдеріндегі «тегер» («дөңгелек,
шеңбер» мағынасын беретін) сөзімен байланыстырады да, оған – ес
жұрнағы қосылған деп келте қайырады. Бұл да шындыққа онша
жанаса бермейді.
Біздің байқауымызша «дегерес» - жоғары жер атауына негіз болған
моңғол сөзі: дігуур – жоғары, түсті; дээгуур жоғарғы , үстінгі болса
керек. Сонымен қатар қалмақ тілінде де «деерэс» немесе «деегур»
тұлғалары біздің тіліміздегі «үсті, жоғары жақ» мағыналарына ие.
Моңғол тілінде көптікті білдіретін мұндай мғынаны «дэгэре»
сөзі де
бере алатынын ескерпекпіз. Міне осы тұлғаға моңғол тілінде көптікті
білдіретін - с жұрнағын қоссақ, қалмақ тіліндегі «деерэс» сөзіндегі «Г»
дыбысы түсірілген десек, біздегі «дегерес» сөзімен тұлғаластық заңды
түрде туып тұр.
Егер жер бедерін ой, қыр
немесе жазық тау деп бөлсек, ой мен
жазық әдетте төменгі жақ, ал қыр мен тау – үстінгі , жоғарғы жақ
болып та аталатынын ескерсек, біздегі «дегерес» пен моңғол тіліндегі
«дэгэрэ» , не қалмақтардағы айқын көрініп тұр.
20