Нуржанова Эльвира Сейткаримовна



бет3/3
Дата30.11.2022
өлшемі0,74 Mb.
#53979
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
alyptastyrushy-baalau-damytu-raly

Кері байланыс беру
Кері байланыс сабақтың əр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім
алушылармен үздіксіз өзара əрекет етуін жүзеге асыруға, нəтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты əрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді.
Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:
• білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі;
• тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбауы;
• білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беруі;
• кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету,келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға ақылың қалай жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбауы ұсынылады.
Қажет болған жағдайда кері байланыс ауызша, жазбаша, графикалық немесе кез келген басқа түрде берілуі мүмкін. Аталған үдеріс құжаттаманы қажет етпейді.
Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау
Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы маңызды кезеңдердің бірі – білім алушылар жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасау. Қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне талдау жасау білім алушыларда кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын алу шаралары туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Мысалы, тексерілген жұмыстардың нәтижесіне талдау жасау:
• белгілі бір тапсырмалар қиындық тудыратын балалар тобын;
• бөлім, тақырыптар бойынша қиындықтар туындайтын жеке білім алушыларды;
• білім алушылар үшін аса күрделі, қиын сұрақтар, тапсырмалар,тақырыптарды айқындап береді.
Нәтижелерге талдау жасау мұғалімдердің тәжірибесіне оң әсер етуі үшін:
• әрекет ету мен шешімді талап ететін нақты, маңызды, тәжірибелік бағыттағы мәселелерді анықтау;
• орындалған тапсырмалар мен нақты мақсаттарға жету үшін талдау жүргізу;
• талдауда дәйектерді, дәлелдерді негізге алу;


ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының деңгейлік бағдарламасы глоссарийі: оқу-әдістемелік құрал. Астана: «Назарбаев Зиякерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2012.
2. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал. / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова,Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен. – Астана: «Назарбаев Зиякерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 48 б.
Оқушылармен жұмыс барысы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет