Нуржанова Р.М.
«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы
Қостанай облысы бойынша
ПҚ БАИ МДБОТТ
кафедрасының аға оқытушысы
Мәтінмен жұмыс жасауда
оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Оқушының сөйлеу дағдысы бір күнде қалыптасатын дағды емес. Бұл педагогтің қажырлы еңбегі мен білім алушының уәжіне байланысты іске асатын жұмыс. Педагог оқу үрдісінде қай пән болмасын тұрақты түрде мәтінмен жұмыс жасайды. Мәтіннің тақырыбы мәтінде айтылатын негізгі нәрсені қамтиды. Мәтіннің ұсынылу мақсатына, көтерген мәселесіне, жанрына қарап не туралы ой қозғалатынын айтуға болады. Мәтінмен жұмыс жасаудағы негізгі мақсаттардың бірі – білім алушыны сөйлеуге, яғни оның айтар ойын нақты жеткізе білуге үйрету. Оқушының өз ойын нақты, толық жеткізу үшін сөйлеу дағдысын қалыптастыру бастауыш сыныптан басталады. Ал оны дұрыс қалыптастыратын педагог. Оқу үрдісінде басқалармен қарым-қатынас жасау барысында ойды сыртқа шығару үрдісі, айтар ойын екінші біреуге ауызша ұғынықты түрде жеткізе білуі, қойылған сауалға жауап қайтаруы, пікірін білдіруі, айтуы. Мәтінмен жұмыс бірнеше жұмысты қатар атқаруды талап етеді. Оның тиімділігі қандай? Алдымен не үшін оқу қажеттігін анықтау қажет. Өйткені мәтінді оқу әр түрлі мақсатта жүргізіледі, нәтижесі де әр алуан. Соған сай мәтін мағынасын ұғындыруға байланысты жұмыстар ұйымдастырылады. Ұйымдастырылатын жұмыстардың барлығы дерлік сөйлеу әрекеттерімен байланысты. Оқушының мәтін мағынасын түсінуі түрлі деңгейде болады. Бірі - айтып бере алатын болса, екіншісі – жалпы түсініп, негізгісін айтып бере алады. Үшіншісі егжей –тегжейлі толық түсініп, терең ұғынғанын көрсете алады. Бұлардың барлығы да сөйлеу әрекеті арқылы өтеді. Білім алушы сол арқылы өмірге қажетті дағдыны игереді. Мәтінді терең түсінген білім алушы оған логикалық талдау жасай алады. Оның барлығы сөйлеу түрлерімен жеткізіледі. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес қазақ тілі бағдарламасына шолу жасаған кезде мына жағдайды аңғаруға болады:
қарым-қатынас жасаудың түрлерін мақсатты түрде қолдануға, ойын жинақтауға, ауызша немесе жазбаша мәтіндерге сүйене отырып, өзіндік пайымдау жасауға үйрету. [1, 4-бет]
«Қазақ тілі» пәнінен тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
1) тыңдауға, мазмұнын түсінуге түрлі стилдегі мәтіндерді ұсыну;
2) мәтінді қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;
3) тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;
4) тыңдалған мәтін бойынша жоспар құру;
5) тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;
6) тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу;
7) тыңдалған мәтінді өз қиялымен өзгертіп аяқтау;
8) тыңдалған мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;
9) ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;
10) жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру;
11) топта/жұптамәтінді жазуға дайындалу (мысалы, «бірлесіп оқу» және «Бірлесіп жазу»);
12) берілген тақырып бойынша диалог құрастыру. [1, 6-7 бет]
Мәтінмен жұмыс барысында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру арқылы көптеген жұмыстар жүргізіледі. Мысалы, мәтіналды жүргізілетін жұмыста тақырыбы бойынша мазмұнын анықтау, уәжделген сұрақтар, миға шабуыл болса, мәтінді оқу кезінде белгілей отырып оқу, мәтіндегі оқиғаның бірізділігін ашатын диаграммаларды толтыру, идеялар кәрзеңкесін толтыру, мәтінді оқыған соң атқарылатын жұмыстар барысында негізгі идеяны, ақпарат ойын бөліп алу, оқиға мен құбылыстардың себеп-салдарлық өзара байланысын анықтау, ақпараттың сенімділігі, жаңашылдығы мен маңыздылығына баға. Аталғандардың барлығы да сөйлеу әрекетімен тығыз байланысты.
Сөйлеу дағдысын қалыптастыру маңызды үрдіс, ол білім алушының оқу дәрежесінің көрсеткіші. Ауызша сөйлеуге дағдыландыру – білім алушының танымдық ойлау қабілетін кеңейтіп жетілдіреді. Осыған орай төменде берілген стратегиялардың тиімділігін айта кетуге болады:
1.
|
Джигсо
|
Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді. [2]
|
2.
|
Сұхбат
|
Сұхбат – пікірталас, әңгімелесу. Өзіне қажетті мәліметтерді маңызды деген оқиғаға қатысып, ондағы деректермен және өзге де мәліметтермен танысып, әрі адамдармен сөйлесе келе жинақтайды. Сұхбат жанры негізінен көркемдік бейнелеуші құралдарды сөзбен, диалогпен бірлікте көркемдеп отырады.
|
3.
|
Рөлдік ойындар
|
Рөлдік ойын — біріккен топтық ойын, мұндай ойынға қатысушылар әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындайды (әлеуметтік рөл): анасының, әкесінің, тәрбиешінің, дәрігердің, оқушының т.с.с.
|
4.
|
Суретті толықтыру
|
Толықтыру принципі - микрообъектіні сипаттайтын бір физикалық шама туралы эксперименттік хабар алудың, біріншіні толықтыратын басқа шама туралы хабардың жоғалуымен кайтсе де байланыстылығы туралы кванттық механиканың жағдайы.
|
5.
|
Пікірталас
|
Пікірталас (дискуссия) өте ежелден белгілі, орта ғасырларда өте кең қолданылды (мысалы, пікірталас арқылы шындықты табу). Бұл әдістің негізгі қызметі белгілі бір мәселе бойынша көзқарастардың пікірталасы арқылы жаңа білімді игеру, өз пікірін бекіту болып табылады.
|
6.
|
Дебаттар
|
Ойында екі команда: ақтаушы және жақтаушы команда ойнайды. Форматтың басқа форматтардан негізгі айырмашылығы – бастапқы екі спикерге сөздерінен соң қарама-қарсы командадан сұрақ қойылады. Әр командада қарсыластың сөздерінен соң дайындалуға 8 минут уақыт беріледі. Олар сол 8 минутты раундтардың арасында рационалды бөлуі тиіс.
|
7.
|
Сипаттау
|
сипаттау мәтіні деген зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін.
|
Ұсынылған стратегиялар тек үлгі ретінде беріліп отыр. Бұл стратегиялардың сөйлеу әрекетін қалыптастырудағы тиімділігі бағдарламаға сай кез келген тақырыпта, кез келген сабақта жүргізуге болады. Сонымен қатар білім алушының сөйлеу дағдыларын, білім алушылардың өздеріне деген сенімділіктерін қалыптастыруға септігін тизігеді. Мәтінмен жұмыс жасауда ауызша сөйлеудің маңызы зор. Білім алушыны сөйлеуге үйрету үшін оқыту әдісі ситуативті әдіс болуы керек себебі: ситуативтілік сөйлеу әрекетінің табиғи қасиеті болып табылады.
Білім алушыларды сөйлеуге үйрету үшін мәтінмен жұмыста қажетті жағдаяттарды төмендегідей жағдайлармен беруге болады:
а) «көз алдыңа елестетіп көр», «осы жайлы қиялдап, ойыңдағыны айтып бер» деген сияқты т.б. тапсырмалар арқылы ситуациялар құру;
ә) белгілі бір жағдаятты бейнелейтін сурет немесе жағдаятты әрі қарай дамытатын, күшейтетін суреттер топтамасына қарап, соның көмегімен сөйлеу;
б) күнделікті өмірдегі болып жатқан жағдайға ұқсас нәрселерді сипаттау.
Мәтінмен жұмыс жасау барысында сөйлесімді қалыптастыру бей берекет болмайды, белгілі бір мақсатты көздейді. Адамдар қатысымға тек сұхбаттасу үшін түспейді, олар әрекет етеді. Олардың әрекет етуі, яғни сөйлеу әрекетінің мақсаттарын айқындап, сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз қандай да бір ашық (эксплицитті) немесе жасырын (имплицитті), кейде тіпті көмескі ниетпен сөйлеуші қашанда өз мақсатына жету үшін бір нәтижеге ұмтылады. [3, 47бет]
Мәтінмен жұмыс барысында оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру міндетті түрде сөйлесу, сұхбат құратын ортаға байланысты. Сөйлеу актісі кім (кімге) (нені) қандай тілдік бірліктерді қолдана отырып, (неге, не үшін) – қандай жағдайда- (қандай әсермен айту) факторларын есепке алады. [3, 48бет]
Мәтінмен жұмыста сөйлеу дағдысын қалыптастыру ауызша сөйлеумен тікелей байланысты. Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі — диалогтық сөйлеу. Диалогтық сөйлеу дегеніміз бір тақырып аясында екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Оқушы сөйлеумен қатар жанындағы адамның сөзін тыңдайды. Білім алушы мәтін мазмұнына сай талқылауға қатысып, өз ойын жеткізеді. Оқушылар мәтін мазмұнына қарай бір-бірінің ойын толықтыра отырып, өз ойларын айтады, дәлелдерін келтіреді. Диалогта қойылатын сұрақтар нақты, қысқа болады, жауаптары да қысқа келтіріледі. Мәтінмен жұмыстағы монологтық сөйлеу белгілі бір деңгейде дайындықты қажет етеді. Білім алушы өзінің сөздік қорына актив сөздермен қоса, пассив сөздерді де назарға алады.
Қорыта айтқанда, мәтінмен жұмыс жасауда білім алушының сөйлеу дағдысын толық қалыптастыруға болады. Педагог оқу үрдісінде оқушының тілек-ынтасын ескере отырып бағыттай білуі қажет. Оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, орынды ұйымдастырылған жұмыс өз нәтижесін береді.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптар үшін «Қазақ тілі» пәні бойынша үлігілік оқу бағдарламасы Астана, 2016
2. bankreferatov.kz Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
3. Ибраимова Ж.Т. Қатысымдық мағына негіздері оқу құралы Алматы, «Қазақ университеті» 2011
Достарыңызбен бөлісу: |