Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет142/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
126
мүшелердің артерияларына өтеді; 3) қақпалық вена жүйесіндегі эмбол бауыр 
қақпасының венасына жылжиды. Дегенмен, эмбол өзінің салмағының әсерінен 
қан ағысына кері бағытта жылжуы мүмкін (
ретроградты эмболия
). Мысалы, 
төменгі қуыс венадағы эмбол кері жылжып, бүйрек, бауыр, тіпті санның 
веналарына кетеді. Жүректің жүрекшеаралық немесе қарыншааралық 
пердесінде ақау болса, үлкен қанайналымы веналарындағы эмбол өкпеге өтпей, 
тікелей артериялық жүйеге өтеді (
парадоксты эмболия
). Эмболияның бұл 
түріне эмбол артерия-веналық анастомоз арқылы өткен микроэмболияны да 
жатқызуға болады. 
Даму механизмін тек қан тамыры саңылауын механикалық тұрғыдан бітеу деп 
пайымдау ағаттық. Эмболия кезіндегі ауыр зардапты дисциркуляциялық 
өзгерістердің дамуында негізгі магистрал қан тамырлары мен оның 
коллатеральдарының рефлекторлық спазмының маңызы зор. Артериялар 
спазмы жұп мүшелердің екеуіне (мысалы, бір бүйректің қан тамырының 
эмболиясы кезіндегі рено-ренальдық рефлекс, өкпе артериясының тромбылы 
эмболиясы кезіндегі пульмокоронарлық рефлекс) немесе басқа мүшелерге де 
қатысты болуы мүмкін. 
Эмбол жалғыз немесе өте көп болуы мүмкін. Эмболдың 
құрылымдық тегіне
қарай, эмболия: тромбылы эмболия, майлы, ауалы, газды, тінді (жасушалы), 
микробты, бөгде денелік түрлерге бөлінеді. 
Тромбылы эмболия
– эмболияның ең жиі түрі; оның даму негізі – үзілген 
тромб немесе оның бөлшектері (61-суретті қара). Үзілген тромбының да, 
бөлшектерінің де көлемі әртүрлі, яғни микроскоппен ғана көрінетін немесе 
ұзындығы бірнеше сантиметр болуы мүмкін. 
Егер үлкен қанайналымы венасындағы немесе жүректің оң жақ бөліміндегі 
тромб үзіліп, эмболға айналса, ол өкпе артериясының тармақтарына өтеді; 
сөйтіп, 
өкпе артериясының тромбылы эмболиясы
дамиды (61-суретті қара). 
Өкпе артериясының ұсақ тармақтарының тромбылы эмболиясы 
өкпеде 
геморрагиялы инфаркт
дамытса, ірі тармақтарындағы тромбылы эмболия 
кенет өлімге
себеп болады. Кейде кенет өлімнің себебі өкпе артериясы 
бағанының негізгі тармағының тұсында жайғасқан тромбылы эмбол болады. 
Өкпе артериясының тромбылы эмболиясы кезіндегі кенет өлім қан тамыры 
бітелгенде ғана дамымайды; оның басты себебі – пульмокоронарлық рефлекс. 
Ондайда, бронхы тармақтарында, өкпе артериясының тармақтары мен жүректің 
тәждік артериясында спазм байқалады. 
Тромбылық эмболдар үлкен қайналымына
, жоғарыда айтылғандай, сол жақ 
жүрек қақпақшалары жақтаушасындағы, сол жақ қарынша трабекулуларының 
арасындағы, сол жақ жүрекшедегі және жүрек, қолқа немесе басқа 
артериялардың аневризмасындағы тромбылардан туындайды. Ондай жағдайда, 
бірқатар мүшелердегі инфарктіге себеп болатын тромбэмболиялық синдром 
дамиды («
Тромбозды
» 
қара
). 
Майлы эмболияның
даму негізі – май тамшылары. Әдетте, ол денедегі май. 
Венаға түскен май тамшылары өкпенің капиллярларын бітейді немесе одан 
өтіп, бүйрек шумақтары капиллярларының, мидың, ж.б. да мүшелердің артерия-
веналық анастомоздарына жетеді (61-суретті қара). Майлы эмболия дамыған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет