Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Қызыл ноқталық нефрит дамыған бүйрек



Pdf көрінісі
бет370/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   832
Байланысты:
струков патан

179-сурет. Қызыл ноқталық нефрит дамыған бүйрек. 
180-сурет. Қызыл ноқталық нефрит:
а — кариорексис, гиалинді тромб (гистологиялық бейнесі); б — 
субэпителийлік және мезангийлік иммундық кешен (ИК), подоциттің (Пд) деструкциясы. БМ — базал 
мембрана, МезЖ — мезангийлік жасуша. 10 000. 
Қызыл ноқтамен сырқаттардың 
буындары
да зақымдалады, бірақ олардың 
сиқы сирек бұзылады. Буындар бүлінген жүйелік қызыл ноқта ревматоидтық 
артритке 
ұқсайды: 
гистологиялық 
тәсілмен 
зерттегенде 
синовийлік 
қабықшаларға макрофагтар мен плазмалы жасушалардың шоғырланғаны, 
буындардың бүрлері шорланып, васкулит дамығаны анықталады. Буынның 
төңірегіндегі тіндер мукоидты, фибриноидты ісініп, шорлы аймақтар пайда 
болады. 
Беттің терісі 
ноқта

тәріздене зақымдалады. Өйткені екі бет бірдей қызарып, 
қабыршықтанады да, ол жерлерді кеңсірік арқылы өткен қызыл жолақ 
жалғастырып тұрады 
(көбелек пішіні)
. Ауру өршіп, меңдегенде дененің басқа 
жерлері де бөртеді. Уақыт өте келе бөртпелік дақтар қоңыр реңденеді. Ауру 
жедел ағымды болса, тері су сіңіп ісінеді, капиллярит дамиды, артериололарда 
фибриноидтық өзгерістер, тіпті некроз өрістейді. Үдеріс бәсеңдей келе қан 
тамырларының қабырғалары мен төңірегіне лимфоциттер мен макрофагтар 
жиналады. Сөйтіп, бет терісі шорланып, қасаңданады (гиперкератоз), ондағы 
тер мен май бездері семіп, түктері түгел түсіп қалады. 
Асқыну зардаптары
. Бұл аурудың ең қауіпті зардабы бүйректің 
зақымдалуымен байланысты, өйткені қызыл ноқталық нефриттің салдарынан 
бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі дамиды. Гормондармен тым пәрменді 
емдегенде, кейде іріңді және сепсистік үдерістер және «стероидтық» туберкулез 
қосарланады, ішкі секреция бездерінің жұмысы бұзылады. 
Сырқат адамдар көбіне бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінен және сепсис 
немесе туберкулез сияқты инфекциялардан өледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет