эпителий метаплазияланып ,
қалыпты құрылымынан таяды . Асқазанның қатпарлары өзгеріп, ішек бүрлеріне ұқсайтын болады.
Қатпарлар жиегі эпителиоциттермен, бокалша тәрізді жасушалармен және
Пинет жасушаларымен астарланады. Мұндай өзгерістер беткейлік
эпителийдің ішектәріздене метаплазиялануы немесе
кілегейлік қабықшаның «энтеролизациясы» деп аталады. Бездердің негізгі, қосымша және париетал
жасушалары жойылып, асқазан қалтқысына (руlorus) тән текше жасушалар
пайда болып, псевдопилорустық (жалғанқалтқылық) бездер қалыптасады.
Метаплазияға
дисплазия қосарланып, оның айқындығы әртүрлі болады.
Кілегейлі қабықша шамалап (
орташа атрофиялы гастрит ) немесе тым (
айқын атрофиялы гастрит
өзгеруі мүмкін.
Гипертрофиялы гастриттің ерекше нысаны —
алып гипертрофиялы гастрит, яғни Менетрие ауруы ; онда кілегейлі қабықша тым қалыңдап, «тас төселген» көше сияқты
ірі бұдырлы болады. Бездің эпителийі мен өздері көбейіп, кілегейлі қабықшаны
лимфоциттер, эпителиоидтық жасушалар мен алып жасушалар жайлайды. Бездер мен
интерстиций өзгерісінің арақатынасына және пролиферациялық үдерістің қарқынына
қарай, бұл ауру
безді, интерстицийлік және
пролиферациялы варианттарға жіктеледі.
Қабыну үдерісінің карқыны тұрғысынан, созылмалы гастритті
белсенді (жеделденген) және
бәсең (ремиссия) нысандарға жіктеуге болады. Созылмалы
гастрит асқынған кезде асқазанның стромасы су сіңіп ісініп, қан толады, онда
нейтрофил лейкоциттер мен басқа да жасушалар көбейеді; кейде крипт-
абсцестер мен эрозиялар пайда болады. Гастрит бәсеңдесе, бұл өзгерістер
байқалмайды.
Созылмалы гастрит жеңіл, орташа және ауыр
дәрежелі болады.
Сонымен, созылмалы гастриттің бейнесі тек қабыну үдерісінің сипатына ғана
емес,
эпителий регенерациясының кемеліне жетпей қалуы және әдеттегі
қалпынан («профилінен») тайып ,
метаплазиялануы сияқты кілегейлі
қабықшада өрістеген адаптациялық-регенерациялық үдерістерге де негізделген.
Созылмалы
гастритте
эпителийдің
регенерациясы
бұрмаланатынын
гастробиоптат алып, электрондық микроскоппен зерттегендегі деректер
растайды. Қалыпты жағдайда асқазан шұңқырлары мен бездерінің мойнының
терең бөлімдерінде ғана жайғасатын, толыспаған жасушалар созылмалы гастрит
кезінде асқазан бүрлерінде, бездердің негізгі бөлігі мен түбінде де пайда
болады. Жетілмеген жасушалар мезгілінен бұрын семе бастайды. Бұл кілегейлі
қабықшаның жаңару барысында бездегі эпителийдің көбеюі мен жетілуі