Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет8/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
16
Екінші басылымына алғы сөз 
Оқулықтың бұрынғы құрылысы екінші басылымында сақталып, ол да 
жалпыпатологиялық анатомия (жалпы патология) және жеке аурулар 
патологиялық анатомиясы бөлімдерінен құрылған. Бірінші бөлімді барлық 
факультеттің студенттері оқуға тиіс. Екінші бөлімде барлық факультеттердің 
студенттеріне арналған тараулармен қатар, педиатрия («Балалық шақ 
аурулары»), санитарлық-гигиеналық («Кәсіптік аурулар»), стоматология («Тіс 
пен жақ жүйесі және ауыз қуысы мүшелерінің аурулары») факультеттерінің 
студенттеріне арналған тараулар бар. 
Бірінші басылымы жарық көргеннен бері жалпы және жеке аурулар 
патологиясы салаларында пайда болған жаңа деректер мен концепцияларды 
ескере отырып, оқулықтың бірсыпыра тараулары едәуір өңделген («Қабыну», 
«Ісіктер», «Тынысалу мүшелерінің аурулары», «Тіс пен жақ жүйесі және ауыз 
қуысы мүшелерінің аурулары») немесе толықтырылған («Иммунпатологиялық 
үдерістер», «Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары», «Ревматизмдік аурулар», 
«Асқазанның аурулары», «Бүйрек аурулары», «Балалық шақ аурулары»). 
Оқулықтағы суреттердің біразының сапасы жақсартылған. 
Оқуылықта адам организмінде байқалатын патологиялық үдерістер мен 
аурулардың морфологиясы түрлі құрылымдық деңгейлерді (макроскопиялық, 
жарық оптикасы, ультрақұрылымдық) қамти сипатталып, әртүрлі зерттеу 
тәсілдері (гисто- және цитохимия, иммундық люминесценция, электрондық 
микроскоп, радиоавтография) арқылы жинақталған деректер негізінде берілген. 
Оқулық патологиялық анатомияның КСРО Денсаулық сақтау Министрлігінің 
білім беру мекемелері Бас басқармасы бекіткен жаңа бағдарламаға сәйкес 
құрастырылған және медицина институттарының барлық факультеттерінің 
студенттеріне арналған.
КСРО МҒА-ның академигі профессор А.И.Струков 
КСРО МҒА-ның корр-мүшесі профессор В.В.Серов




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет