Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет826/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   822   823   824   825   826   827   828   829   ...   832
Байланысты:
струков патан

ГЛОССИТ 
Глоссит
– тілдің қабынуы; сирек байқалады. Глоссит те, хейлит сияқты 
дербес ауру ретінде немесе ауыз қуысының шырышты қабықшасындағы 
зақымдармен сабақтасып дамиды. 
Ағымына
қарай, ол да жедел, созылмалы, 
асқынулы созылмалы болады. 
Клиника
-
морфологиялық
тұрғыдан, глоссит: 
десквамациялы, яғни эксфолияциялы («географиялық тіл»), және ромбтәрізді 
глоссит деп 2 нысанға бөлінеді. 
Десквамациялы (эксфолияциялы) глоссит
сирек байқалады; кейбір отбасына 
тән. Тілдің эпителийі сыдырылған жердің бейнесі үнемі өзгеріп отырады 

географиялық тіл
»). Кейде тіл қатпарлы болады. 
Ромбтәрізді глоссит
– созылмалы ауру; тілдің бүртіктері толық немесе 
жартылай жойылып, кей жерлеріне жаңа бүртіктер өсіп, ромб тәрізді немесе 


Нуржігіт Алтынбеков 
647
сопақша пішінді құрылымдар қалытасады; әдетте, бұндай өзгеріске тілдің
бүрлі жүлгісінің алдынғы жағындағы орталық сызықтың маңы ұшырайды 
(«орталығы индурациялы глоссит»). 
Себебі белгісіз
. Кейбір зерттеушілер 
глосситтің бұл нысанын аномалияға жатқызады; ауыз қуысындағы 
микрофлораның әсері де жоққа шығарылмайды. 
СТОМАТИТ 
Стоматит
– ауыз қуысының шырышты қабықшасының қабынуы; жиі 
байқалады. Ұрттың, ауыз түбінің, таңдайдың қатты және жұмсақ бөлімдерінің 
шырышты қабықшасы дербес те, қызылиекпен, тілмен, кейде ерінмен 
сабақтасып та зақымдалады. 
Стоматит дербес ауру ретінде де, басқа аурулардың бір нышаны немесе 
салдары ретінде де дамиды. Дербес ауру ретінде ол бірнеше клиника-
морфологиялық нысанға жіктеледі. 
Даму
себебіне
қарай, стоматит мына топтарға жіктелген: 1) жарақаттық 
(механикалық, химиялық, оның ішінде дәрі-дәрмектік, сәулелік, т.с.с.); 2) 
инфекциялық (вирустық, бактериялық, оның ішінде туберкулездік, сифилистік, 
микоздық, т.с.с.) ; 3) аллергиялық; 4) экзогендік (кәсіптік) улардың әсерінен 
дамитын стоматит; 5) әртүрлі соматикалық аурулардан және заталмасулық 
үдерісімен байланысты аурулардан (эндокриндік, асқорыту және жүрек-тамыр 
жүйелерінің аурулары, ревматизмдік аурулар, гипо- және гипервитаминоздар, 
т.б.) дамитын стоматит; 6) дерматоздық стоматиттер (күлдіреуік, Дюрингтің 
герпестәрізді дерматиті, қызыл түсті жайпақ теміретке, т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   822   823   824   825   826   827   828   829   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет