Нуржігіт Алтынбеков кк –жауабы. «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің



Pdf көрінісі
бет3/50
Дата14.12.2022
өлшемі0,83 Mb.
#57398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Мейіргерлік 
үрдіс 
және 
мейіргерлік 
күтімнің 
жоспары. 
Мақсаты: Пациент ағзасының негізгі қажеттілігін қанағаттандырудағы тәуелсіздігін қолдау 
және 
қалпына 
келтіру 
мақсатында 
мейіргерлік 
үрдісті 
құру. 


Нуржігіт Алтынбеков 
Міндеті: Білім алушыларға мейіргерлік үрдіс түсінігін, әр кезеңнін жүзеге асырылуын 
түсіндіру. 
Мейірбикелік үрдіс – мейірбике мен пациент қарым-қатынасында күтім көрсету мақсатында 
туындайтын мәселелер жағдайын анықтайтын жүйелі жолы болып табылатын мейірбикелік 
машықтанудың ғылыми әдісі. 
Мейірбикелік үрдістің мақсаты пациент ағзасының негізгі қажеттілігін қанағаттандырудағы 
тәуелсіздігін қолдау және қалпына келтіру болып табылады. 
Мейірбикелік үрдістің мақсатына жету келесі мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады: 
- Пациент туралы ақпараттар базасын құру 
- Мейірбикелік күтім көрсетудегі пациенттің қажеттілігін анықтау 
- Мейірбикелік қызмет көрсетудегі маңыздылығын көрсету 
- Күтім жоспарын құру, яғни мейірбикелік күтімді тікелей және жанама 
көрсетіп отыру 
- Пациентті күту және күтім көрсетудегі мақсатқа жетудегі нәтижесін 
бағалау. 
Мейірбикелік үрдісті жүзеге асыру үшін мейірбике білуі қажет: 
• әртүрлі аурулардың қауіп факторларын, клиникалық көріністерін, асқынуларын, алдын 
алуды; 
• шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету шараларын
• ішкі мүшелер аурулары кезіндегі науқастардың мәселелерін, мейірбикелік үрдістің мәнін. 
Мейірбике істей білуі қажет: 
• мейірбикелік үрдіс бойынша науқастардың мейірбикелік күтімін ұйымдастыруды; 
• емдеу-диагностикалық және алдын алу шараларын жүргізу кезінде жауапкершілікті 
аткаруды; 
• алғашқы медициналық көмекті көрсетуді; жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізуді, 
паллиативті көмек көрсетуді; 
• күтім мен өзін-өзі күту сұрақтары бойынша науқасты және туыстарын үйрету; 
• кәсіптік қызмет барысында науқастармен, әріптестермен қарым-қатынаста болу. 
2. «Мейірбикелік диагноз» , пациенттердің басым және ықтимал проблемалары, мейіргерлік 
аурулар тарихын толтыру ерекшеліктері. 
Пациентің мәселелерін және осы мәселелерді тудыратын факторларын диагностикалау болып 
табылады. Пациенттің айқын (қазіргі уақыттағы) және потенциалдық (кейін болып қалу 
мүмкін) мәнбірлері мейірбике күту жоспарына енгізіледі. Бұл мәселелерді мейірбикелік 
диагнозы деп атайды, сондықтан бұл мейірбикелік үрдісінің екінші кезеңі болып саналады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет