Нуржігіт Алтынбеков
23.Нечипоренко бойынша зерттеу үшін зәр жинау.зерттеу мақсаты
НЕЧИПОРЕНКО ӘДІСІМЕН ЗӘРДІ ЖИНАУ
Мақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер,
лейкоциттер, цилиндрлер).
Қолдану көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында).
Әзірле: сыйымдылығы 100-200 мл, қақпағы бар, 1 рет қолданылатын, залалсыздандырылған
контейнерді, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімше, палата №,
науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, медбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.
2. Қолыңызды антисептикпен тазартып, қолғапты киіңіз.
3. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз.
4. Науқас зәрдің бірінші порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр
шығаруды ұстап тұруы қажет.
5. Контейнерге 50 мл мөлшерінде зәрдің ортаңғы бөлігін жинаңыз.
6. Жиналған зәрді зертханаға апарыңыз.
7. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: