Нуржігт Алтынбеков Аралық бақылау №1 Қазіргі эпидемиологияның анықтамасы және құрылымы


Дезинсекция, анықтау, оны жүргізу тәсілдері мен құралдары



Pdf көрінісі
бет36/54
Дата04.03.2023
өлшемі0,58 Mb.
#71492
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54
Байланысты:
Íóðæ³ãò Àëòûíáåêîâ Àðàëû? áà?ûëàó ¹1 ?àç³ðã³ ýïèäåìèîëîãèÿíû? àí

31. Дезинсекция, анықтау, оны жүргізу тәсілдері мен құралдары.  
«Des» – теріс, қарсы, «insectum» - жәндік мағынаны білдіреді. Дезинсекция – 
инфекциялы ауруларды тарататын және адамға зиянкестік тигізетін буынаяқтыларды 
жою. Кең мағынада дезинсекция - адам, тұрғын үй мен табиғат аймақтарында 
буынаяқтыларды жоюға бағытталған шаралар. Буынаяқтыларды түбегейлі жою мүмкін 
болмағандықтан соңғы жылдары дезинсекцияның мақсаты - зиянды жәндіктердің санын 
санитарлықэпидемиологиялық қауіпсіз деңгейге дейін жою болып табылады. Жәндіктер 
орман және ауылшаруашылығына кері әсерін тигізеді, тағамдар, жиһаз бен үй 
құрылысының ағаш бөлшектеріне зиян келтіреді, бүлдіреді, жұқпалы аурулардың 
қоздырғыштарын тасымалдайды. Дезинсекция медициналық, ветеринарлық және 
ауылшаруашылық шараларына бөлінеді. Тәжірибеде буынаяқтыларды жою үшін түрлі 
әдістер мен тәсілдер қолданылады, олардың тиімділігі жәндіктердің биологиялық


Нуржігт Алтынбеков 
экологиялық, 
фенологиялық 
ерекшеліктерімен 
байланысты. 
Буынаяқтылардың 
құрылысын, тіршілігін және экологиясын энтомология ғылымы зерттейді. Медициналық 
арахноэнтомология – медициналық маңызы бар буынаяқтылар типінің биологиясы, даму 
кезеңдері, құрылысы, экологиясы туралы ғылым. Медициналық дезинсекция 
трансмиссивті ифекциялардың, яғни буынаяқтылар арқылы таралатын жұқпалы аурулар 
эпидемиологиясымен тығыз байланысты. Жұқпалы ауруларды таратушы жәндіктерді 
зерттеу, олармен күресу шараларын, жою әдістерін СЭҚБ энтомолог мамандары 
ұйымдастырады. Дезинсекция шаралары арнайы (маса, бит, бүрге, кене) және арнайы емес 
механикалық таратушыларға бағытталады (шыбын, шіркей, таракан, құмырсқа).
Дезинсекция шаралары 2 топқа бөлінеді:
1. Алдын алу дезинсекциясы. 
2. Жоятын дезинсекция.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет