Нуржігт Алтынбеков
осы қырына Л.В.Громашевский көп көңіл бөлген, ол табиғи және әлеуметтік факторларды
эпидемиялық процестің қосымша қозғаушы күштері деп санаған. Эпидемиялық процестің
даму барысы табиғи және әлеуметтік құбылыстардың әсерінен сандық және сапалық
жағынан өзгереді.
Эпидемиялық ошақ-бұл инфекция көзі орналасқан орын және оның маңайындағы аумақ.
Осы шектелген аумақта нақты жағдайда науқас адамнан сау адамға қоздырғыш берілуі
мүмкін. Эпидемиялық ошақ эпидемиялық процестің бір бөлшегі болып келеді және де
эпидемиялық процестің таралуын бөгейтін орта болып табылады.Эпидемиялық ошақ
жанұялық,өндірістік немесе мекемелік болуы мүмкін. Инфекциялық ауру бір адамнан
екінші адамға жұғып отырса, инфекция айлап,жылдап жалғасын тауып отырады, таралу
жолын таппаса тоқтап қалады.
Эпидемиялық процесс сандық таралуына сәйкес 4түрлі болып келеді:
Спорадиялық,кездейсоқ,бірен саран сырқаттанушылықбір белгілі аймаққа тән, белгілі
сырқаттанушылық деңгейі, бір- бірімен байланысы жоқ инфекциялық ауру.
Өршу-шектелген аумақта,жеке ұжымда немесе ұжымдардағ ы топтарда бір мезгілде
адамдардың науқастануы.
Эпидемия -инфекциялық аурулардың бүкіл халық,үлкен аймақ,қала,ауда н ішінде жаппай
науқастануы.
Пандемия -инфекциялы қ аурудың жаппай, елден елге таралуы.
Табиғи ошақ болу үшін 3шарт болу қажет: 1Қоздырғыш паразит 2 Қабылдағыш хайуанат
популяциясы 3 Қоздырғышты тасымалдаушылап(кене,бүрге, маса түрлері). Осы
факторлардың бір бірімен қарым қатынасы «паразитарлық жүйе»деп аталады.Оны
Павловский табиғи ошақтың «үштігі»деп атады.
Достарыңызбен бөлісу: