Нуржігт Алтынбеков
Өсімдіктерден жасалған инсектицидтерді бит, бүрге, таракандарға қарсы бұрыннан
қолданып келеді. Пиретрум - көп жылдық түймедақ гүлдерін кептіріп жасалады, шыбын,
маса, кене, бит, бүргеге қарсы қолданылады. Пиретрумды уайт-спиртте немесе керосинде
тұндырып 0,06 % флицид түрінде қолданады. Синтетикалық пиретроидтар жәндіктердің
нерв жүйесін салға әкеліп соқтырады, аса улы емес, қазіргі кезде неопинапин, неопин,
неопинат кеңінен қолданылады. Керосин – тұнық сұйықтық, оның түсі тазалау сапасына
байланысты өзгереді. Тазаланған керосин суда ерімейтін, ақшыл тұнық сұйықтық, улы
заттарды еріту үшін қолданады немесе су қоймаларындағы масаның жұмыртқасы мен
дернәсілдеріне қарсы қолданылады. Хлорланған керосинді алу үшін 1 литр керосинге 50
гр хлор әгін қосып 6-7 сағат тұндырады, кейін сүзіп алып қолданады.
Ішек инсектицидтері жәндіктердің ішегіне түскенде ғана әсер етеді, сондықтан жалап-
кеміретін жәндіктерге қарсы (шыбын, таракан) және су қоймаларына шашу, себу үшін
қолданылады. Бор қышқылы – ақ түсті кристалды ұнтақ, суда жақсы ериді, таракан,
биттерге қарсы қолданылады. Таракандарға қарсы боракстан наннан улы жем
дайындайды: 3 шәй қасық бор қышқылын 1 стакан суға ерітіп нан батырып қояды. Бас
биттеріне қарсы 5% бор майын қолданады. Бура түссіз кристалл, тек ыстық суда ериді,
таракандарға қарсы қолданылады. Еліктіргіш дайындау үшін бураны табада қыздырып 1:1
қатынаста ұнмен немесе шекермен араластырады.
Натрий фториді ақ түсті ұнтақ, таракан мен құмырсқаларға қарсы қолданылады 50-80 %
приманка түрінде, жәндіктер 5-6 күннен кейін өледі. Бутадион – ақ түсті, әщі дәмді
синтетикалық дәрілік препарат. Бутадион 0,05 немесе 0,15 гр таблетка және ұнтақ түрінде
шығарылады. Бутадионды ішкенде 14 тәулік ішінде адамның қанында сақталады, қан
соратын бит, маса, кене, бүргелерге улы болады. Бөртпе сүзегі ошағында биттерге қарсы
қолданылады.
Фумиганттар – газ және бу түрінде болады, жәндіктердің тыныс алу жүйесі арқылы
түсіп әсер етеді. Фумиганттарға гексахлоран, ДДВФ, дихлорэтан, метилхлорид, нафталин,
күкірт ангидриді, метилбромид жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |