Нуркеева Аружан 19-08 Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет


Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері



бет4/6
Дата10.02.2023
өлшемі72,56 Kb.
#66958
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Нуркеева Аружан 19-08

4. Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері
• өтпелі экономиканың ерекшелігі сонда Қазақстан нарықтық экономикаға өтуді тұтастық шеңберінде, егемендікте және өз мемлекеттілігінде жүзеге асырды.
• нарықтық экономикаға өтуде Қазақстан алғашқы рет әлемдік практикада экономикалық жүйеден, жеке және аралас меншік түрінде негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырды. Әкімшілік-әміршілік экономикадан нарыққа өтудің халықаралық тәжірибеде Жапония мен Оңтүстік Кореядағы басқарудың әкімшілік-әміршілік элементін қолданғандығы қажет болды. Бірақ та әлемдік өркениеттің біздің ұлттық құндылығымыз бен дәстүрімізге сай болатындай тенденциясына бағыт ұсталды.
• Қазақстанның территориялық географиялық жағдайы - өркениеттіліктің батыс пен шығысты қосатын ерекше орны болып табылып, өтпелі кезеңдегі экономикаға айрықша әсер етеді.
• Қазақстан республикасындағы экономиканы реформалау созылған экономикалық дағдарыс жағдайында өтуде болды.
• өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі кен-байыту, металлургиялық, химиялық және химия – мұнай кәсіпорнынан тұрады. Ауыл шаруашылығында ірі кәсіпорындар – кеңшарлар көп болды. Республикада 2059-ға жетіп, барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорынның 75% құрады. Осындай ерекшеліктер жекешелендіру сипатына әсер етпей қоймады.


  1. Қазақстан – 2030 стратегиясының” басым бағыттары.

Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет