О. Б. Бермаханов филос.ғ. к., қауым профессор міндетін атқарушы



бет42/76
Дата07.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#19035
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76
Байланысты:
философия лекция

Пән оқытушылары:

О.Б.Бермаханов ____________филос.ғ.к., қауым.профессор міндетін атқарушы

Б.Қожамберлиев____________ филос.ғ.д., профессор

Ғ.Қ.Құлбашева____________ филос.ғ.к., доцент

Б.М.Әпенов ________________филос.ғ.к., аға оқытушы

А.Т.Абдираманова ___________ филос.ғ.к., қауым.профессор міндетін атқарушы

А.С.Жанбатыр ______________ магистр, аға оқытушы

Ж.О.Әбікенов_______________PhD, аға оқытушы

Ф.Б.Камалова ______________ PhD , ағаоқытушы


Дәріс сабағының кешені
Дәріс 1.2. Ойлау мәдениетінің пайда болуы.

Негізгі мақсаты: философия пәні туралы түсінік қалыптастыру, оның құрылымы мен атқаратын қызметі жөнінде студенттердің сауатын ашу.

Негізгі түсініктер: философия, мифология, агностицизм, метафизика, диалектика. брахманизм, джайнизм, буддизм, конфуции, даосизм.
1.Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия.

2.Философия – даналыққа құштарлық. Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері.

3.Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер шарты.

4.Шығыс философиясындағы сана мәселесі. Сана құрылымы. Бейсаналық, сана, санадан жоғары.

5.Көне Үнді философиясының ерекшеліктері. Үнді философиясындағы астика және настика мектептері.
Философия рухани мәдениеттің ең көне және адамзат ілімінің жауапты бөлімі. Оның тарихы 25 – ғасырға созылады, философия ежелгі шығыс (үнді қытай) елдерінде пайда болып өзінің класикалық деңгейінде ежелгі Греция еліне жетті. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде философия деген термен пайда болды, ғалымдардың ішінде өзін алғашқы философпын деп атаған грек математика ойшылы Пифагор ( б.э.д 580 -500). Ал ғылымның ерекше саласы деп философия терминін енгізген Платон 428 -347. Философия грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ежелгі дәуірде даналық бұл асқақтық мәні бар құбылыс. Философияның негізгі тақырыбы дүние және адам туралы. Алғашқы философтар универсалды энциклопедист ғалымдар мысалы: Фасель 624 – 547ж. ол ірі математик геометрия негізін қалағн астраном гидротехник болған ол тек философия проблемасымен айлалыспаған сонымен қатар физика медицина математика техника логика т.б. Алғашқы философтар өздерінің еңбектерінде мынадай сұрақтарға жауап іздеді: дүниенің мәні неде, дүниенің құрлымы, құрылыс неде, дүние шектеулі ме, әлде шексіз бе, жақсылық пен жамандық деген не?

Ежелгі дәуірде күні бүгінге дейін дүниетанымдық сұрақтарды негіздеу дүниетенымның негізгі принциптерін қалыптастыру философияның кәсіби ісі.

Фиолсофияның теориялық білімге және ерекшелігіне анықтаған философ ойшыл Аристотель б.э.д 384 – 322.

Философияның негізгі сұрағы дүниетанымдық сұрақтар 2000 ж.

өтсе де философия пәні туралы түсінік үнемі өзгеруде бірақта ол өзінің тұрақты түсінікте ойлар ерекшеліктерін сақтап қалды. Дүниетаным адамның дүниеге қатынасы бұл жерде эмоциальдық психологиялық және интелектуалдық факторлерге байланысты.

Дүниетаным адамның тәртібі мен қызметінің принциптерімен анықталды оның идеялары мен моральдық нормалары әлеуметтік және саяси аринтацияларын қалыптастырады.

Адамзаттың рухани даму тарихында дүниетанымның мынадай түрлерін ажыратамыз (мифология) діни философия. (өмірлік практикалық)

Ең алғашқы дүние танымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған : mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін нәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Философия дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Егер дін мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қарау негізінде дүниеге келді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, оны ғылымдардың ғылымы деп те атаған. Өйткені, ол кезде әлем туралы барлық алдыңғы қатарлы тұжырымдар мен пікірлер өз алдына ғылым ретінде дараланып, бөлінбеген соң, ол туралы пікірлерді философия өз бойына жинақтаған болатын. Сондықтан да философ әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті.

Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілім ретінде қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологияляқ жол сілтейтін әдістемелік рөл де атқаруда.

Философия пайда болғаннан бастап дүниені тұтас және бірліктегі құбылыс деп қарастырады дүниенің тұтастығын оның заңдарымен байланыстырады. Философия табиғаттын даму заманының қоғам және ойлау проблемаларын зерттейді қолданыста мынадай философиялық категорияны пайдаланады. Болмыс, сана, қозғалыс, шексіздік т.б. Философия дүниенің мәні және адам туралы білім «Дүние және адам» қарым қатынастарын зеттейді осы тұста болмыс және ойлау физикалық және психикалық материалдық және идеалдық рух және табиғат объективтік және субъективтік, яғни философия универсалды ілім.

Философияның негізгі сұрағының екі жағы бар:

Ең алғашқы материя және сана?

Дүниені тануға бола ма?

Философияда екі бағыт қалыптасты, материализм және идеализм.

Материализм бағытын ұстаушылар материя алғашқы санаға қарағанда ал идиализм сананы бірінші кезекке қояды.

Дүниені танылады деген философтар материалистер ал дүние танылмайды деген ілімнің өкілдері агностицизм философия тарихында материализм мынадай бағыттарын ажыратамыз:

1 Ежелгі ойшылдардың материализімі (Демокрит, Гераклит, Эпиркур).

2 Метафизикалық материализм (16 – 18ғасыр өкілдері Бэкон, Спиноза, Дидро т.б.)

3 Диалектикалық материализм.(К.Маркс Ф.Энгельс).

Идеализмнің екі негізгі түрін ажыратамыз.

1 Объективтік (Платон, Гегель, Неотомистер)

2 Субъективтік идеализм өкілдері ( Беркли, Юм, Мах, Экзистенциалистер).

Философияның тарихи 2 әдісі бар Диалектика және Метафизика диалектиканың негізгі принципі даму принципі және жалпылама байланыс принципі философияның екі функциясын ажыратамыз дүниетанымдық және методолоиялық.

Ақыр соңында, философтар әрбір тарихи кезеңдерде жеке – жеке емес, топ болып, кездейсоқ емес, белгілі қоғамдық заңдылықтарға сай дүниеге келген. Себеп олардың өмір талабы күн тәртібіне қойған сұрауларға жауап іздеуден туындағандығы.

Сонымен, философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой – санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой – пікірдің теориялық жиынтығы.

Философтар неге бір бағытта емес, мәселен математиктер, физиктер сияқты. Философтар материалист, идеалист, ал енді біреулері диалектик, анти диалектик, метафизик болып бөлінеді. Бұл неге байланысты, ол сана мен материя, болмыс пен рухани дүние, идея арақатынасын шешуден туындайды. Дүниеге көзқарас бойынша философтар басты екі лагерьге бөлінеді: материалист және идеалист. Материяны алғашқы дейтіндер материалисттер, ал сананың алғашқылығын мойындайтындар идеалистер. Материалистерге жататындар: демокрит, Эпикур, Лукреций Кар, Ф.Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза, Т.Гоббс, Дж. Локк, Д.Дидро, Л. Фейербах, К.Маркс.Идеалистерге: Сократ, Платон, Д.Юм, Дж.Беркли, Г.Лейбниц, И.Кант, Г.Гегель, Э.Мах, Р.Авенариус, Ф.Ницше және т.б. 


Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды:

• Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей алмайды.

• Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды.

• Ол дүниені тану әдістерін меңгереді.

Философия ойлау мектебі ретінде әрекет етеді. XVII ғасырдағы ағылшын философы Томас Гоббс:  «Философия сенің ойлауыңның жемісі болып табылады және сенің өзіңде өмір сүреді» деген тұжырымды бекерден-бекер жасамаған. Ол іштей әркімге тән. Өйткені жұмыр басты пенденің ешқайсысында өмірдің, азаттықтың әділеттілік пен мәңгіліктің мәні, мағынасы туралы ойлану құқығынан айыра алмайсың. Адамның ақыл-ой мәдениетінің негізінде нақ осы пайымдау жатыр.

Ұғымдар, категориялар мен ұстанымдарды пайдалана білу өнері – туа біткен қасиет емес. Сондай-ақ ол тек қана ойшылдардың артықшылығы және үлесі болып табылмайды, өйткені білімді, білімсіз, ақылды және ақымақ, жас және кемелденген адамның бәрі әр нәрсеге баға береді, ойланады. Алайда пайымдаулар мен дәлелдердің дәйектілігі, ақиқатты іздестірудегі дұрыс әдіс әркімге беріле бермейді. Бұл жерде логикалық ойлауға басымдылық берілгені жөн. Бұл, өз кезегінде, ойлау мектебі ретіндегі философияның алдыңғы дәрежелі рөлін растайды. Мәселе философияның зерделеу объектісі нақтылы зат емес, зат туралы ойлау, ұғымдар, пайымдар, ой қорытымдар және т.б. формасындағы (ал бұлардың көмегімен жекенің ғана емес, жекедегі жалпының да қасиеттері бейнеленеді) ойлау қызметінің заңдары екендігінде. Табиғаттың қоғамның және ойлаудың дамуының жалпы заңдары философияның пәні болып табылады. Ақыл немесе зият (интеллект) (лат. Intellectus) сөзі – зерделеу, түсіну, танып білу, пайымдау дегенді білдіреді. Бұл – сананың рационалды (пайымды және зерделі) ойлауға қабілеттілігін анықтайтын құрылымы. Ойлау адам санасының объективті дүниені ұғымдар, пайымдар, теориялар және т.б. арқылы бейнелеумен, әлдебір міндеттерді шешумен, шындықты тануды жалпылаумен және тәсілдеуімен байланысқан белсенді әрекеті болып табылады. Ойлау үдерісінің нәтижесі әрдайым қандай да бір ой болып табылады. Мәнді іздестірудің ерекше саласы ретінде философия ой формасында әрекет етеді. Ол ұғымдар мен категориялардағы таным болып табылады. Категориялар – бұл жалпыға ортақтық және қажеттілік мәртебесін иеленетін барынша жалпы ұғымдар. Ұғымдарды философиялық-логикалық қолдану қажетті байланыстар мен себептерге тәуелділікті анықтауға, кездейсоқтыққа толы өмірлік әсерлерді ретке келтіруге әкеледі.



Ойлаудың жоғары мәдениетін қалыптастырудың маңызлдылығы өте зор. Сыни жағдайларда ой мектебінің жоқтығы байбалам салудың талдаушылықты, жек-көрініштің ізгі ойды жеңумен мәндес болады. Философиялық дайындықтың жоқтығы яғни ойлаудың дәріптелген формаларының жоқтығы зияны бастан асатын ойсыздықтың, пайдакүнемдіктің, қарабайырлықтың, түсінбеушіліктің өрістеуіне әкеп соғады. Біздің уақытта да, яғни ғылымды көп қажетсінетін өндірістер және жоғары технологиялар дәуірінде де философ Эпикурдың: «Әзірше жас болып тұрғаныңда, ешкімде философиямен айналысуды кейінге қалдырмасын» деген сөзі өзекті болып табылады. «Рефлексия» сөзі латын тіліндегі «reflexio» – «артқа қарау» деген ұғымынан туындайды. Джон Дьюи рефлексиялық ойлауды былай сипаттайды: «Қандай да болмасын бір пікірді не білімнің ықтимал көрінісін олардың негіздерін ескере отырып белсенді түрде, толассыз және мұқият қарастыру, осының салдарынан туындаған қорытындаларды талдау». Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі дүниесін жан-жақты қарастырады, яғни өзін өзі зерттейді. Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады, әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне «сырт көзбен» қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады, болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды. Рефлексия сыни ойлау арқылы жүзеге асырылады, өйткені мұнда дайын жауап жоқ, оны іздеу керек, іздену қажет, жобалау мен жоспарлау керек, болжам жасап, жаңалық ашу қажет. Рефлексия күмәндану мен терең ойлануды қажет етеді, мұнда өз әрекеттеріңді, ойларыңды, ұстанымдарыңды жан-жақты қарастыру керек, өзіңе өзің толассыз түрде сұрақтар қойып, оларға жауап табуға ұмтылу. Бұл туралы Дж.Дьюи «Егер пайла болған ой лезде қабылданатын болса, онда алдымызда сыни ойлау емес, мұнда рефлексия minimum түрінде болады» деп айтқан да, әрі қарай рефлексияны «затты жан-жақты зерделеу, ойлану, ойды дамытатын және оны не құптайтын, не жоққа шығаратын қосымша деректер мен жаңа жәйттерді іздестіру» (Дж.Дьюи, 1997, 22) деп атайды. Рефлексия – өзіндік тәжірибе, өзін-өзі тану мен өздігімен үйрену туралы ойлану. Ол білім алушыларға өзінің үйрену әрекеттері мен амалдарын айқындау мен нақтылау, үйренудің мақсат-міндеттерін тұжырымдау, үйрену нәтижелерін сараптап, ой елегінен өткізу мүмкіндіктерін береді. Сонымен рефлексияда адам әрекеттерін бір мезетке тоқтатып, жан-жағына байыппен қарап, өзіне мынандай сұрақтар қояды: «Мен кіммін? Қандаймын? Не істеп жатырмын? Осы әрекеттерімнің мақсаты қандай? Мен қалай әрекеттенудемін? Бұл маған не береді? Мен мұны қалай қолданамын? Маған мұны қалайша өзгертуге болады? Енді не істеймін?» Бұл сауалдарға ол өз алдында бүкпесіз шындық тұрғысынан адал түрде жауап береді, басқа да сұрақтарды туындатып, оларға да жауап іздейді. Адамның өзімен өзі жасаған диалогы осылайша жалғаса береді, тіпті үздіксіз сипат алады. Осыған байланысты үйрену адамның өзінің жасаған әрекеттерін есіне түсіріп, оларды нақты айқындағанда ғана іске асырылады (мән-мағынасы, қиындықтары мен оларды шешу жолдары, түрлері, құралдары, нәтижесі, т.б.), яғни рефлексия арқылы әрекеттердің реті мен мазмұны қарастырылып (адам әр қадамын өлшеп-пішіп алады), проблема шешіледі де адам осындай тұжырымдау арқылы өзіндік пікір мен ұғым қалыптастырады. Үйрену – рефлексияның нәтижесі. Рефлексияда адам өзімен ылғи да диалогта болады: оның психикасы екіге бөлінеді. Бір бөлігі «Мен-өзім» болады да, екінші бөлігі «Мен-басқа» рөлінде болады, немесе, М.М.Бахтин бойынша, «Мен-орындаушы» және «Мен-қадағалаушы» болып екіге бөлінеді. Адам осылайша өз әрекеттеріне сырт көзбен қарап, оларды екшейді, таразы басына салады, олардың дұрыс-бұрыстығын ажыратады. Ылғи да «Мен оның (яғни өзінің) орнында болсам, не жасар едім?» деген ой үстінде болады.Әрине, философия туралы осы айтылғандармен шектелуге де болар еді, бірақ оның мәнін ашып табиғатын толық түсіну үшін ол туралы жалпы сипаттамаларды мына түрде топтап айтуға да болады:
Философия — адам рухының (немесе «ақыл-ойының», «санасының» және т.б.) сөз арқылы болуы, өмір сүруі. Ана тілінің өзі философиялық мәндерге және даналыққа толы, ол әлемді бейнелеу құралы, Алайда философия өзіндік өз тілін жасайды және тек қана сондай тіл арқылы, идеялы түрде әлемді оны игеруге, ұғуға қабілетті.
Философия барлық бардың мәнін ашатын ақыл-парасат (разум) құралы. XX ғасырдың ұлы философтарының пайымдауынша, мән ең соңғы негіз, адамзат болмысының соңғы нақты тұрағы және сонымен қатар, сол болмысты игерудің жалғыз әмбебап құралы больш табылады. Олай болса, философия — адам қарекетін қалыптастыратын дүниетаным әмбебаптарын жасауды іске асырады.Философия — адамның өз шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма. Пәнилік өмір шектелуі. Бірақ осы шектеуліктің шеңберінен шығарып, «өзгеге» құштарлықпен ұмтылуға мәжбүрлейтін кұдірет күші бар. Ол — рухани күш-жігер болып табылады және оны әртүрлі (Нирвана, Құдай, Ақыл-парасат, Табиғат және т.б.) атаулармен атайды және сол рухани күш-жігердің өзінен өздеріне деген сүйеніш жасайды.Адам — ақыл-парасатты жан. Оның іс-әрекеті белгілі бір мақсатқа бағынады. Күрделі қазіргі әлемде мақсатқа сай қимылдау үшін көп біліп қана қоймай, сонымен қатар адамның түбірлі мүддесі мен заман талабына сай дұрыс шешімдер қабылдап, дұрыс мақсаттар таңдай білу қажет. Ол үшін ең алдымен әлемді терең және дұрыс түсіну, яғни жалпы және жеке мақсаттарға жету әрекетінің тәсілдерін тандауға мүмкіндік беретін дүниетанымның қажеттілігі шарт. Сондықтан ақыл-парасатқа сүйенетін философия дүниетанымның теориялық негізі.Философия — моральдық өмірді басқаруға жағдай жасайтын ойлы ақыл. Эпикур бойынша ғалам табиғатын, өмір мен өлім мәнін және т.б. білмей адам жанында болатын қорқынышты жеңу мүмкін емес. Ал онсыз бақытқа жету мүмкін емес. Эпикурдың айтуынша бақыт — бұл еш нәрсемен бүркемеленбеген ләззат, ол «денеге тән қасреттің жоқтығынан» (арота) немесе жанның тебіреніссіз қалпынан көрінеді. Сондықтан Эпикур үшін нағыз идеал тәжірибелік даналық болып табылады, яғни моральдық өмірді басқаруға жағдай жасайтын ойлы ақыл. Ол өз замандастарына бақытқа жетудің жаңа жолын көрсетті: бақыт іштен туындайды және ол тек біздің қолымызда, ал қалған нәрсенің бәрі іш пыстыратын бос дүние.Философиялық ой, әлемде белгілі бір заңдылықтың, тәртіптілік пен үйлесімділіктің бар екендігі туралы идеямен тығыз байланыста болады. Ол адамның тұрақты және реттілікпен өмір сүруіне кепілдік беретін нәрсе, әрине ол оның ақыл-парасаты. Демек, философия арқылы жасалатын ақыл-парасат рефлексиясы Адам әлемін пайымдау мен қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл, Әлемді ерекше сезу, Әлемге ерекше қатынас, ерекше өмір салты. Кез келген философиялық білім метафоралы болып келеді. «Метафора» дегенді В. И. Даль өзінің «Түсіндірме сөздігінде» бөтенше сөз деп түсіндіреді. Әлеуметтік нақтылықты зерттей отырып философия, адамдар әлемінде жүріп жатқан нәрселерді адекватты сөзбен, ұғымдық-категориялық тілмен бейнелеуге ұмтылады. Тарихи тұрғыда, бұл басым метафоралар өзгеріске түсіп отырады. илософияның қалыптасқан кезінен бастап адам қоршаған орта туралы иллюзиялық- мистикалық көзқарас шеңберінен шығып оның мәнділігіне алғаш рет үңіле бастайды. Дамыған теориялық рефлексия арқасында адам: нақты әлем туралы, өзі туралы, өзінің нақты жағдайы мен мақсаты, өзінің мүмкіндіктері мен шектері туралы шындыққа жақын көзқарас қалыптастырады. Философия осы бағыттағы нағыз талпыныс.Айталық, Гегель дәуірінде әлеуметтік өмір заңдылықтарын білдіретін «сөз» «халықтар рухы», «еркіндік» «абсолюттік идея» ұғымдарымен байланысты болды. Маркс үшін қоғамның тарихи дамуы мәнін бейнелейтін метафора «қоғамдық-экономикалық формация» ұғымы болды. Біздің қазіргі заман да мұнан қалыс қала алмайды. Қазіргі әлеуметтік философияның негізгі метафоралары қатарына «мәдениет», «ақпарат», «өркениет», «этнос», «менталитет», «құндылықтар» ұғымдарын жатқызуға болады.Философия ешбір нәрсемен шектелмей нағыз барлық бар туралы ойлану және соның ақырына дейін таныла алмайтындығын немесе сезімге, рефлексияға, көрінуге келмейтін ой қобалжулары арқылы трансценденталдықты игеру. Сондықтан ол — еркін қабылдауында трансцендентті сана. Тану бостандығы бұл жерде тануға болатынның бостандығымен сәйкес келеді, нәтижесінде өтіп жатқан барлық бар туралы, яғни әлем, болмыс, табиғат, өмір, керек десе Құдай туралы, өзге әлем туралы, кез келген идеалды конструкциялар туралы түсініктер пайда болады. Санадан тыс әлемді, өмірді, болмысты түсіну; илікпейтін идеалдылықты идеалды түрде көндіру.Философия өзгермейтін мәтіннен гөрі күрделі, құбылмалы мәдени феномен. Оны ғылым ұғымына, өнерге, дінге сыйыстыруға болмайды. Ол мәдениеттің ерекше түрі. Философиялық ойлаудың тақырыптары межесіз. Оның мәселелері жеткілікті: ол «сананың» басқарушы рөлін атқарды және ақылдың жаттықтырушысы.Философия өзінше басқа. Әрине кез-келген білімнің өз философиясы болуы мүмкін, бірақ бұл негізінде нағыз философия емес. Нағыз философия жанды білім, әрқашан ағымдағы ой. Оның өзі өмір - сананың өмірі. Әр түрлі білімдер бар. Философия солардың барлығын біріктіруге қабілетті, бірақ механикалық, тіпті органикалық түрде де емес, өзімен өзінде. Міне осы тұрғыда философияны ғылым деп те айта алмаймыз, бірақ ол дін де емес және қалаумен әр түрде де бола алмайды.
 Адам қашан терең ойлана бастайды? Бірінші мезетте оның алдында дайын жауабы жоқ қандай да бір мәселе (проблема) немесе әлі де үйреншікті бола қоймаған жаңа ақпарат пайда болғанда. Екіншіден, адам бұл проблеманың жауабын табуға ұмтылыс жасағанда немесе жаңа нәрсені түсініп, оның байыбына жетуге тырысқанда. Ойланудың қандай да болмасын қиындық, ыңғайсыздық, күмән туғанда пайда болатындығы туралы философ Джон Дьюи былай деп жазған: «Ойлау тығырыққа тіреліп, таңдау жасау керек кезде басталады». Рефлексия жасағанда адам көптеген шешімдерді сараптап, оларды ой елегінен өткізіп, өз құндылықтары мен түсініктерінің, түйсігі мен қажеттіліктерінің таразысына салып, салғастырады, проблеманың байыбына жетуге тырысады. Осыдан соң адам өзі таңдап алып, көңілі қалаған шешімді тура сол қалпында қабылдамай, оны жан-жақты қарастырады, оның оң мен солын ажыратады, кемшіліктерін келтірумен қатар оны қуаттау үшін дәлелдер іздейді. Бұл тұжырымдауға қанағаттанбай, өз шешіміне балама іздестіреді, жаңа ұсыныстар мен болжамдар жасайды. Ылғи да өзіне еш бүкпесіз шындық тұрғысынан сұрақ қойып, оған жауап іздейді, жауап тапса, қайтадан сұрақ қойып, енді соның жауабын іздестіреді, оған да қанағаттанбай, әрі қарай «қаза береді», «қаза береді». Сұрақтар, сұрақтар, сұрақтар. Жауап іздеу, жауап іздеу, жауап іздеу. Үздіксіз іздену мен зерттеу. Ойлаудың осындай толассыз түрі сыни ойлау деп аталады. Мұнда ойлау тізбекті (сызықты) түрде бір нүктеден екінші нүктеге бір бағытпен жылжымай, біресе алға, біресе артқа ойысады. Проблеманың шешімін табу мұнда ең аяққы нүкте деп саналмайды: оны дәлелдеп беру керек, оның тиімділігі мен ықтимал қолайсыздықтарын айқындау қажет, оған балама келтіру керек. Сыни ойлау проблема шешуге бағытталумен қатар өзінділікпен (дербестік) ерекшеленеді: қандай да болмасын мәселе/ақпарат бойынша өзіндік түсінік қалыптастырып, оған тәуелсіз тұрғыдан баға беру, дербес шешім қабылдау.Сыни ойлауды дәріптеушілердің бірі Ричард Поль мына аумалы-төкпелі, күнделікті өзгеріп отырған заманда адам «өз инстинктеріне бостан босқа сенбеуі керек» деп есептейді. Мұның себебі мынада: адам өз түсініктерін, ұстанымдарын, құндылықтар мен нанымдарын бірден қалыптастырмай (мысалы, сезімдер жетегімен немесе басқа біреудің айтқаны бойынша), олар туралы терең ойланып, оның бәрін күмәнмен қабылдап, «тұла бойынан» өткізуі қажет. Ричард Польдің пайымдауы бойынша, адамдар «өздерінің басына түскенді дәл сол қалпында қабылдамауы керек. Олар ақиқат деп ұсынылған нәрсенің бәрін де ақиқат деп түсінбеуі қажет. Олар өздерінің өмірлік тәжірибесін жалған деп ойламауы керек». Демек, олар өмірдің барлық жәйттері мен көріністерін ой елегінен өткізіп, олардың өміршеңдігі, құндылығы мен қажеттілігі туралы өзіндік пікір қалыптастыруы керек. Сол себепті сыни ойлауды көп жағдайда «сыпайы күмәндану» деп атайды. Кезінде Сократ «Таным негізінде күмән жатыр» деп бекер айтпаған. Біз әр нәрсеге байыппен қарап, оны екшеп-текшегеннен кейін, күмәндану негізінде туындаған сұрақтарымызға жауап іздестіріп, тапқанда ғана сол зат туралы түсінік пен пікір қалыптастырамыз. Мәселе сол затты жоққа шығаруда емес, мұнда негізгі әрекет – сол затты жан-жақты қарастыру: оған күмәнмен терең үңілу, оны күмәнмен өз тәжірибемізбен салғастыру (ол туралы не білетіндігімізді, оның қажеттілігі мен тиімділігін саралау). Мұнда үнді ақыны Рабиндранат Тагордың «Таным нұры жарқырай түскен сайын, күмән қараңғылығы қоюлана түседі» деген сөздерін де келтіруге болады. Адам көп білген сайын оның күмәні де көбейе түсетіндігі хақ. Сыни ойлау оқушылардың ойлау дағдыларын дамытып, оларды оқу мен өмірде туындайтын проблемаларды/мәселелерді өздігімен шешуге бағыттайды. Осы арқылы сыни ойлау оқушыларды ақпаратпен жұмыс жасауға, жан-жақта тұрғыдан кез келген жәйтті талдауға, бағалауға, таңдау жасап, шешім қабылдауға баулиды. Оқушылар бұл секілді жұмыстарды жасау нәтижесінде өздеріне және өзгелерге толассыз сұрақтар қойып, оларға жауап іздеп, өз жауаптарын ұтымды дәлелдермен айғақтайды, дербес шешімдер қабылдайды. Сыни ойлау әр адамды табиғатындағы менмендіктен және ортаға тәуелділіктен арылтады: адам басқалармен тиімді қарым-қатынасқа түседі, қоғамдағы беделдердің пікірлерін ақиқат ретінде қабылдамай, оларға күмәнмен қарай бастайды, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сараптай біледі. Осылайша сыни ойлаушы өзін-өзі шектей біледі, басқалардың пікірлерімен санасып, өз көзқарасын олармен салғастырады, қоғамда кеңінен таралып, көпшіліктің қабылдаған көзқарастарды мойындамай, олардың дәлелдері мен тұжырымдауларын іздестіреді. Алайда бұл күмәндану жоққа шығаруды білдірмейді: осындай әрекеттер арқылы сыни ойлау аталмыш көзқарасты қабылдауға әкелуі әбден ықтимал. «Сыни ойлау» ұғымында «сынау», яғни «кемшіліктерді айқындау» мағынасы жоқ. Сыни ойлаудың мәнін «байыбына үңілу», «терең бойлау», «зерделеу», «екшеп-текшеп, жан-жақты қарастыру», «өзіңе сұрақ қойып, соның жауабын іздестіру» деп те келтіруге болады.

Философия ежелгі шығыс елдерінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі үнді қытай елдерінде пайда болды. Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт. Ол сол аймақтың діні, мәдениетімен байланысты. Ертедегі философияның қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде өрбіді.

1. аспан, ай, күн, жер осылардың шығу тегі байланысы.

2. адамгершілік адамдар арасындағы қарым – қатынас.

Философия қашанда олардың, себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі – материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады. Ол - өз алдына жеке проблема.

Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді философиясы ол брахманизмге оппозициядан басталады. Б.э.д 7 – 6 ғасырларда брахманизм ішінен джайнизм және буддизм пайда болады осы бағыттардын негізінен үнді елінде 4 – кастаға бөлінді.

Әскери (кшатрий)

Абыздар. (брахмандар)

Басы бос қоғам мүшелері. (вайшилер)

Төменгі каста (шудралар)

Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені, брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын.

Джайнизм – этикалық ілім. Оның негізгі – адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм – материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм бойынша – сана. Джайнизмнің ұстаған тәртібі буддизмнен де қатаң.

Буддизм – біздің заманымызға дейінгі 4 – 5 ғасырларда діни ілім ретінде дүниеге келді. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха Гаутама Будда(б.з.д. 623 – 524). Буддизмде төрт басты мәселе бар:

1.Өмір азапқа толы;

2.Ол азаптардың себебі бар ;

3.Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар;

4.Азаптан құтылудың кезі бар.

Ежелгі Қытай философиясы біздің заманымыздан бұрын пайда болды, ол идеологиясы мен саясатында екі бағыт айқындала бастады: консерваторлық және прогресшілдік, бірі – мистикалы, екіншісі – атеистік бағыттар. Ертедегі Қытай философиясянда конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам – Конфуций (б.з.д. 551-479ж). Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір – тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң ұстады:

Бос қиялға салынбау.

«Мен білемін» дегендіктен аулақ болу.

Қасарыстық көрсетпеу

Өзінің жеке басы жайлы ойламау.

Ол бірнеше кітаптар құрастырды («Өлендер кітабы», «Көктем және күз» жылнамасы, « Сұқбат және пікір айту», т.б.). Конфуцийдің « Ұлы ұғынуы кітабы» 75 қатардан тұрады. Оған 1546 түсіндірме жасалған.

Мақсат – императордың билігін заңдастыру еді. Оның ұстаған жолы:

әділеттік

табиғатты сүю

әдет – ғұрыпты сақтап, сыйлау

Мо – Цзы (б.з.б. 479-400ж) философиясы пайда болды. Ол күні бұрын белгіленетін өмір жоқ, әрбір адам тағдыры оның іс - әрекетінен, «жаппай сүйіспеншілігінен» туындайды, деді. Біздің барлық біліміміз екі нәрсеге – сезімге (у – лу) және ойлауға (син) байланысты дейді.

Идеализм мен мистикағарсы күресте даоцизм ілімі, былайша айтқанда, Дао жөніндегі Дао – Цзы (4 – 5ғ.) ілімі дүниеге келді. Дао – мәнінде, мәнсіз, түссіз, шексіз, мәңгі қозғалыстағы тіршілік атасы. Оның пікірінше, табиғат пен адамдарды басқаратын – Көк Аспан емес, Дао. “Дао – заттардың табиғи өну, өсу, өшу, ол цзы субстанциясымен бірге әлемнің негізін құрайды, - деді – Бүкіл әлем сол заңға бағынады”. Лао – Цзы пікірі бойынша, адам заттардың табиғи даму процесіне араласпауы қажет.

Лао Цзы ілімі қайшылықтары көп ілім. Бір жағынан, ол керітартпа рөл атқарып, ескілікті көксесе, екінші жағынан, ілгері ж.руді жақтайды, дамуды қолдайды

Сөйтіп, Шығыс философиясы жағында қорытып айтқанда мына мәселелерге тоқталған жөн: алғашқы Қытай философиясы Конфуций мен Дао, данышпан бастаушысы Лао – Цзы төңірегінде топталды.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1.Философия құрылымы мен қызметі.

2.Қоғамдық ғылымдар жүйесінде философияның орны.

3.Философияның тарихи типтері.

4.Философия және дүниетаным.

5.Ежелгі шығыс философиясының негізгі бағыттары.

6.Ежелгі Шығыс философиясының ерекшелікері, маңызы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет