О. Б. Бермаханов филос.ғ. к., қауым профессор міндетін атқарушы


Дәріс 13.14. Адам философиясы және құндылықтар әлемі



бет49/76
Дата07.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#19035
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76
Байланысты:
философия лекция

Дәріс 13.14. Адам философиясы және құндылықтар әлемі.

Негізгі мақсаты: Құндылықтардың қоғамдығы орны мен рөлі, олардың адамдар дағдарыстарынан алып шығатын рухани күші туралы түсініктеме жасау.

Негізгі түсініктер: құндылық, аксиология, гуманистік дәстүр, адам, тұлға, мән, тарихи формалар.

1.Адам және Ғалам. Зат әлемі.

2.Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі. Ф.Ницше философиясындағы «Асқан адам». Адам және оның әлемдегі-болмысы: экзистенциализм.

3.Іскер адам: прагматизм. Э.Кассирер: адам символдық жануар ретінде. Й.Хейзинга: «ойнаушы адам». Г.Маркузе: «бір өлшемді адам».

4.ХХ ғ. философиялық антропология (М.Шелер, Х.Плеснер, А.Гелен).

5.А.Шопенгауэр, С.Керькегор Философиясы. А.Камю философиясындағы абсурд мәселесі.


Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылардың адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой – толғауларынан туғаны дәлел болады. Бір нәрсенің сырын ашып, білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп, соны іште де болса мойындау қажет. Біздің білуімізше, философияның мәселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға, субъективтің (адамның ) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Бұдан шығатын қорытынды: адамның сана – сезімі мен ақыл – ойының, тіл мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін әсері қандай – оның бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылыды.

Материяны, табиғатты- алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер ұшін де, рух пен сананы – алғашқы материямен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адамның проблемасынсыз философия жоқ.

Ертедегі атақты Шығыс ойшылдарының көбі алдыңғы тарауларда айтылғандай, өздерінің философия жүйелерінің негізгі өзегі етіп тікелей

адам проблемаларын алған.

Этикалық ілім ретінде дүниеге келген Үндістанның буддизм философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын діни – философиялық ілім адамның азап шегуін бұрыңғы күнәсі үшін тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы – құдайға қүлшылық етіп, табына білу деп білсе, буддизм, керісінше, өмірдің өзі тек азап шегуден тұрады, бұл дүниеде (сансарда ) одан адамды азат ету құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету, безіну деп санады.

Платон философиясының өте маңызды бөлімі – адамның арманынан шығатын “Мемлекет” туралы ілім. Дүниедегі бірден – бір әділетті мемлекет қандай болуы керек – философ осыны кескіндеп, бейнелеп беруді өзіне мақсат етіп қойған. Мұндай мінсіз мемлекетті ең ақылды, білімді адам, яғни, Платонның ойлауынша, философ басқаруға тиіс. Адам проблемаларына Арестотель де ерекше көңіл бөлген. Әсіресе ол философияның “Этика” бөлімінде түгелдей сол проблемаларды қарастырып, оларға тиісті талдау жасады. Арестотельдің айтуынша, мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті – азаматтарды жақсы қылықтарға, ізгі ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерден ғана дәрежеге жеткізу. Оның “Алтын аралық”деп аталатын моральдық доктринасы адамның жан дүниесінің сырын ашуға бағытталған.Жоғары мінез-құлық қасиеттерінің әрқайсысы біріне—бірі қарсы екі түрлі ұшқары қылықтың аралығы болып табылады.Бұлақтың екеуі де теріс қылықтар. Дегенмен Аристотель де өз заманына сай ойлайды.Құлдарды ол адамға санаған жоқ,“сөйлей білетін құлдар”деп атады.Құл иесі құлға қайырымды болуы да міндетті емес,өйткені ,ол оның меншігі болып есептеледі,ал баланың әкеге қайырымды болуы міндетті,себебі, әкесіз бала дүниеге келмейді. Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы оны бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арналған орта ғасырдағы Шығыстың ойшыл философы, біздің әйгілі жерлесіміз Эл-Фараби болды. Эл-Фарабидің айтуынша,бақыт-әр адамның көздейтін максаты,үлкен игілік. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілет болады: а)ерекше жасаған дене құрылысы; ә)жан құмарлықтары; б)ой-парасаты.

Адамның ақыл – ой құдіретінен туатын іскерлік, белсенділік қабілеттеріне 18 – ғасырдағы француз ағартушылары мен марериалистерінің философиялық ілімінде де ерекше көңіл бөледі. Бұл дәстүр белгілі бір мағынада француздардан 19 – ғасырдағы неміс философиясына ауысты. Канттың адам проблемасына арналған негізгі принципті - әрбір жеке адамның өз алдында мақсатты нысана ретінде қарау қажеттігі. Бұл оның адам мұддесі жөніндегі ілімінің басты мәселесі болды. Адам деген жүрек жылылығын ол теорияға сүйенген салқын ақылдың бұйрықтарына қарсы қойып отырады. Табиғатта мақсат жоқ. Мақсат адамның дүниеге келуімен бірге пайда болады. Демек, ол тек адамға ғана тән, бір – бірімен қарым – қатынастағы адамдардан қүралатын қоғамға тән құбылыс. Мақсат жәй ғана ермек үшін немесе сол мақсаттың өзі үшін ойдан шығара салған жасанды бір нәрсе емес. Адам проблемаларының диалектикалық материализм белгіленген шын гуманистік, ізгілік принципі. Социализм осы принцип негізіне адамның қадір – қасиетін ең жоғары биікке көтеріп, толық еркіндікке, ауқатты өмір сүруіне тарихта бұрын сонды болмаған қолайлы жағдай жасауды өзінің өзекті мақсатына айналдыру керек еді. Сонымен, ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы, асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстармен қыймыл әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл – ой туындыларының құдіретті иесі.

Бұл арада адамның қоғамда алатын орны мен рөлінің сипаттамасын айтып отырмыз. Ал адам дегеніміз өзі кім? Күнделікті өмір көзімен қарағанда бұндай оңай сұрақ жоқ тәрізді. Философия тарихында берілген анықтамалар көп. Арестотельдің анықтамасы бойынша, адам – қоғамдық хайуан. Басқа хайуандардан адамның айырмашылық – ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Орта ғасырдағы катализмнің діншіл философы Фома Аквинский адамды дене мен жанның бірлігі, хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе деп санаған. Жан оның ұғымдарында мәңгілік өлмейтін жақсылық сәулесі болса, ден – ынтымақтық аренасы, жанның ұясы. Сондықтан адамдар өмір бойы сайтандар тұзағынан босануға және құдайдың жарық дүниесіне шығуға ұмтылады.

Философиялық антропологияның материалистік концепциясын ұсынған Фейербахтың айтуынша, жеке – дара, жалғыз өзі ғана өмір сүре алатын адамның болуы мүмкін емес. “Менің” болуымның міндетті шартты- “сенің”болуың, басқалардың болуы. Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізгі өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау әдісін, ол үшін еңбек құралын оның ең жабайы түрінен бастап, бірте – бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілеті болған. Тек еңбек процесінде ғана адамдар қатысу, байланыс жасаудың қабілеттігін үйренеді. Бара –бара адам еңбегі бүкіл материалдық еңбегі марериалдық және рухани мәдениет дүниесінің жасаушы болып шықты. Осыларды еске ала отырып адам дегеніміз – еңбек әрекетімен шұғылдана алатын әлеуметтік қатынастар жасайтын, өзара байланыс жасауға толық қабілетті тіршілік иесі деп анықтама беруге болады. Соңғы аталған екі бөлімнің бір – біріне ауысу мұмкіндігінің адамда негізі бар. Оның мәні мынада: түйсік, елестету, зейін қою, ес сияқты психологиялыққұбылыстар – адамныың сезім мүшелері арқылы мида қалыптасатың сыртқы дүние бейнелері. Адамның жеке басының қалпын сипаттағанда оның өзң өмір сүретін қоғамдық ортаның әсерімен қалыптасқан ерекшеліктерімен қасиеттері есепке алынады. Бұларға адамның көзілдірік киетіні, аяғында протез

болуы, ашушандығы, ақырын сөйлейтіндігі сияқты ерекшеліктері жатпайды. Таза биологиялық көзқарастың қарсылықтары, негізінен гуманитарлық ғылымдардың өкілдері адам табиғатының әлеуметтік құрамдас бөліктерінің ерекше маңызын баса көрсетуге тырысады. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдерінің өзара диалектикалық байланыстығын, бір – біріне тәуелділігін сөз еткенде еске алатын тағы бір жай бар. Хайуанаттар дүниесінен жаңа ғана бөлініп шыға бастаған алғашқы адамның табиғи биологиялық – физиологиялық қажеттерін қанағаттандыру тәсілдері жағынан тағы бір аңдардан айырмасы көп болмаған.

Кісі дегеніміз – жаңа сапалы, индивидтің өзімен бірге іштен тумаған, белгілі тарихи – мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік – психологиялық және моральдық қасиеттер қосындылардың иесі, ақиқатты, болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасанпаз әрекет субъектісі. Басқаша айтқанда, ол – қоғамның өмір тәрбиесін бойына сіңіріп, байыған жетілген адам. Дүниеге көз қарастың әлеуметтік – психологиялық сипаттың ең прогресшіл, бай түрлерін алсаңыз да, егер олар өздеріне күш беріп, шынайы мақсатқа бағыттаушы, іске бастаушы ерік – жігермен қосылмаса жансыз пайдасыз бейне болып қала береді.

Психологтар адамдарды жігерлілер, жігерсіздер деп екі топқа бөлінеді. Жігерлі адам әр қашанда өзінің түрақты қалпын сақтайды, өз алдына емін еркін қызмет жасайды, ұстаған жолынан, қабылдаған шешімімен қайтпауға тырысады. Ал жігерсіз адамның әдетте тұрақтылығы батылдығы жетіспейді. Кімнің болса да жігерін теріс, қоғамның, халықтың мүддесіне қарсы келетін іске емес, адам игілігіне арналған қызметке жұмсағаны маңызды. Табиғат пен қоғамның арасындағы қарым – қатынастың мән – мағынасы, сипаты қандай, адамдар өзін қоршаған табиғи ортамен қалай байланыс жасайды, олардың бұл ортадағы орны қандай, қоғамның өмір сүруінің және дамуының басты шарты қайсы деген сияқты сұрақтардың философиялық ой – толғамдар жүйесінде ерекше дүниетанымдық маңызы бар.

Адамзат тарихында даму заңдылығын ашып көрсету барысында мынадай әрі бұлтартпайтын өмірлік мысалға жүгінуге болады: адамдар саясатпен, ғылыммен, өнермен, дінмен, т.б. шұғылданбас бұрын ең әуелі тармақтануы керек, үстіне киім, басына пана қажет, ол үшін адамдар еңбектенуі, әрекет жасап, тер төгуі, сол арқылы қажетті материалдық игіліктерді өндіруі қажет. “Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды” – деп халқымыздың тұжырымдағандай, қарыны аш, киімі жыртық, үйсіз – күйсіз жағдайда адамдар басқа тіршілікпен қалай айналыспақ. Ал енді өмірге қажетті материалдық игіліктерді адамдар қалай өндіреді, неден жасайды, тиісті бұйымдарды қайдан алады ден заңды сұрақ туады. Әрине, олар дайын күйінде түспейді. Адамдар оны табиғаттан өндіреді, яғни табиғатпен байланыссыз ешқешан өмір сүре алмайды. Адам да, қоғам да – табиғаттың төл баласы, жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі – жан – жануар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы. Қоғам табиғаттың ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі, басқаша айтқанда, қоғамның пайда болуы – материя қозғалысының жоғары, әлеуметтік түріне көшуі деген сөз. Бұл жерде мынандай бір заңды сұрақ тууы мүмкін. Табиғатқа, оның өзгеруіне адам ғана емес, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам әрекетінің сапалық өзгешелігі неде? Біріншіден, жануарлар да ықпал етеді.

Ендеше, бұл ретте адам болса табиғатты нысаналы түрде өзгертеді, оны өоғам игілігіне қызмет істеуге бағындырады. Екіншіден, жануарлар табиғатпен қарым – қатынас барысында өздерінің дене мүшелерін, яғни тісін, мүйізін, тұяғын, т.б. пайдаланады. Ал адам еңбек құралын қолданады. Ең бастысы – ол оны өзі жасайды. Үшіншіден, жануарлардың әрекені таза биологиялық қажеттерден туындайды, хайуандық сипат алады, ал адам еңбегі әуел бастан – ақ қоғамдық, ұжымдық сипатқа ие, мақсатқа сай жүзеге асырылады. Адамның ақыл – есі, ой – санасы, өзін өзге дүниеден бөліп қарай алатын, өзінің ішкі дүниесін танып білуге қабілетті, қоғамнан, ұжымнан жарық өмір сүре алмайтын әлеуметтік құбылыс екенін айырамыз. Алдыңғы ұрпақтан қалған мәдени мұраға ие болып, оларды жетілдіріп отыратын қасиеттек адамға ғана тән. Башқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек.

Құндылықтардың табиғаты және олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы мәселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынастар және басқа проблемалармен тікелей байланысты. «Құндылық» философиялық және социологиялық әдебиетте белгілі бір болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін кең түрде қолданылатын термин. Тиісті құбылыстарды бағалау әрекетін (процедурасын) іске асырудың тәсілдері мен белгілері (критерийлері) қоғамдық сана мен мәдениетке адамның қызметінің нысаналарын көрсететін «субъектілік құндылықтар» (нұсқаулар және бағалар, бұйрықтар(императивтер) және тиым салулар, мақсаттар және жобалар) ретінде байқалады. Сөйтіп, «заттық» және «субъектілік» құндылықтар, қалай болғанда да, адамның дүниемен құндылық тұрғысынан қарым – қатынасының екі жағы (полюсі) сияқтанып көрінеді. Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаны сияқтанып көрінеді.

Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаның танымдық және жігер сапаларымен тікелей байланысты; құндылық категорияларының өздерінде білім нысаналарының, түрліше қоғамдық топтардың және жеке тұлғалардың мүдделері мен танып – ұнату шекаралары байқалып тұрады.

Диалектикалық материализм өмірдің құндылығын, адам мұраттары мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық – практикалық мәнен, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке тұлғалардың мүдделері мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық – практикалық мәнін, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогрессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке адам да, бірлестіктер де көздеген мақсаттарына табысты жетері сөзсіз. Құндылықтарға негізделген іс бағыты үнемі оңға баспақ. Индивидтің (жеке адамның, кісінің) өмір тәжірибесімен баянды етілген құндылықтардың бағыттары жеке тұлғаның ішкі дүниесінің құрамды бөліктеріне (элементтеріне) айналып, оның әсерленушілігінің бүкіл жиынтығы болары хақ. Әрбір адам үшін олар мәнді мен мағыналыны, мәнсіз бен мағынасызды ажырата білуге көмектеседі.

Құндылық нысаналарының негізгі мазмұны адамның саяси, философиялық (дүние танымдық), құқықтылық сенімдері, терең және түрақты құштарлықтарды, жұріс – тұрыс бет алысының құлықтық принциптері негізінде құралады. Сондықтан, кез – келген қоғамда жеке тұлғаның құндылықтық бағыттары субъектінің мақсаттылықпен әсер ету, тәрбиелеу объектісі болады. Құндылық құрылымдары қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасып және қзгерістерге отырады. Бұл жай адам өмірінің тұрліше өрістеріндегі өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны (масштабы) әлеуметтік саяси және басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді. Мысалы, антика заманының эстетикалық құндылықтары өз мәнін оны туғызған өркениеттің (цивилизацияның) құлауынан кейін де жоғалттқан жоқ; бастауын антикалық және эллиндік мәдениеттерден алған европалық ағартушылықтың гуманистік және демократиялық мұраттарының ықпалының қаншалықты ұзақ уақытқа созылғаны да белгілі. Диалектикалықматериалистік философия оларды қарастыра отырып,әрдайым түрліше субьектілер үшін жалпы мәнге ие болғандарын ғана талқыға салады. Құндылық нысаналарының дамуы жеке түлғаның дамуының белгісі, ол оның әлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Бұл – индивидтің санасы мен сана сезімінің арасындағы байланыстың тууына ықпал ететін, сыртқы және ішкі дүниені қабылдаушы призмасы, өмірдің мәні туралы мәселені шешу үшін психологиялық негіз. Құндылықтық нысаналардың тұрақты және қайшылықсыз ьқосындысы жеке тұлғаның бойында мінездің бір қалыптылығы, сенімділік, белгілі бір принциптер мен мұраттарға (идеяларға )берілгендік, сол мұраттармен құндылықтар үшін жігерлік күш жүмсауға қабілет, өмір позитцисының беленділігі ,мақсатқа жетудегі қажырлылық сяқты сапаларды қалыптастыруға жағдай туғызады. Құндылық нысаналары бұқаралық көпшілік санаға себепті (дәлелді) ісер етеді. Осыған байланысты құндылықтарды еңбек, отбасы (семя), білім ғылым, искуства және басқа бақтарға бөлуге болады. Бұндағы құндылық ретіндегі проблемасы айрықша қарастыруды қажет етеді. Объективті тұрде еңбектің әлеуметтік маңызы қоғам тарихында әр -дайым аса жоғары болды. Алайда, біздің заманымызға дейін өз жалғасын тауып, өмір сұріп келе жатқан «Еңбекті шеттету» деп аталған келеңсіз құбылыс субъект үшін еңбектін бағасын төмендетуде бұл жағдай кейде тіпті кейбір адамдарды еңбектен бас тартуға дейін апаруда.

Өндірістік қатынастармен өндіріс күштері қоғамдық инвидтердің дамуының түрлі – түрлі жақтардың сипаттайтын болғандықтан әр бір қоғам адам өміріне, оның азаматтық және адамгершілік құндылықтарына, еркіндігіне және сонымен қатар, ұлттық мәдениеттің табыстарына баса назар аударуға тиіс. Бұл әлеуметтік құндылықтардың дамуы, жасыратыны жоқ, кейбір қоғамдағы саяси қатынастарға да байланысты. Құндылық нысаналары оқу орындарында білім алу барысында өзінен — өзі қалыптасады деп есептеуге болмайды. Құндылық бағыттарының қалыптасуы тиісті сана — сезімді тәрбиелеп, адамның эмоциялдық өрісін дамытқан кезде ғана іске аспақ. Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз)деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады.

Аксиология құндылықтар табиғаы, олардың реалдықтағы орны және құндылық әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы философиялық ілім. Ең кең мәнінде құндылықтар проблемасы мәдени дәстүрлер мен қоғамның идеологиялық негіздерінің құнсыздану дәуірінде шарасыз пайда болды. Философия ғылымының дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы реальдық және адам қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар болып екі элементке бөлінгенде пайда болады. Антикалық және орта ғасырлық философияда құндылықтар (этико – эстетикалық жәнне діни) сипаттамалары реальдықтын, ақиқат болмыстың өз ұғымына кірістірілген еді. Диалектикалық – материализм құндықтарды олардың қоғамдық – тарихи, экономикалық және әлеуметтік – саяси себептіліктерімен қоса қарастырылады. Құндылық объективті құбылыстарды, немесе олардың қасиеттерін және адамдар үшін, отбасы , үлт үшін баға жетпес құндылықтар. Бірден – бір объективті ең жоғарғы құндылық – адамзат тарихында әлі де болса жаппай мойындаушылық сипат алмаса да, бұл адам өмірінің өзі.

 XXғасыр – ғылыми – техникалық революция дәуірі. Рационализм мен иррационализм арақатынасын ғылыми техникалық прогреске көзқарастан да байқауға болады. Біріншісін сциентизм деп атайды. Ол бағыт, ғылымға ғылыми техникалық прогреске сенеді. Ғылым адамға қызмет етеді, оның өмірін жеңілдетіп, жақсартады. Бұл бағыт XX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Оған көптеген жаңа ғылымдардың, жаңа техникалардың, технологиялық әдістердің, компьютердің, т.б. дүниеге келуі себеп болды. Екіншісі антисциентизм деп аталады. Ол ғылымға сенбейді. Ғылыми – техникалық прогресс адамға тек қиындық әкеліп, зиян келтіреді, қоғамды басқарудың тоталитарлық жүйесін туғызды, ал адамдардың санасын ол қаспақтай ұстайды, ойлау жұйесінде шектеу саласы деп есептейді. Сөйтіп, иррационализм сайып келгенде мистикаға, жоққа сенуге де, ғылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан оған сыңаржақты қарап, жақтауға, не даттауға болмайды.

«Өмір философиясының» шеңберінде неміс философы Фридрих Ницшенің (1844-1900 жж.) еңбектері ерекше орын алады. Егер А.Шопенгауер әлемдік Ерікті болмыстың алғашқы негізіне жатқызса, Ф.Ницше Ерік категориясына әлеуметтік-моральдық мән-мағына беріп, оны «билікке деген ерік» ретінде тұсінеді. Оның ойынша, өмір билікті неғұрлым жете сезінгісі келеді. Егер А.Шопенгауердің «Әлемдік Еркі» біреу ғана болса, Ф.Ницше ондай монистік көзқарастан бас тартып, еріктің көптігін (плюралистігін), сол себепті олардың бір-бірімен бітпейтін күресте екендігін мойындайды. Үшінші ерекшелігі, А.Шопенгауер адам еріктен бас тартып қана өзін сақтай алады деген болса, Ф.Ницше, керісінше, адам, егер ол құл емес, нағыз адам болса, билікке деген еркін өмірге енгізеді, сол үшін күреседі.

Не жақсы деген сұрақ қойып, Ф.Ницше оған: «Билікке деген сананы, іңкәрді, сол адамның билігінің өзін күшейтетіннің бәрі», -деп жауап қайтарады. Не жаман деген сұраққа: «Әлсіздіктен шығатынның бәрі», — дейді. «Ақыл-ой арқылы жүретін дүниета-іс-әрекет билікке деген ерікті күшейте ме» деген сұраққа: өйткені интеллектінің басымдылығы билікке деген ерікті, онын ұмтылысы мен іс-әрекетін әртүрлі ойдың толғаныстарымен ауыстырып, тоқыратып тастайды. Мораль да басқалардың қамын ойла» деп, билікке деген ерікті әлсіретеді», - деп жауап береді.

Билікке деген ерік күштінін құқының негізін құрайды. Күштінің құқы неше түрлі қоғамда қабылданған моральдық, діни т.с.с. нормативтік ережелерден биік болуға тиісті, сондықтан нағыз адам осы қағиданы өз өмірінде ұстауы қажет. Социализм адамдардың арасында теңдік болу керек деген қағиданы таратады. Бірақ ол өмірдің терең мәнін құрайтын билікке деген ерікті құртады, сондықтан ол керек емес. Демократия да билікке ұмтылған адамдардың мүддесіне қарсы, өйткені тобыр қайсыбір билікті ұлатпайды, яғни олар күштінің құқына қарсы тұрады. Ал еркек пен әйелге келер болсақ, табиғат еркекті күшті қылып жаратты, олай болса, оған билікке деген құқты берді. Сондықтан қайсыбір еркек пен әйел арасындағы теңдікке деген ұмтылыс - қоғамның іріп-шіруінің көрінісі. Жоғарыда көрсетілген көзқарас Ф.Ницшенін моральдық ілімінің негізінде жатыр. Моральдың негізгі ұғымдары - жақсылық пен жамандық - тарихи күштілер, жақсылардың әлсіз, жамандарға қарағандағы артықшылығынан шығады. Осы ойын дәлелдеу ретінде ол моральдықты көрсететін сөздерге талдау жасап, неміс сөзі «зһіесһі» жаман, түрсіз деген мағына берсе, оған жақын «зһіісһі» деген сөз де «қарапайым адам» деген мағына береді, - деп қорытады. Тарихи бай, атақты, асылдарды көрсететін ұғым «жақсылықпен» теңеліп, кедейлік, қарапайымдық «жамандық», «залымдық» деген ұғымдарды тудырды деп есептейді Ф.Ницше. Мыңдаған жылдарға созылған тарихта кедейлер мен құлдар өздерінің моральдарын бүкіл қоғамға тануға тырысты. Оны ол «құлдардың моральдағы көтерілісі» деп атайды. Ал оны жасаған дүниедегі ең «теоретиқалық халық» - еврейлер. Олар қоғамның «құндылықтарын қайта бағалап», аристократиялық бір-бірінен туатын «жақсы – асыл-күшті - әсем - бақытты - құдайдың сүйгені» деген құндылықтарды толығынан теріске шығарып, оған қарама-қарсы «тек бақытсыз адамдар жақсылар», «кедейлер, әлсіздер, төмендегілер ғана - жақсылар», «тек зардап шеккендер, қайыршылар, аурулар, мүгедектер ғана тақуалар, масайрауға лайықты адамдар» деген қағидаларды ұсынды. Ф.Ницшенің ойынша, иудео-христиандық моральды толығынан «қайта қарап», «мырзалардың моральдық құндылықтарын» тағы да өмірге енгізу керек. Оның негізінде мынандай қағидадап жатуы қажет:

«өмірдің құндылығы» - сөзсіз негізгі құндылық;

Адамдар бір-бірімен табиғи түрде теңсіз болып жаратылған;

Күшті адамдар моральдық борыштан бос, ешқандай моральдық талаптармен байланысты емес.

Жоғарыдағы көрсетілген моральдық құндылықтарға сәйкес келетін адам әлі дуниеге келген жоқ. Егер дүниеде болған қайсыбір жануардың түрі өмірден жойылардың алдында өзінен жоғары тіршілікті тудырса, адам өзінен жоғары пендені тудыра алмай отыр. Өйткені адам - ауру жануар. Оның алғашқы табиғат берген инстинктері сөніп, оның орнын сана алды, Ал, енді, Ф.Ницшенің ойынша, «адамнан жоғарының» дүниеге келетін уақыт жетті. Ол -«ақкұба әзәзіл». Тұқым куу жағынан алғанда, олар «арий нәсілінен» шыққан адамдар (нордикалық тип). Ал моральдық жағынан алғанда, олар бір-бірімен ұстамды, кішіпейіл, назды, мейірімді. Басқаларға олар жабайы, ауыздығы жоқ жануарлардан да жаман сияқты. Басқаларды көргенде олар жыртқыштың алғашқы күнәсіз ұжданына қайта оралғандай болып сезінеді: өлтіреді, жағады, зорлайды, қуртады, енді оларды жыраулар көп уақыт бойы өздерінің өлеңдерінде жырлайтынына кәміл сенеді.

Ал енді «адамнан жоғарылардың» сыртқы кейпіне келер болсақ, олардың «туа біткен асылдығы» бір қарағанда-ақ көрініп тұрады. «Осы қасиет бүгінгі таңдағы саудагерлер мен фабриканттарға қалайша жетпей түр десеңізші», - деп қынжылады Ф.Ницше. Егер басшының сыртқы түр-әлпеті оның асылдығын көрсетіп тұрса, онда «тобыр» оған көнуге әрқашан да дайын. Ал егерде ол жоқ болса, онда тобыр адамы кездейсоқ келген бақ пен байлық қана адамдарды көтереді деген ойға келіп, олай болса, біз де өзіміздің бағымызды сынап көрейік деген жаман ойға өтуі мүмкін. Ал Бұл ой социализмді әкеледі, - деп қорытады Ф.Ницше. Әрине, Ф.Ницшенің бұл ойларына фашизм идеологиясының біршама жақтары жақын екенін мойындамай болмайды.

Ф.Ницшенің христиан дініндегі моральдық қағидаларға қарсы келуі, осы кездегі ғылын мен техниқадағы ашылған жаңалыңтар, ойшылдан бұрын өмір сүрген ағартушылардың дінге қарсы бағытталған іс-әрекеттері-барлығы жиналын, оның «Құдай өлді!», өйткені Құдайға сенудің өзіне сенбеушілік пайда болды, - деген тұжырымға келуіне себеп болды. «Болашақта, Құдайдың орнын «адамнан жоғары» пенде алады», - деп қорытады Ф.Ницше.

Әрине, Ф.Ницшенің философиясы қайшылықтарға толы, ешбіртұтастық жүйелігі жоқ, өз заманының әртүрлі өзекті мәселелерін көбіне көркем сөзбен берген көзқарас. Бірақ, соған қарамастан, Ф.Ницшенің ез заманының әлсіз жақтарын сынауы, нағыз тұлғаның әрқашанда қол астындағы болмыстың шеңберін тиістілік негізінде аттап өту қажеттігін көрсетуі т.с.с. ойлары болашақ философиялық ағымдарға үлкен әсерін тигізді.

Қазіргі философиядағы ең ықпалды ағымдардың бірі -экзистенциализм (ехіstentіа - латын сөзі, өмір сүру) философиясы. Ол Батыс Еуропа топырағында екі дүниежүзілік соғыстың арасында қалыптасты. XX ғ. бірінші жартысында ондаған мемлекетгер қатысқан қантөгісте миллиондаған қыршын жастар қаза болып, мыңдаған қалалар, зауыттар мен фабрикалар, ауылдық жерлердегі үйлер қирап, адамзат тағы да варварлық сатыға қайта келгендей болды. Бұл трагедия ойланатын адамдардың санасында өзінің өшпес ізін қалдырып, дүниетанып, оны қайта өзгертуден гөрі, сол қайғылы замандағы адамның өмір сүруіне, оның қайшылықтарға толы дүние тебіренісіне, оның өмірінің мән-мағынасын анықтауға т.с.с. сұрақтарға жете көңіл бөлінуіне жеткізді.

Мұндай ахуал, әрине, өткен ғасырда өмір сүрген дат философы С.Кьеркогердің, неміс философы Ф.Ницшенің, француз ойшылы Б.Паскальдің, орыс жазушысы Ф.Достоевскийдің ойларының өзектілігін көрсетіп, олардың еңбектері экзистенциализм бағытының теоретикалық қайнар көзіне айналды.

Экзистенциализм философиясының негізін қалаған ойшылдарға Мартин Хайдеггер (1888-1976 жж.) мен Карл Ясперсті (1883-1969 жж.) (Германия), Жан-Поль Сартр (1905-1980 жж.) мен Альбер Камюді (1913-1960 жж.) (Франция), Н.А. Бердяев (1874-1948 жж.) пен Л.И.Шестовты (1866-1938 жж.) (Ресей), Виктор Франклді (1900 ж.) (Австрия), Хосе Ортега-и-Гассетті (1883-1955 жж.) (Испания) жатқызуға болады.

Сонымен XX ғ. Еуропа цивилизациясының дағдарысы, зерде мен адамгершілік құндылықтарына деген сенбеушілікті тудырып, трагедияға толы адам мәселесін тікелей философиялық таразыға салды. Бұл саладағы анықталған ең бірінші жаңалық – зерденің негізінде ғылым мен техника дамыған сайын адам болмысының тұрақсыздығы мен нәзіктігінін өсуі. Мұндай күрделенумен қатар қатыгезденіп жатқан дуниеде тұрақтану үшін, адам ең алдымең өзінің ішкі өмірін талдап, соның негізінде өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуы кажет. Мұндай адам өміріне қас дүниеде адам өзінің рухы арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, адамға ең керекті нәрсе - ол зат, материя, я болмаса идея, таным философиясы емес, негізінен алғанда, - адам философиясы. Ал адамға келер болсақ, ол, әрине, ешқандай объект, өндірістің, я болмаса танымның құралы емес, ол субъект — ерікті, өз-өзіне жеткілікті, жауапкершілікті болмыс.

Жоғарыда айтылған жалпы мінездемені нақтылай келер болсақ, онда экзистенция (өмір сүру) мен эссенция (мән-мағына) Ұғымдарының осы философияның негізінде жатқанын байқаймыз. Егер бүкіл жануарлар әлеміндегі тіршілік өзінің мән-мағынасымен бірге бұл дүниеге келер болса, адам ең алдымен бұл дүниеге келіп, неше түрлі қиын-қыстау жағдайлардан өтіп барып, көп уақыттан кейін ғана өз өмірінің мән-мағынасына ие болады. Яғни адамнын өмір сүруі оның мән-мағыналыққа жетуінен анағұрлым алда жүреді. Мысалы, Африкада, я болмаса Амазонканың бойында өмір суретін қолтырауын жағаға шығып, жұмыртқалап, оларды ыстық құмның астына көмеді. Уақыты келген кезде, жұмыртқалардың қабығы жарылып, ішінен кішкентай қолтырауындар жер бетіне шығып, дереу шөлге қарай емес, суға карай жүгіреді. Қолтырауын осылайша миллиондаған жылдар бойы өмір сүріп жатыр. Ол өз мән-мағынасымен бірге өмір сүруге келеді! Ал дүниеге келген сәбиді алар болсақ, ол анасыз өмір сүре алмайды, оны көп жылдар бойы тәрбиелеп өсіру қажет, содан кейін ғана ол өз өмірі жайлы сұрақтарды өз алдына қойып, өмірінің мән-мағынасын ашуға тырысады.

Экзистенциализм философиясында «шекаралық ахуал» деген категорияға көп көңіл бөлінеді. Ол - өмір мен өлімнің екі арасында қалу, үрей мен алаңдау, түңілу мен қынжылу, уайымдау мен қамқорлық т.с.с. Тек осындай адам өмір сүруіне қауіп төнген жағдайда, оның жан дүниесі терең сілкініске ұшырағанда, «өмірде болу» тебіренісінің негізінде ғана адам тез пісіп-жетіліп, өз өмірінің қайталанбайтын ерекше қалыптасатын мән-мағынасын терең аша алады. Экзистенциализм философиясы адамның еріктілігіне ерекше көңіл бөледі. Еріктілік - «қажеттікті тану», я болмаса «табиғи дарынды іске асыру» емес, ол экзистенциямен, яғни өмір сүрумен тең. Адам дегеніміз - өзін-өзінен жасайтын пенде. Ол - өзінің өзіндік жоспар-бағдарламасы. Бұл дүниеде еш нәрсе адамды билей алмайды. Адамның себебі тек өзінде ғана, ол өзіне «Саиза зиі». Ал еріктілік дегеніміздің өзі—таңдау. Адам ерікті пенде ретінде ойына не келсе, соны істей алады. Бірақ, сонымен қатар ол өз істеріне жауапты өзі ғана беруі қажет. Сондықтан Ж.П.Сартр: «Еріктілік дегеніміз - адамға артылған адамгершіліктің ауыр жүгі», - деген болатын. Адам тек өз ісіне ғана емес, басқаларға да жауапкершілікті. Ол өз-өзін жете түсінудің арқасында басқалардың да терең сырын өзіне аша алады. Адам экзистенциясының іргетасты ерекшеліктерінің бірі -трансценділеу, яғни өз шегінен өтіп кету. Сонда адам өз шеңберінен аттап өтіп, не нәрсеге жеткісі келеді? Діни экзистенциализм Құдайды трансценденттікпен теңейді. Олай болса, Құдаймен қосылуға ынтық болу, нағыз еріктілікті содан іздеу діни трансценділеу болып есептеледі. Діни экзистенциализмнің көрнекті өкілі Н.Бердяевтің айтуына қарағанда, «адам табиғи дүниедегі үзілгендік», екі-жақты, қайшылық пен қайғылыққа шомылған пенде. Сондықтан оны түсіну - одан да жоғары түрған Құдайды талап етеді. Ал мұның өзі адамның Құдайға тәуелді пенде екендігін көрсетпейді. Философия адамның құдайшылдығын, Құдайдың адамгершілігін көрсетуі қажет. Өйткені Христостың өзі адам болып туды. Құдай дегеніміз - ол рух. Олай болса, тек қана рухани қарым-қатынас қана адамдардың терең мәнін көрсетеді.

Ал атеистік бағытқа келсек, оның өкілдері – Ж.П. Сартр мен А. Камю - оны ештеңеге теңеп, ол экзистенцияның ең терең құпиясы деген пікірге келеді. Сонымен экзистенция дегеніміз - өзінің шектелгенін, яғни уақытша екенін сезінетін, ештеңеге бағытталған адам өмірі. Экзистенциализмнің ерекшеліктерінің бірі — жеке адам мен әлеуметтік болмысты бір-біріне қарсы қою, осы адамзат болмысының екі жағының бір-бірімен ымыраласпайтынын көрсету болып табылады. Олай болса, адам емірінің ерекшелігі - өмір сүру мен мәндіктің, болу мен алудың, таным мен түсінудің арасындағы тебіреніс, таңдау. Мұның өзі адам болмысының трагиқалық жақтарын көрсетеді. Өзінің «Болмыс пен уақыт» деп аталатын көлемді еңбегінде М.Хайдеггер адамның өмір сүруін -«осы арадағы болмыс» деген ұғыммен береді. Мұндай ұғымды философияға енгізіп, ол адам болмысы - тарихи болмыс екенін, ол яғни «қазір және осы арада» өмір сүріп жатқаның көрсеткісі келді. Дүниеде адамнан басқа ешқандай тіршілік өзінің шектелгенін, яғни өлетіндігін білмейді. Олай болса, тек адамға ғана уақыттылық, ал сонымен бірге өмірде болу мәселесі тән. Бұл түрғыдан алғандағы философияның негізгі мақсаты - ол дәл қазір өмір сүріп жатқан адамның ішкі тебіренісін зертгеу, содан шығатын өмір тәжірибесін талдау болып табылады. Бұл М.Хайдеггердің жасаған жаңа онтологиясы еді. Яғни ол - уақытпен шеңберленгең адам болмысы, осы арада өмір сүріп, басқалармен бірге коммуникацияға (қатынасқа) түсу.

Алайда индустриалдық қоғамда адамның болмысы өзінің бишынайылығымен тең. Конвейерден шыққан бір-біріне ұқсас заттар сияқты, адамдар да орталанып, бір түлға екіншіні жеңіл ауыстыра алады. Адамдар бірін-бірі ауыстыра алатындықтан, «басқа», ол «нақтылы басқа тұлға» емес, «қайсыбір басқа», «жалпы бір басқа». Мұндай жағдайда «ол да», «мынау да», менің «өзім де» шынайы субъект емеспіз. Мұндай тобыр адамын Н.Бердяев «объективацияланған дүние» деген терминмен берген. Ал адамның шынайы болмысына келер болсақ, ол - адамның тарихи пенделігін, уақыт шеңберінде шектелгенін, сонымен қатар өзінің еріктілігін сезінуінде. Шынайы болмысқа жету үшін адам күнделікті күйкелі өмірден бас тартып, соңғы өмірдің шегі - өлімге тікелей қарай алатын жағдайға келуі қажет.

Діни экзистенциализм бұл мәселенің басқа шешімін ұсынады. Г.Марсельдің ойынша, адамдар шынайы болмысты заттардың болмысымен теңейді. Ал шынайы болмыс, негізінен алганда, әрқашанда тұлғалық болмыс. Болмыс - «Ол емес», «Сен», сондықган адамдардың Құдай алдындағы бір-бірімен ішкі сырларын бөлісуі, ең құпия тереңде жатқан тебіреністерімен бөлісуі шынайы болмыстың алғышарты. Ол үшін, яғни басқа адамның терең сырына жетіп, шынайы болмыстық дәрежеге көтерілу тек махаббат арқылы ғана іске асады.

Г.Марсельдің бұл ойларын дамытқан М.Бубер, Э.Левинас сияқты еврей ойшылдары болды. Олардың ойынша, адамның дүниеге деген қарым-қатынасы екіжақты, өйткені оның сөздігінде екі негізгі сөз бар. Олардың біреуі «Мен және Сен» болса, екіншісі «Мен және Ол». Дүние адамзат тәжірибесі ретінде «Мен және Олға» жатады. «Мен және Сен» адами шынайы қарым-қатынасты тудырады. Олай болса, адам алдында дүниеде болудың екі мүмкіндігі бар. «Мен және Сен» шынайы болмысты тудырса, «Мен және Ол» - адами қарым-қатынастарды заттандырады. «Сен» деп қарым-қатынасқа түскен адам - ол заттардың арасындағы зат емес. Мен оны тануға, зерттеуге тырыспаймын, өйткені мен онымен қарым-қатынастамын. Егер ол қатынастардан шыққанда ғана, мен оны тани бастаймын. Тану, білу - «Сеннің» алшақтауына әкеліп соғады.

«Мен және Сеннің» қарым-қатынасын махаббатпен теңеуге болады. Махаббат сезімі бүкіл дүниені өзінің сәулесімен жарқыратып, гүлдендіреді. Махаббат аясындағы адам қайсыбір адамды, жақсы мен жаманды, сұлу мен түрсізді, ақылды мен наданды -бәрін де ерекше «Сен» ретінде қарайды. Алайда адам болмысының трагедиясы - «Мен және Сеннің» қарым-қатынасының сарқылу, я болмаса құралға айналу мүмкіндігінде.

Экзистенциализм философиясының ірі өкілінің бірі - Виктор Франкл. Ол қазіргі қоғамдағы адамдардың қасіреті - ноогендік невроздарда, яғни адамдардың өмір сүрудің мән-мағынасынан айырылып қалуында деген пікірге келеді. Соңғыны В.Франкл «экзистенциалдық вақуум» деген ұғыммен береді. Өз болмысының мән-мағынасынан айырылып қалған кейбір адамдар, рухани жүдеуліктен арылу үшін «Құдайды іздеу» жолына түссе, екіншілер нашақорлық пен ішімдіктің сағымында жүреді, үшіншілер қоғамдағы тәртіпке қарсы бағытталган қылмыстық іс-әрекеттерге, тертіншілер суицидке (өз-өзін өлтіру) дейін барады. Өзінің гуманистік көзқарасынан таймайтын В.Франкл өмірдегі ахуал қандай қиын болса да, тіпті жазылмайтын сырқат, өлімнің өзі болмасын, адам ез өмірінін мән-мағынасын жоғалтпауы керек, -деген терең ойға келеді. Өзінің екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Бухенвальд қонцлагерінде болған экзистенциалдық тәжірибесін сараптай келе, В.Франкл тек қана өз өмірінің мән-мағынасын сақтап қалған адамдар ғана сол тозақтан құлылғанын, ал өмірдің мән-мағынасын жоғалтқан кепшіліктің «малға ұқсайтын тобырға» айналып кұрығанын айтады.

Әрине, реформа барысындағы бүгінгі қиын-қыстау жағдайларда біршама адамдар бүрынғы ұстаған жан дуниесіндегі құндылықтардан айырылып, сонымен қатар жаңа құндылықтарды қабылдай алмай, экзистенциалдық вакуумде жүргендері баршамызға аян, мұның өзі неше түрлі «әлеуметтік ауытқудың» түрлерін туғызып, реформаның әрі қарай өрлеуіне өзінің кеселін тигізіп отыр. Мұндай қиын жағдайда экзистенциализм ілімінің «әлеуметтік ахуалға» сілтегеннен гөрі, жеке тұлғаның ерікті іс-әрекетінен шығатын таңдауға, ал оның өзі белгілі бір жаңа ахуалды тудырып, өмірдің жаңа арнасын ашуының мүмкіндігін көрсетеді деген құнды пікіріне оқырманның назарын аударғымыз келеді.



Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1.Адам және оның болмысы.

2.Адам проблемасының философияда қойылуы.

3.Адамның рухани әлемі, діни және ғылыми тұжырымдар.

4.XX ғасыр аяғы – XXI ғасыр басындағы рухани мәдениеттің ерекшеліктері.

5.Неогегельянство, неопозитивизм, неотомизм.

6.Иррацианализм бағыттары.

7.Экзистенциализм. Позитивизм.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет