О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар



Pdf көрінісі
бет122/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   161
Байланысты:
О.ӘБУТӘЛІП

Күнделікті мәселелерге байланысты бұйрықтар
мекеме 
жұмысының күнделікті болып жатқан түрлі мәселелеріне байланысты 
беріледі. Оған жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішіндегі 
басқа жұмысқа ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу т.б. жөніндегі 
бұйрықтар жатады. 
Төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар
мекемеде күтпеген 
оқиға болған кездегі іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу, оқиғаға байла-
нысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі. Мұндай бұйрықтар 
мазмұнында лауазымды адамдарға жүктелетін міндет анық көрсетіліп
кей жағдайда оларға қосымша өкілеттік те беріледі.
Арнайы бұйрықтар,
көбіне, қаржы-экономикалық мәселелерге бай-
ланысты беріледі. Мысалы, жыл немесе тоқсан қорытындысы бойынша 
ақшалай сыйлық тағайындау, еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау, 
мадақтау, көтермелеу т.б. Мұндай бұйрықтар 2 дана етіп басылып, 1 да-
насы марапатталған адамға тапсырылады.
Бұйрықты дайындау барысында, оның орындалуына мүдделі меке-
мелермен және құрылымдармен келісіледі. Келіскені туралы бұйрық 
жобасының бір данасына белгі (бұрыштама) қойылады. Бланкке басылған 
бұйрыққа мекеме басшысы қол қояды. Бұйрық қол қойылған күннен бас- 
тап күшіне енеді. 
6
Құрылымы:
1. Мекеме атауы.
2. Жазылған күні, айы, жылы, орны. 
3. Бұйрықтың тақырыбы. 
4. Құжат нөмірі, атауы.
5. Айқындаушы бөлік
(Бұйрықты беруге негіз болған дерек, 
бұйрықтың мақсаты). 
6. Өкімдік
 
бөлік 
(Негізгі мәтіні).
7. Бұйрықтың орындалуын қадағалаушы тұлға жайлы мәлімет 
(міндеті, аты-жөні, лауазымы). 
8. Бұйрық беруші адамның лауазымы, аты-жөні, қолы.


199
Орынғазы Әбутәліп

1-үлгі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет