6. Жауап хаттың мәтіні бастама құжаттың мазмұнына байланысты
болады. Мұнда хатқа, сұрау салуға, өтінішке, үндеуге, ұсынысқа, талап
етуге байланысты жауап жіберіледі. Жауап хатта жауап берілетін бастама
(кіріс) хаттың индексі мен күніне сілтеме берілуі тиіс. Егер бастама хат
жеке тұлғадан түссе, сілтемеде кіріс құжаттың түскен күні көрсетіледі.
Мәтінде бастама хатқа байланысты қабылданған шешім беріледі:
ұсыныстан бас тарту, өтінішті орындау, сұрау салуға жауап. Жауап нақты,
анық түрде берілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |