О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет153/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   239
Байланысты:
is-kagaz Abutalip (1)

Халықаралық Бизнес 
Академиясының
барлық факультеттеріне
 
ЦИРКУЛЯР ХАТ
  Алматы  қаласында  қысқы  «Азиада  ойындары»  өтуіне  байланыс- 
ты  2011  жылдың  31  қаңтары  мен  14  ақпаны  аралығында  оқу  үдерісі 
тоқтатылсын.
  
Бірінші проректор                              (қолы)                 Ж.Үсенов
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Циркуляр хат қандай хат?
2. Ол қай жағдайда жазылады?
3. Ол қай уақытта жөнелтіледі?
4. Циркуляр хаттың құрамы неден тұрады?
 Тілдік бірліктер:
•  Оқу бөліміне тапсырылсын
•  Оқу үдерісі тоқтатылсын
•  Егу жұмысын жүргізу мақсатында
•  Тұмау ауруының етек алуына байланысты
•  Уақытша тоқтатылсын
•  Жазғы сессия материалдары


175
Орынғазы Әбутәліп
•  Электронды нұсқада тапсырылсын
•  Қалалық СЭС (санитарлық-эпидемиологиялық станция)
•  ..... жылдың ..... ақпанына дейін
•  ..... жылдың ...... қаңтары мен ..... ақпан аралығында
ç
 Тапсырмалар:
1.  Оқу  бөлімі  атынан  факультеттерге  жазғы  сессияның  материал-
дары  (билеттер,  тестер)  электронды  нұсқада  тапсырылуы  керектігін 
мәлімдейтін циркуляр хаттың үлгісін жазыңыз.
2. Республикалық спорт комитеті атынан қалалық спорт комитеттеріне 
олимпиадалық резервтің құрамындағы спортшылардың Шымбұлақ база-
сында 02.03.-05.03.2010 аралығында жаттығу өткізілетінін мәлімдейтін 
циркуляр хаттың үлгісін жазыңыз.
3.  Мектеп  директоры  атынан  сынып  жетекшілеріне  ай  сайынғы 
тестілеуден 
11-сынып 
оқушыларының 
үлгерім 
сапасының 
қорытындыларын сызба түрінде тапсыру туралы циркуляр хаттың үлгісін 
жазыңыз.
4.  Облыстық  СЭС-тің  атынан  емхана  меңгерушісі  атына  тұмау 
эпидемиясының  алдын  алу  үшін  тұрғындарды  егу  жұмысын  жүргізу 
мақсатында циркуляр хаттың үлгісін жазыңыз.
5. Қалалық СЭС-тің меңгерушісі облыстық білім беру департаментінің 
басшысына  «А  тұмауы»  ауруының  етек  алуына  байланысты  қалалық  
мектептерде сабақтың уақытша тоқтатылуын талап ететін циркуляр хат- 
тың үлгісін жазыңыз.
6.  Оқу  бөлімі  басшысы  атынан  факультет  деканы  атына  студент-
терді мемлекеттік бақылауға дайындау кестесін 01.02.2010 жылға дейін 
өткізулерін талап ететін циркуляр хаттың үлгісін жазыңыз.
h
 Сөздік және сөз тіркестері:
Оқу бөліміне тапсырылсын  
– поручить учебной части
Оқу үдерісі тоқтатылсын  
прекратить учебный процесс
Тұмау ауруының етек алуына 
– в связи с распространением 
байланысты  
 гриппа 
Уақытша тоқтатылсын  
временно прекратить 
Жазғы сессия материалдары  
– материалы летней сессии
Электронды нұсқада тапсырылсын   – сдать в электронном варианте
Қалалық СЭС (санитарлық-  
– Городская санитарно-
эпидемиологиялық станция)  
 эпидемиологическая станция


176
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет