Л.Есболатова – филология ғылымдарының кандидаты, доцент. А.Мамыров журналистиканың өзекті мәселелеріне қатысты уни- верситетте өткізілген ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың, семинарлардың ұйымдастырылуына ұйытқы болды. Сонымен қатар баспа ісі мамандығының мемлекеттік білім беру стан- дарты мен типтік оқу жоспарларын түзуге автор ретінде қатысты. А.Мамыровтың авторлығымен жарық көрген оқу құралын студенттер- ге қажетті көмекші құрал деп есептеймін. Қазір мерзімді баспасөздегі қоғамдық-саяси мәселелер жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүр. А.Мамыровты 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бо- йынша доцент ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне өтініш жасауға болады деп есептеймін. Кафедра мүшелері бұл ұсынысты ашық дауысқа салды. Дауыс беру нәтижесі «қолдайтындар» – бірауыздан, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалғандар» – жоқ.
228 Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу ҚАУЛЫ: 1. Баспа ісі және редакциялау кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты М.Садықовтың «Редакциялаудың теориясы мен практикасы» атты оқу құралы баспаға ұсынылсын. 2. Баспа ісі және редакциялау кафедрасының доценті міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты А.Мамыровты 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне өтініш жасалсын. Мәжіліс төрағасы, Баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Бердібаев Мәжіліс хатшысы, Баспа ісі және редакциялау кафедрасының әдіскері К.Жұбанова