«Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу» пәнінің глоссарийі
Адресация – лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми
қызметінің толық аты, қажет жағдайда тегі, әкесінің аты, аты.
Анықтама – мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдей-
тін, растайтын, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық ісқағаздың
түрі.
Арыз – ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған
адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу
мақсатында жазылатын ісқағазының бір түрі.
Визит карточкасы – іскерлік қатынас үшін өте керек ісқағаз,
құжат.
Жарнама – тауардың өтімділігін арттыру және коммерциялық
мақсатта жұртшылықты белгілі бір өніммен таныстыру, құлағдар
етуге бағытталған кұжат.
Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы жолданатын, шұғыл
мәселелер туралы хабарламалық сипаттағы құжат.
Жеке іс парағы – жұмысқа қабылдану, сайланбалы органдарға
сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар та-
лап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі
ресми құжат.
Достарыңызбен бөлісу: |