БҰРЫШТАМА
Анықтамасы:
Бұрыштама – мекемеге келіп түскен ісқағаздарының бұрышына жазылатын мекеме басшысының қысқаша нұсқауы. Бұрыштама ұйымда қалатын құжат данасының (жоспардың жоба-
сына, есептерге, хаттарға және басқалар) бастапқы бетінде қойылған
қолдан төмен қойылады.
Бұрыштама Өкімдік құжаттардың жобаларының бірінші данасы-
на қойылады. Өкімдік құжаттың соңғы парағының сыртқы бетіне
бұрыштама қоюға рұқсат етіледі.
Бұрыштама бұрыштама қоюшының қолын, күнін, қажет жағдайда
қолтаңбаның толық жазылуын (аты-жөнін және тегін) бұрыштама
қоюшы лауазымының атауын қамтиды.
Түпнұсқа бұрыштамада бірінші тұрған орындаушыға беріледі.
Бұрыштама тырнақша қолданылмай, кіші әріптермен ресімделетін
«Келісілді» деген сөзден, сондай-ақ құжат келісілетін тұлға лауазымының
атауынан (ұйымның атауын қоса алғанда), жеке қолынан және оның
толық жазылуынан және келісу күнінен тұрады.
Ең бастысы, бұрыштама қысқа жазылуы керек. Онда нұсқауды
орындауға тиіс адам мен орындалу мерзімі анық көрсетілуі керек. Не
істеу керектігі нақты көрсетілуі тиіс. Бұрыштамада мағынасы екіұшты
сөздер жазылмайды.
Мысалы: