89
Орынғазы Әбутәліп
Революциядан соң визит карточкалары буржуаздық сарқыншақтар
болып саналды, сондықтан оларды қолданған жоқ.
Визит карточкалары Кеңес өкіметі кезінде қайтадан пайдаланыла
бастады. Бірақ оның кескіні кішкене өзгертілді. Егер бұрын адам аты
бірінші жазылса, енді адам аты оның тегінен соң жазылды. Бұл мәселе
шетелдіктердің есін шығарды, өйткені халықаралық этикетте адам аты
бірінші жазылады.
Кеңес визит карточкасының тағы басқа бір ерекшеліктері, ол – оның
мөлшері мен талғампаздықтан және салтанаттан бас тартуы.
Егер Еуропада, мысалы визит карточкасын ұмытып кетсе немесе кез-
десу кезінде визит карточкасы болмаса, олар оған сондай қатты көңіл
бөлмейді екен.
Егер келіссөзге төрт адамнан көбірек қатысатын болса, визит карточ-
каларын олардың отыру ретімен қою керек, бұл олардың аттарын дұрыс
айтуға және тез есте сақтауға мүмкіндік береді.
Визит карточкасының екінші жағы таза болған дұрыс, бұл жерде
керекті қосымша ақпарат жазылады.
Визит карточкасын қолданудың ережелерін білу, іскер адамның
беделіне және келешектегі істерінің жақсы жүруіне, табысқа жетуіне
үлкен әсерін тигізеді.
Визит карточкасын пошта немесе көмекшің арқылы беріп жіберген
кезде төмендегі көрсетілген шартты белгілерді пайдалансаңыз болады.
Мұндағы сөздің бірінші әрпі француз тілінен алынған әдеп деп санала-
ды. Бұл шартты белгілерді тек француздар емес, бүкіл дүниежүзі пай-
даланады. Бұл сөздердің аудармасын білмеуіңіз мүмкін, бірақ та мұны
жаттап алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: