О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет93/239
Дата06.01.2022
өлшемі3 Mb.
#14588
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   239
3-үлгі 
СЕНІМХАТ
26 ақпан, 2010 ж., Шымкент қаласы
Мен, Шымкент қаласы, Абай даңғылы, 12 үй, 34 пәтердің тұрғыны, 
01.12.2006  жылы  ҚР  ІІМ  берген  №1234567989  жеке  куәліктің  иегері 
Ерғазин Ұлан Еркінжанұлы
Шымкент  қаласы,  Қазыбек  би  көшесі,  54  үй,  32  пәтердің  тұрғыны, 
28.01.2008  жылы  ҚР  ІІМ  берген  №1234567989  жеке  куәліктің  иегері 
Омаров Қанатқа, «ШНОС» мұнай өңдеу зауытының директор қызметін, 
менің атымнан жүргізуге сенім білдіремін.
Бұл үшін мен Омаров Қанатқа:
–  менің атымнан қол қоюға
–  банктегі есептерімді пайдалануға
–  тиісті құжаттарды рәсімдеуге
–  келісімшарттар жасауға өкілетті етемін.
Сенімхат 2011 жылдың 26 ақпанына дейін берілген.
26.02.2010 ж.                                           Ұ.Е. Ерғазин ___________
Осы сенімхатты мен, 1998 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы- 
ның Әділет министрлігі берген №1234567989 лицензия негізінде әрекет 
жасаушы Шымкент қаласы, «Аманат» нотариалдық кеңсесінің нотариусы 
Маратов Рауан 2010 жылы 26 ақпанда куәландырдым. Сенімхатқа менің 
қатысуым кезінде азамат Ерғазин Ұлан Еркінжанұлы қол қойды.
Сенім  білдірушінің  жеке  басы  анықталды,  құқықтық  іс-әрекетке 
қабілеті тексерілді. Сенімхаттың мәтіні дауыстап оқылды. №1234 тізбеге 
тіркелді. 650 (алты жүз елу) теңге мемлекеттік салық алынды.
Нотариус   
 
(Қолы) _______________
( Мөрдің орны)


102
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет