О19 Обручев Владимир



Pdf көрінісі
бет6/20
Дата29.01.2017
өлшемі6,9 Mb.
#2981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

АДАМНАН АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕР
Алаңқайдан  әрі тағы  да  орман  танабы  басталды,  олар
алдыңғыдай  иттерді  бұрын  жіберіп  ап,  сүрлеумен  жүріп
отырды.
Кенет орман ішінен иттердің шабалана кеп үрген үні шықты.
Мылтығын  оңтайлап  жетіп  келген  жиһанкездер,  шамасы,
шөлдеп  көлге  беттеген  жерінен  иттер  тоқтатқан  бір  үйір
жылқыны  көрді.  Иттер  құйрығын  қысып  ап  ызыға үреді
кеп,  ал  жылқылар  жолын  бөгеген  құйтақандай  батыл
немелерге таңырқап шекеден қарайды.
Тұяғымен жер тарпып осқырғанымен де олардың ілгері
жылжуға батылы бармайды.
– Енді не істейміз? Жол жабық, – деп күйгелектенді
Костяков.
– Атуға тура келеді, – деп дік етті Горохов.
– Оқпен атпаңдар тек! – деп жалынды Горюнов. Ет әзір
жетеді. Мыналардың тұрған тұрысы жаман, жараланса-ақ,

92
айғыры  бізге  тұра  ұмтылып,  қалған  табын  таптап  кетеді.
Үйрекке  деген  бытырамен  бер  жағындағыларын  үркітіп
көріңдер.
Сүрлеудің  жіңішке  жолағынан  гүрс  еткен  мылтық  үні,
алдағы жылқыларға жабысқан бытыра үйірді үйме-жүйме
қылды.
Құлындағы  даусы  құраққа  кетіп,  аспанға  шапшыған
жылқылар  жалт  бұрылып бірін-бірі  тапап,  екі  жағындағы
жас шыбықтар мен бұтаны таптап жанталасты. Ақыры бір
жерге ұйлыққан үйір жалт бұрылып, кейін қарай жөңкіді.
–  Енді  алаңсыз  жүруге  болады,  орманнан  ештеңе
кездеспеуге тиіс, – деді Ордин.
Жабайы  жыл қылардың  жер  жаңғырт қан  дүбірі
жануарлардың  ғана  емес,  құс  атаулының  да  зәресін  алса
керек,  біраз  уақыт  бәрінің  де  үні  сап  тыйылды.  Келесі
алаңқайға олар еш кідіріссіз келді. Келді де тағы аңтарылып
қалды, алаңқайдың дәл ортасында жасыл алқапта оқшаулау
қардай аппақ төбе тұр.
– Мәссаған, мынау қандай үлкен күртік! – деп дауыстап
жіберді Горохов.
– Еріп үлгермеген сең шығар, – деп түзетті оны Горюнов.
– Қазір сең осынша биік бола ма? – деп сұрады Костяков.
–  Жоқ,  биік  болмайды.  Бәлкім,  бұл  түз  қатпарының
төңірегіне қатқан қуатты қайнар тұнбасы шығар.
– Сонда бұл не болғаны?
Жасыл алқаптан өткен соң жиһангездер әлгі төбенің кішірек
көлдің ортасында тұрғанын байқады, әлгі күртік пе, сең бе
деген болжам далада қалды. Жақын жерден төбе бірінің
үстіне бірін қойған саты-саты тақта тас сияқтанды, дүрбімен
қарап көріп еді, олардан шапшып бу шығып жатыр екен.
Мынау керемет төбеге бәрі таңырқай қарап қалды, оның
ұшар басынан шыжылдап, ысқырып шудаланған аппақ бу
аралас фонтан атылды, ол он метрдей көтеріліп барып жаңағы
сатыларға жаңбыр болып жауды. Бұл қызық құбылыс бір

93
минуттан әріге созылған жоқ, төбе қаз қалпына қайта келіп,
сәл мұнарланды да тұрды.
–  Енді  бәрі  түсінікті  болды.  Бұл  геизер  –  жердің
жанартаулы аймағында жиі ұшырасатын мерзімдік ыстық су
арасаны, – деді Ордин.
– Сіздікі жөн, ал төбе – атылған судан шығып, ол сатылап
аққанша тұрып қалатын кремний тұнбасының қатқан қабаты.
Температурасын өлшеп көріп еді, Цельсий бойынша отыз
бес градус, малған қолға ыстықтығы білініп тұр.
– Міне, көлде құс сондығынан да көрінбейді екен-ау, –
деді Костяков.
– Зайыры, балық та жоқ, иірім еш жерден білінбейді, –
деп құптады оның сөзін Ордин.
Алайда көл мүлдем жәндіксіз емес еді. Оның түбінен
қызғылт балдыр кездесіп, арасында ыстық суда өзін жақсы
сезінетін шаян  тәріздес ұсақ жәндіктер өріп  жүрді. Бірақ
текті жануарларға бұл аса қолайсыз болса керек, бірер үйрек
келіп қонып еді, ізінше барылдап қайта ұшты.
– Осы қоналқа жайын ойластырар уақыт жеткен жоқ па?
– деп жан-жағына қарады Горюнов.
– Иә, күн ұясына қонуға жақын, ұзақты күн көрген қызық,
алған әсеріміз аз болмас, – деп келісті Ордин.
– Жыртқыштардан тасалау бір жер таңдау керек, – деп
пікір қосты Костяков.
–  Ағаштың  басына  шығып  кетпесек,  ондай  жер  таба
қоймаспыз, ал құстар құсап бұтаққа шығып отыру қайдан
қолайлы болсын.
– Меніңше, орманда қонбай, ашық алаңқайда түнеу керек,
ұйықтағанда кезек-кезек қарауыл қояйық, – деді Горохов.
–  Әрине,  сөйтеміз,  аңдарды  жолатпау  үшін  отты
сөндірмеуіміз керек, – деді Горохов.
Көл  жағасында  отын  болмағандықтан  одан  шығатын
бұлақты  бойлай  отырып,  орманның  шетіне  келіп  жалғыз
теректің  түбіне жайғасты.  Күн  жарықта  бір түнге  жететін

94
отын әзірлеп, екі жерден от жақты олар. Кешкі асты ішіп
болған соң түнге екі сағаттан кезекшілік белгілеп, екі оттың
арасына  жатып  ұйықтауға  кірісті.  Бірақ  түн  онша  тыныш
болған жоқ: ауық-ауық бірде алыс, бірде жақын әр алуан
үндер келіп, маза бермеді, өгіздің мөңірегені, жылқылардың
кісінегені, мүйізтұмсықтардың гүжілдегені, жапалақтардың
қиқылдағаны естілсе-ақ,  екі ит ол дауысқа  шабалана үріп
жауап береді.
Түн ортасы  ауа тұман түсіп,  алаңқайды орап  алып, ай
жарығы өлеусіреп әрең жетті. Бірте-бірте тұман түстікке қарай
ысырылып, ара-арасында ай сәулесі жарқ етіп, алаңқайды
жап-жарық  етіп жібереді  де,  көл  ортасындағы төбені  сүт
теңізінде жүзіп жүргендей көрсетеді. Оның жиырма минутта
бір атылуы, шырылдап, ысқыруы мен құлаған судың шуылы
тыныштықты бұзады.
Таң  атқасын  терістіктен  әжептәуір  күшті  жел  тұрып,
тұманды  ілезде  ыдыратты.  Аңғардың  шығыс  жиегіндегі
басында алашабыр қар жатқан найза тіс шыңдардан жоғары
көтерілген күн жиһанкездерді жұмысқа сақадай сай тұрған
үстінен басты. Бұл күні олар шығысты бетке алып аңғардың
шетіне шейін барып, оны жиектей отырып, күртіктің қасындағы
қосқа  оралмақ  еді.  Никифоровтың  амандығын  біліп,  оған
мұнда мүйізтұмсықтар мен аюлар бар екенін айтып, оларды
атпа деп сақтандырмақ болды.
Ұзамай  олар  алаңқайдан  бірнеше  шақырым  созылып,
барған сайын аласара беретін орман арқылы шығысқа апаратын
жалғызаяқ сүрлеу тауып алып жүріп кетті. Бірнеше шіл мен
бір  үлкен  құр  атып  алды.  Құрды  иттер  қуалап,  ағаштың
басына  айдап  сап,  ол  иттерге аңтарыла  қарап  тұр  еді,  оқ
қалпақтай ұшырды. Орманнан кейін кездескен алаң саздауыт
екен, ортасы кәдімгі мүкті қорыс, шамасы, бұрынғы көлдің
орны болса керек.
Оны орман жиегімен айналып өтуге тура келді. Ойламаған
жерден иттер орманнан бір бұғыны айдап шықты.

95
–  Демек,  бұлан  да  бар  екен-ау!  –  деп  қуанып  кетті
Горохов.
Бұл  бұлан  емес,  бойы  сондай  үлкен  бұғы  еді.  Әсем
көтерілген әдемі басын бұлан мен маралдың (киелі бұғының)
мүйіздерінің ең тәуір қасиеттерін жинақтаған әшекейлі мүйізі
тіпті келістіріп жіберген. Маралдың мүйізіне оның аумағы
келеді де, бұландікіне иректеліп біткен жалпақ ұшы ұқсайды.
Осынау керемет жануар аңшылардың аранын ашып жіберді
де, итке бөгелген ол жарықшақ оқтан жалп етті.
– Бұланға ұқсайды да, ұқсамайды да өзі, – деді Горохов.
– Сонда нендей аң бұл, сіз білмейсіз бе, Матвей Иванович?
– Менің ойымша, бұл ежелгі бұғы, – деп жауап берді
аңды  әрі-бері  қараған  Горюнов.  –  Се  rvus  euryce  ros,
мамонттың тұрғыласы.
– Бірақ онша ірі емес, жасырағы шығар, – деп сөз қосты
Ордин.
–  Жоқ,  бұл  қарт  бұғы,  мүйізінің  түбіндегі  сырғасына
қарағанда он бес жаста болар, – деді Горохов.
–  Зады,  азып  бара  жатқан  тұқым  болды  ғой, –  деп
топшылады Костяков.
–  Және  де  сирек  тұқым,  тасқа  айналған  басқа  тірі
жануарларды көп көрдік, ал мынау алғаш ұшырасып тұр.
– Демек, мұның тұрқын өлшеп, бас сүйегі мен мүйізін ала
жүру керек, – деді Горюнов.
–  Мүйізі  тым  ауыр  әрі  сақтауы  қиын,  көктемгі  ғой
жарықтық, жұп-жұмсақ, қаны шығып тұр, – деп Костяков
шындығын айтты.
–  Қап!  Бірақ,  әйтеуір  суреті  болады.  Жаңа  иттермеи
арпалысып жүргенде түсіріп алғанмын, – деді Ордин.
Уақыт өткізбей бұғы денесін өлшеп алып, етімен иттерді
азықтандырды  да,  мүйізін  шауып  тастап,  басын  базада
зерттеу үшін өздерімен ала жүрді.

96
– Кешкі асқа миы мен тілін алайық. Бұдан тәтті тағам
табылмайды,  –  деп  тамсанды  Горохов  етік  жамау  ұшін
бұғының жонынан таспа тіліп алып жатып.
Алаңқайдан  әрі  бара-бара  сиреп  аласара  беретін орман
танабы  тағы  да  басталып,  таулардың  тік  жарына  шейін
созылып  жатты.  Соңғы  орманның  айналасы  қалың  мүк.
Мүктің бауырдай жасылы мен бұғы жейтін ақшылы ойпаң
жерге жастықтай жайыла төселіп, құлама жардан домалаған
тастарлы көрсетпей жауып жатыр.
 – Бұғыға жайлы-ақ жер екен! Шіркін, жазда осында
айдап әкеп тастаса ғой, – деп күрсінді Горохов.
–  Санников  жерінде  саз  бен  көлдің  көптігіне  қарамай
шыбын-шіркей  жоқ  екенін  аңдадыңдар  ма?  –  деп  сауал
қойды Горюнов.
– Иә, айтқандай, не сәйгел, не бөгелек, не шіркей жоқ,
тіпті масаның өзі аз, – деп құптады Ордин.
– Бір сөзбен айтқанда, жұмақ! Жаз шыбын-шіркейі өмірден
түңілдіретін  біздің  елден  мүлдем  бөлек,  –  деп  қостады
Горохов.
 – Таяуда ғана сағым мен сайтан туралы не айтқаныңыз
есіңізде ме, Никита. – деп күлді Горюнов.
– Бәлкім, біздің көріп келе жатқанымыздың бәрі алдамшы
елес шығар? – деп сұрады Костяков.
Горохов ұяла жымиып, басын шайқады. Рас, екі күн бойы
көргенінің бәрі ғаламат, бірақ елеске еш ұқсамайды.
– Казачьеге аман-есен оралайық, мұның елес екенін, елес
емес екенін сонда айтармын, – деп әккі якут жол тауып
жалтарып кетті.
Мүкті алқапта жайылып жүрген бірнеше солтүстік бұғысын
көрді бұлар, кісіні көре сала олар да жалт беріп, бұта арасына
сіңіп жоқ болды.
Тік жардың тура етегіне тақағанда олар төбеден құлап
тұрып  қалған  жартас  тасасында  көзге  бұрын  түспеген
таутекелерге тап болды. Олар жар жағалап зырлай жөнелді

97
де, сонан соң көз ілеспес шапшаңдықпен жақпарды жиектеп,
тастар ұшыраспай қалған тұста жеп-жеңіл қарғып кетіп, жүз
метрдей биіктікке барып текше-тасқа сіңіп ғайып болды.
Қынаның қызыл-күрең бояуы мен таңбасы түскен қап-
қара  қабырғасы  түксиіп  сатылап  биіктей  беретін  жар-құз
осынау тамаша аңғарды тұтас көмкеріп тастаған базальттан
тұрады. Оның етегінде өсімдік атаулы жоқ, қынасы жалбырап
бейберекет  шашылған  құз  сынықтары,  әредік  арасындағы
шұңқырлардан қар жалтырайды. Төбеден тиіп тұрған жартас
жиһангездердің  назарын  айрықша  аударды.  Ол  тас
сынықтарынан ада бірнеше шаршы метрлік алаңды жауын-
шашыннан  қорғап  тұрады  екен.  Алаңды  бірақ  таутекелер
тұяғы  шиырлап,  топырағын  шығарып  тастапты.  Оның
түкпірінде табиғи үйшік бар сияқты, онан Гороховтың өткір
жанары түтін табын бірден шалды.
– Ой, мынада адамдар болған! – деп ол дауыстап жіберді.
– Таутекелерді бағып жүрген бе екен? – деп мыр ете
түсті Костяков.
Барлығы үйшіктің маңына үймелей қалды, оның түкпірінде
бірнеше шала, көмір, күл, күйген сүйек жаты Алаңды аралап
жүріп  шақпақ  тастан  тым  тұрпайы  жасалған  қаруларды
кездестірді.
– Тас дәуірдің адамдары! – деді Ордин. – Қаруларының
тұрпайылығына қарағанда тіпті неолит емес, палеолит дәуірінің
адамдары.
– Олар мұнда қашан тіршілік құрған? Бәлкім, мың жыл
бұрын болар? – деп іліп әкетті Костяков.
– Жоқ, оты жақындағы ғана сияқты. Бетіне құз сынықтары
түспеген, тек таутекелер тұяғынан ұшқан шаң ғана жапқан.
–Демек,  Санников  жерінің  бір  тұсынан  тас  дәуірінің
адамдарын, кәдімгі кісі жегіштерді кездестіреміз бе? – деп
сұрады Костяков.
–  Күйген  сүйектер  кісінікі  сияқты,  –  деп  мақұлдады
Горохов.

98
– Осы сіздің онкилондарыңыз болып жүрмесе, игі ғой,
– деп Костяков кінәлағандай Горюновқа тесіле қарады.
– Онкилондардың Сібірден кеткеніне бірнеше жүз жил.
Ол  кезде  терістіктің  халқы  тас  дәуірі  адамдары  емес-ті,
темірді қолдана білетін.
– Иә, онда біздің ата-бабалар кен қазып, темірден пышақ,
үзеңгі, сақина, қармақ соға білетін, – деп оның сөзін Горохов
беркіте түсті.
– Ал темірге қоса олар мүйізден, сүйектен, тастан жасалған
бұйымдарды  да  кең  қолданған.  Ол  бұйымдарды  жаңа
мәдениеттен  жырақ  шалғайда  жатқан,  ауыр  темір  заттар
зордың күшімен там-тұмдап қана жететін тұз халқы ғана
жөндеп жасайды. Алайда мына бұйымдардың жасалуы және
әрленуі  палеолит  емес,  неолит  дәуіріндегілерімен  ғана
салыстырарлықтай, – деп ежіктеді Горюнов.
– Яғни бұл от онкилондардікі емес қой.
–  Әрине,  онкилондардікі  емес.  Зайыры,  бұл  арада
мамонттардың  үңгір  аюларының,  мұз  басу  дәуірінің
соңындағы басқа да жануарлардың замандасы, көне тас дәуір
адамдары да сақталған секілді.
– Жануарларының сақталғанын көрдік емес пе, ендеше,
адамдары да аман, – деп қойды Ордин.
–  Әлгі  жабайыларға  қарағанда  мәдениеті  жоғары
онкилондар қырып салмаса, ол адамдар сақталуы да ықтимал
– деді Горюнов.
–  Отқа  қарағанда,  олар  бертін болған  немесе  әлі  бар,
жалғыз-жарым болса да кездесуі керек, – деген пікір білдірді
Ордин.
– Тас дәуірдің тағы адамдарын көру қызықтың көкесі
болар, – деп қостады Костяков. – Олар, шамасы, аңғардың
шетіндегі  үңгірлерде  тұруы  керек,  сондықтан  кісі  жейтін
жабайылармен кездесу қатерлі екенін Никифоровқа ескертіп
қою керек.

99
Шоқтың  бауырына  қайтып  оралып,  жиһангездер  оны
жағалай отырып түстік-батысты бетке алып, кешқұрым өз
базасына жақындады .
Ақ күртіктерге тақау қалғанда, төзімі таусылған Горохов
көздеп  тұрып  жақпар  таста  ыңғайлы  тұрған  бір  таутекені
басып салды.
Оған  жауап  ретінде  база  жақтан  да  мылтық  атылып,
Пеструханы  ертіп  Никифоров  оларға  қарсы  шықты.  Иті
құйрығын бұлғаңдатып, Крот пен Белуханы иіскелеп, ауыз
жаласты да қалды.
Никифоров осының алдында ғана бір өгіздің етін алып
келіп, күндіз бір таутекені атып түсіріп, отын әкеліп алған
екен. Ол күртіктен өзіне қамба да қазып, ішіне шатырын
тігіп те үлгеріпті, оның аузына тақта-тақта мұз үйіп, бір кісі
әрең сиярлық қана жол қалдырыпты. Оны да түнде мұзбен
бітеп, Пеструханы серік етіп, өзін қауіп-қатерден ада сезінсе
керек.
ОНКИЛОНДАРМЕН КЕЗДЕСУ
Ертеңіне  тымық  күн  жиһангездерді  түске  дейін  жіпсіз
байлады, өйткені оған дейін тұман бір сейілген жоқ, зайыры,
Санников жері ауа райының, әсіресе көктемгі ерекшелігі осы
болса керек. Бұған таңданып та болмайды: қыруар жылы
көлдер мен жылғалар ауаға ылғалды көп береді. Ал айнала
мұзарт таулар мен қырлы алқаптар күн батқан соң ол ылғалды
суытып,  соқыр  тұманға  айналдырады.  Ойпат  ауасының
ылғалды екенін мүк пен қынаның қалыңдығынан-ақ аңғаруға
болады. Ағаштардың барлығының өн бойын мүк басқан, ал
жапырақтарынан шудаланып сұр қына салбырап тұрады.
Тауларының биіктігіне қарамай Санников жерінің Қазандық
аралынан  анда-санда  ғана  көрінетінінің  де  себебі  осы
тұманның  қырсығы  болса  керек.  Көктемде  оны  тұман

100
құдайдың құтты күні торлап, кейін ол теңіз ашылғанда жерді
қалың мұнар болып орап тастайтынға ұқсайды.
Арал  түкпіріне  екінші  саяхат  терістік-батыс  бағытта
басталды. Бұл бағытта да ормандар ұлылы-кішілі алаңдармен
алмасып  отырды.  Алаңқайлардың  көбінің  ортасында  көл
бар, түстікке таяу жатқандары қамыс басып, қорысқа айнала
бастаған, алысырақ жатқандары әзір одан аман. Бу атқылау
көлдердің кейбірінен ғана кездесті, оның өзі де тым әлсіз.
Тегі,  бұл  төңіректе  жанартаулар  сөніп  болса  керек.
Алаңқайларда  егіздер мен жылқылар там-тұм  ұшырасты,
адамнан запы көргенінен болар, олар аз болғанымен аса сақ.
Мүйізтұмсықтарды бір-ақ мәрте, оның өзінде алыстан көрді.
Оның есесіне қамысты мекендеген қабандар көп екен, бірін
кешкі асқа атып та алды.
Қоналқаға үлкен бір алаңқайдың шетіне тоқтап, қоржын
мен мылтықтарды шөпке тастап, отын кесіп әкелгелі бәрі
орманға жөнелді. Кенет заттардың жанында қалған екі ит
жан даусы шыға шабаланып үрді-ай кеп. Жақынырақ жүрген
Горохов пен Ордин алаңқайға жүгіре шығып, қоржындарын
иіскелеп жатқан дәу аюды көрді, тегі, жас еттің иісі аранын
ашып жіберсе керек. Шабаланған иттер артқы аяғынан тістемек
болып қанша тырысқанымен аю қарар емес, ашу шақырып
гүж-гүж етеді.
Не  істеу  керек,  мылтықтар  иттердің  қорғаштағанына
қарамай быт-шыты шыққалы тұрған қоржындардың жанында
жатыр. Қолында балтасы бар Ордин Гороховқа сыбыр етті.
– Мен мұның ту сыртынан кеп балтамен соғайын, бұрыла
бергенде мылтықты ал да ат.
Көзді ашып-жұмғанша болған жоқ, аю бір қоржынды қақ
айырып, тұмсығын тығып та жіберді. Ордин атыла кеп бар
пәрменімен сілтеп, аюдың шүйде тұсына балтаны ұңғысына
дейін кіргізіп жіберді де жалт берді. Ащы дауыс алаңқайды
басына  көтерді,  аю  артқы  аяғымен  тік  тұрды  да  сол  сәт
тасасындағы  Кротты  жаншып  тастай  жаздап  шалқасынан

101
құлады. Аюдың  жұлын омыртқасы үзілген еді,  ол ақыра
өкіріп, алдыңғы аяғымен далбасалап шөпте домалап жатыр.
Иттер  оның  қимылсыз  артқы  аяғына  жармасты,  Горохов
үлкен бір оқты сол жақ бүйірінен қадалтты. Бірнеше минуттан
кейін бұрқыраған қаны шөпті жуып, алып дене қимылсыз
жатты.
Бір-бір құшақ отын алып, Горюнов пен Костяков та жетті.
Бәрі аюды қоршап алып, оның орасан дәулігіне таңырқасты:
ол өздеріне таныс кәдімгі коңыр аюдан бір-жарым есе үлкен
екен, азуының ұзындығы он сантиметрден асады.
– Осы жолы оңай құтылған екенбіз! – деді Горюнов.
– Жарылған бір қоржын мен иттің жарақатынан зорырақ
садақа беруге тура келетін еді.
  Шынында  да,  аю аласұрып  жүріп  аяғымен  Белуханы
бүйірден періп қалған екен, қанталап шыға келіпті. Қазір ит
жеңіл жараны өзі жалап, емдеп жатыр.
– Алда бұл бізге сабақ! Заттардың жанында мылтығын
сайлап  біреу  қалуы  керек  қой,  –  деді  Ордин.  –Алып
жыртқыштың арқасына балта қадау сәті ылғи түсе бермейді.
– Оның табанына бір түссең, тірі кете алмайсың! – деді
Горохов аюдың терісін сыпыруға кірісіп. Ордин аюдың тұрқын
өлшеп, қас қарайып суретке түсіре алмағанына өкінді.
Заттарды басқа жерге көшіруге тура келді, себебі аю етінен
сүйкімсіз бір иіс шығып отырғызбады. Бірақ ол иіс иттердің
етке мелшектей тоюына еш бөгет болған жоқ. Түн мазасыз
өтті.  Иттер  қайта-қайта  шәуілдеп  тынған  жоқ,  олардың
неменеге абалағанын айыруға түн ортасына таман алаңқайды
тұмшалап  тастаған  соқыр  тұман  мүмкіндік  бермеді.  Жүз
қадамдай  жерде  қалған  өлімтіктің  тұсынан  сылпылдаған
жүріс, ырылдаған дыбыс, күтірлеген сүйек үні келіп, бәзбір
түнде  жортар  жыртқыштар  мәре-сәре  болып  жатты.
Алагеуімде Горохов аюдың сүйегін ғана тауып, бұл жақындай
бергенде тура тартқан екі үлкен қасқырды көріпті.

102
Ол күні желдің әсерінен тұман ерте сейіліп, жиһангездер
терістік-батыс бағытындағы жолын әрі қарай жалғады. Қайтар
жолда ала кетпек оймен аю терісін Горохов баурайдағы екі
ағаштың арасына керіп жайып кетті. Көлі бар тағы да екі
алаңқайдан өтті, екіншісіндегі тұнбадан түзілген ақ төбеден
бу көптен бері атылмаса керек, айналасын қына басып кетіпті.
Үшінші  алаңқайға  шыға  бергенде  қарсы  жақтан
адамдардың даусы естілді. Алайда иттер абалай қоя беріп
еді  – дауыс  бірден сап  болды. Алаңқай арқылы  кішірек
көлді айналып өтетін соқпақ жол жатыр, жағадағы дымқыл
топырақтан аяғында жұмсақ торбас бар адам ізін оңай айыруға
болады.
– Мыналар ма, тас дәуір адамдары емес, – деді Горюнов.
– Тегі, олар әлі де жалаңаяқ жүрген шығар.
–  Аяғына  кигендері  терістіктің  тұрғылықты  халқынікі
сияқты болса, оларға туыс боп шығады ғой, ендеше, олармен
кездесуден тайқақтамау керек, – деп нығарлай түсті ойын
Ордин.
Қамысы қарсы алдағы алаңқайды көлегейлеп тұрған көлді
айналып келесі бетке шыққанда төбесі түтіндеген жап-жасыл
адыр көзге түсті. Төбе маңында адамдар жүр, біреуі биікке
шығып, алаңқайды шолып тұр. Көл сыртынан келе жатқан
жиһангездерді  көріп,  ол  қалғандарына  хабарлады  оны,
сөйткенше болған жоқ, отыз адамнан құрылған жасақ алқапты
ала  тізіліп,  бұларға  қарсы  жүрді.  Жақындағанда  барып
байқады,  бәрі  де  қаруланған  екен:  әрқайсысы  оң  қолына
ұзын найза ұстапты, сол қолында – садақ, арқасында жебеге
таққан қауырсын көрінеді.
Жиһангездерге жүз қадамдай қалғанда жасақ қалт тоқтап,
зады, көсемі болуы керек, жолмен келе жатқан біреуі қолын
көтеріп, айғай салды.
– Анау не айтып тұр? Қай тілде сөйлейді өзі? – деп
сұрады Горюнов Гороховтан.

103
– Чукот тіліне ұқсас сияқты, – деп жауап берді Никита.
– Бейбіт адам болсаңдар, екі қолдарыңды да көтеріңдер
деп бұйырады.
Жиһангездер  қолын  жоғары көтерді. Жасақ  сол замат
қайта қозғалып, көсемінің белгісімен отыз қадамдай жақын
келіп тағы да қалт тоқтады.
– Неткен адамсыңдар, біздің жерге қайдан және не үшін
келдіңдер? – деп сұрады көсемі.
– Оларға айт, біз түстік жақтан Үлкен жерден келген ақ
адамдармыз де, мұздардың ортасындағы мына кішкентай
жерді көргелі келдік де, – деп тапсырды Горюнов.
Горохов оның айтқанын аударды.
– Онда жақындаңдар, ақ адамдар, бірақ біліп қойыңдар,
біздің бәріміз де қаруланғанбыз әрі көппіз, – деді жасақ
басшысы.
Әр қимылды қадағалап кадала қалған отыз жұп жанардың
ұшында жиһангездер көсемге жақындай берді. Горюнов алға
шығып, оған қолын ұсынды. Көсем оң қолын әуелі маңдайына
қойып, содан жүрегіне апарып, ақыр аяғында ғана мейманның
қолын қысты. Осы ғадетін ол қалғандарға қайталады. Сол-
ақ екен, жасақ айнала шеңбер жасап, келгендерді алқа-қотан
қоршап ала  қойды;  қолына  қару  ұстап  иық  тақаса  тұрған
жауынгерлер  біріне-бірі сыбырлап,  жатжерліктердің  киімі,
етігі,  қоржыны,  беліне  қыстырған  балтасы  мен  арқасына
асынған жалтырақ таяғы туралы айтып жатты.
Жауынгерлердің бәрі белуарына дейін жалаңаш, бұтында
тері шалбар, аяғында теріден жасалған жеңіл торбас. Беті,
иығы,  кеудесі толқын,  шеңбер,  нүкте  тәрізді  таңбалардан
көрінбейді. Әрқайсысының мойнында қасқыр тістерінен тізген
алқа бар, оның алдыңғы жағында ұп-ұзын аю азуы екі-үштен
тағы тұр. Жылтыр қара шаштары еңбегінің тұсына түйіліп,
арасына бірден, екі-үштен бүркіт қауырсыны қыстырылған.
Денелері бұлтық-бұлтық бұлшық ет, жүздері қараторы, аздап
атжақты, көздері қап-қара, қыр мұрынды бәрі. Үстіңгі екі

104
күрек тісі қызылмен боялып, онысы күлгенде кісіні өзгертіп
жібереді екен, ауыз бейнебір екі дөңгелек тесік сияқты болып
кетеді. Тегі, бұл тайпа дұшпанына дес бермейтін Жаужүрек
болса керек, тек қарулары қарапайым: найзаларының ұшы
жылтыртас,  жебесінің  басы  сүйектен,  беліне  қыстырған
балтасымағының басы тас та, сабы ағаш. Арқасында жебе
салған қорамсақтан басқа дағарадай көн қалқан бар.
– Сіздің халықты, мынау жерді қалай атайды? – деп
сұрады Горохов Горюновтың тапсыруымен.
– Менің халқым – онкилондар. Мына жер де біздікі,
бабаларымыз жаулап алып берген. Менің атым Амнундак,
онкилондардың  көсемімін.  Ал  мына  сендерді  және
жерлеріңді қалай атайды?
Бұған, бұл секілді және бірсыпыра сауалына жауап алып,
мұнда ақ адамдар қандай себеппен, қай жолмен келгенін
білгеннен кейін:
– Ит арқасы қияннан санаулы-ақ адам келген екенсіңдер,
онкилондардың қонағы болыңдар. Менің тұрағыма жүріңдер,
– деді көсем.
Осыны  айтты да ол бұрылып  жолға  түсіп жүре  берді,
жиһангездер  соңынан  ерді,  жауынгерлер  екі  жақтан
қапталдай,  артынан  тізіліп  келе  жатыр.  Олар  Гороховтан
киім-кешек, қару-жарақ, мұз жолы, үлкен жердегі тұрмыс
туралы сұрай бастады. Сірә, олар үлкен жер жайында атадан
балаға ауысып жалғасып келе жатқан аңыздардан бірдеңе
білсе  керек.  Горохов  олардың  сауалына  әрең  жауап беріп
үлгеріп  келеді,  оның  үстіне  чукотшаға  ұқсағанымен,
онкилондар тілінің едәуір өзгешелігі бар, сондықтан бірін-
бірі олар кейде түсінбей де қалады.
Жаңағы  жасыл  төбе онкилондардың  тұрағы  –  жалпақ
жертөле болып шықты. Көсем есік тәрізді тері ілінген кірер
ауызға кеп тоқтады да, пердені көтеріп, меймандарға ішке
кір деп ымдады. Кірер ауыз аласа болғандықтан бәрі де
еңкейіп енді. Жертөленің орта тұсында от жанып, оның үстінде

105
шанышқы сияқты таяқта әлденеше кесек ет шыжғырылып
жатыр. Орта тұсқа арасы алты метр төрт бұрыштап қойылған
төрт аша, олардың басы жуан үргілермен матастыра байланған,
жоғарырақ  жіңішкерек  бөренелерден  бұралған  шатыр  тұр.
Шатырдың ортасынан төрт бұрыштап қиылған тесік – әрі
терезе,  әрі  түндік.  Төбедегі  төртбұрышқа  тізілген
сырғауылдардың  әрқайсысына  бір  басын  жерге  қадап
сыптаған ұзын бөренелер тірелген. Сөйтіп, жертөленің нобайы
айнала бұрышталған крест болды да шықты. Оның үш тармағы
жатар орын, төртіншісі әр алуан мүлік қоятын қойма және
есік, төрткүлденген орта тұсы ас үй әрі қонақ бөлме. Сырты
тұтас қалың шыммен жабылып, қаулап шөп шығып кеткен.
Баспана жалпы жаман емес: кең де жылы, бірақ күңгірт.
Жертөлеге  енген  соң  көсем  меймандарын  кірер  ауызға
қарама-қарсы төрткүл жаққа алып келіп, аяғын астына басып
аю терісіне алдымен өзі отырды да, оңы мен солына оларды
жайғастырды. Жауынгерлер оттың айналасына  отырысты.
Көздері жертөленің күңгірттігіне үйренген кезде жиһангездер
көлегейлеп  қойған  бүйір  бөлмелерден  топырласып
меймандарға таңырқай қараған балалар мен әйелдерді көрді.
Олар бірте-бірте отырған жауынгерлерге жақындай берді.
Әйелдер  тыр  жалаңашқа  жақын,  тек  ұзындығы  қарыс
сүйемдей  ғана күрең  тәніне  жақын  қоңыр  тері  ғана  белін
қынап,  кіндігінен  төмен  жауып  тұр.  Жастарының
белдемшелері қызыл, сары және қара таспалармен кестеленіп,
әшекейленген. Белдемшеден  басқа олардың  кішкентай ақ,
сұр, қызыл, жасыл тастардан тізген алқалары бар, сондай
білезіктер  қары  мен  білегінде  де  жүр.  Апайтөсіне,
жонарқасына, қарнына, қолына, аяғына және бетіне қиялдағы
гүлдер  мен  жапырақтарды  толқын  жолдармен,  иір-иір
өрнектермен салған әр алуан таңбалар жалаңаштықты онша
байқатпайды. Таңбасы екі аяққа сақинадай оралып, жоғарылай
келіп ирелеңдеп мықын мен кіндікке шығып кеудеге жеткенде
мойнын созып бір-біріне қарап қалт тұрып қалған екі жыланды

106
бейнелейтін көсемнің әйелі әсіресе айрықша назар аудартты.
Оның қолынан шыққан кішкене екі жылан білектерін орап
барып  жауырынына  тоқтаған.  Оның  тотыққан  тәніндегі
қаракөк жыландар үрейлі әсер қалдырады.
Еркектеріне қарағанда әйелдерінің жүзі жылы, бет пішіні
әсем, тіпті кейбіреуі әдемі де, дене бітімі түп-түзу сүмбідей,
артық ет жоқ, кілең бір құлын мүшелілер.
Балалардың  бәрі  тұттай  жалаңаш,  екі  жыныстың  да
жасөспірімдері  әйелдердікіндей  белдемше  тағып  алған.
Қыздарының  белдемшелері  кестелі.  Бұлардың  шашы
кішкентай-кішкентай бұрымға бөлініп өрілген, ал ер балалардікі
еңбегінің тұсына апарып түйілген. Әйелдердің шашы қос бұрым
боп өріліп, омырауына бос тасталады екен де, түрлі-түсті
тастармен безендіріледі екен, бойжеткендердің шашы төрт
бұрым боп өріліп, шекесіндегі екеуі кеудесіне, желкесіндегі
екеуі арқасына қоя берілген.
Амнундак  жылан  таңбалы  әйелге  ым  қағып  еді,  ол
былғарымен тысталған сандықтан шағын ағаш тостағандар
алып шығып, оларды ашада ілулі тұрған торсықтағы сүттен
шүпілдете толтырып, бірінен кейін бірін көсемге ұсынды, ол
меймандарына таратты. Үй иесі ақырғысын өзіне қалдырып,
ерніне тигізе беріп, әсем бір қимылмен басқаларға іш деп
ишарат жасады. Тостағандардағы бұғы сүті болып шықты,
аздап ашуға айналған, бірақ аса дәмді, көптен мұндайды
көрмеген  жиһангездер  оларды  басына  бір-бір-ақ  көтерді.
Тостағандарды  тағы  да  толтырған  әйел  шанышқыдан
шыжылдап  үйтіліп  жатқан  етті  алды  да  сүйек  пышақпен
кесек-кесек етіп бөліп, ағаш астауға салып көсемге берді, ол
оны  бір-бір  кесектен қонақтарына  таратты.  Олар  ет  жеп,
оны  сүтпен  жылжытып  отырғанда  Амнундак  жертөле
тұрғындарына  арнап  бірдеңе  айтып  еді,  шапшаң  сөйлеп
кеткендіктен  Горохов  ештеңе  ұға  алмай  қалды.  Горюнов

107
көсемнен әлгінде не айтқанын  түсіндіруді өтінді. Горохов
аударып  үлгеретіндей  ақырын  сөйлеп  Амнундак  мынаны
айтты:
 – Бұғының жайылымы үшін чукчалармен арада ұзаққа
созылған соғыстан әбден зықысы шыққан біздің халқымыз
–  онкилондар  көп  жылдар  бұрын  сол  бір  содырлы
адамдардан аулақ кетуге бел байлапты. Әуелі мұз үстімен
таяу  аралдарға  жетіп,  жертөле  қазып  ап,  тыныш  тұрмыс
құра бастапты. Бірақ жазы да, қысы да көктемі де тұман
болып, жыл он екі ай тұманы ашылмайтын ол жер ұнамапты.
Кісі  шетінеп,  бұғы  қырыла  бастапты.  Сөйтіп  жүргенде
құстардың көктемде әрі терістікке қарай ұшып, күз күйлі
қайтқанын жұрттың көзі шалады. Құстар ұшып жатқан жерге
өзіміз  неге  бармаймыз  деп  ойлайды  олар.  Бірде  бел
байлағанында – теңіз жібермейді, екіншіде су шала қатып,
мұзды боран бұзып кетіп, қыруар халық, қаншама бұғы қарық
болады.  Қыстың  нағыз  қақаған  шағын  күтіп,  алдымен
барлаушылар жібереді. Мұз мықтап қатады да, тұтас козғалған
бұлар осы жерді келіп табады. Ауыр жолдың азабынан халық
аз қалады – мұнда аман жеткені елу бола ма, болмай ма –
ол жағын мен білмеймін.
Ол тұстағы көсем ауру атаулының бәрінен емдеп жазатын
ұлы бақсы болыпты, осы жердің жолын халыққа сол көрсетіпті.
Өлерінің алдында ол бұл арада Үлкен жерден ақ адамдар
келгенше  алаңсыз-мұңсыз  өмір  кешесіңдер  депті.  Ақ
адамдардың қолында аспан әміршілеріндегідей алыстан атып
түсіретін нажағай мен жасын жүреді деп және ескертіпті.
Үлкен жерден келген алғашқы ақ адам – сендерді көргенде
қарт бақсының сол сөзін еске алған едік.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет