О19 Обручев Владимир



Pdf көрінісі
бет14/20
Дата29.01.2017
өлшемі6,9 Mb.
#2981
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

ЖАҒДАЙ ҚИЫНДАП БАРАДЫ
Ойда-жоқта  сырттан  онкилондардың  дауыс  салғаны
естілді де, барабан дүңгірлеп қоя берді. Жертөлесінен жүгіре
шыққан  жиһангездер  онкилондардың  қатын-қалаш,  бала-
шағасымен түгел Амнундак үйінің алдына жиналғанын көрді.
Іңір  қараңғысы  мен  қалың  тұман  олардың  не  істеп,  не
қойғанын көрсетпесе, не айтып жатқанын дүңгірлеген барабан
даусы естіртпейді. Олар солай қарай беттей беріп еді, жүгіріп
келе жатқан Аннуирға бетпе-бет жолығып тоқтай қалды.
– Олай қарай бармаңдар, – деді ол алқынып. – Әзір
әйелдер жоқта үйімізге бара тұрайық.
Осыны  айтып  ол  алға  жүгіріп  кетті  де,  жиһангездер
соңынан ерді. Жертөлеге кірген соң Аннуир болған жайды
бастан-аяқ  баяндады.  Жиһангездерді  іздей  шыққан
жауынгерлер қасиетті көлдің суалып қалғанын көріпті, оның
түбіндегі тақта тастан ақ адамдардың табанының ізін тауыпты.
Тас  бетіндегі  жұмсақ  құм-қайраңға  түскен  із  тәжірибелі
ізшілердің  назарынан  тыс  қалмапты.  Олар  ізінше  қайтып
оралып,  көрген-баққанын,  ақ  адамдардың  қасиетті  көлге

220
барып суалтып кеткенін асығыс Амнундакқа жеткізіпті. Осыған
орай жұрт зар еңіреп, қатерлі хабарды барабан барлық тұраққа
таратып жатыр.
–  Олай  қарай  онкилондарсыз  бекер  барғансыңдар,  –
деді кінә таға сөйлеп шошынған Горохов. – Енді олар көлді
сендер суалтпады дегенге өлсе сенбейді.
– Олар сонда не жасағалы жатыр? – деп сұрады Ордин.
– Олар не амал істерін өздері де білмейді, бәрінде де
зәре-құт жоқ. Жауынгерлер барлық жердің жарылып кеткенін
және көріп келіпті, – деп жауап берді Аннуир. – Көсем
бақсыға кісі жіберіп, құрмалдық бұғыны алып келуге әмір
берді.
– Демек, түнгі тәуеп, рухтарға жалбарыну басталады да!
– деді Горюнов. – Бақсының рухтардан алатын ақыл-кеңесі
қандай болатыны және белгісіз. Бәлкім, ол рухтарға мейірімі
түссін деп ақ адамдарды құрбандыққа шал дейтін шығар.
– Онкилондар адамды құрбан шалмайды, – деді Горохов.
– Одан біздің қорқатын ештеңеміз жоқ. Меніңше, бақсы біз
жедел кетсін дейтін шығар.
– Жарайды, бұл онша қатер емес қой. Теңіз әлі шалқып
жатыр, мұзбен жүрердей бола қойған жоқ, сонда да кетуге
болар, – деді Горюнов.
– Иә, қазір жол жүрер уақыт емес, ешқайда кетуіміздің
жөні жоқ, – деді Горохов. – Мен олармен сөйлесіп көрейін,
бәлкім, беті оңғарылар.
Ол жертөледен шыға жөнелді. Ордин құлағына бірдеңе
сыбырлап еді, Аннуир да оның ізінше зып берді.
Горохов  пен  келіншектердің  жоқтығын  пайдаланып
Горюнов Ординге күндізгі Никитаға байланысты әңгіменің
ұзын-ырғасын  жеткізді.  Ордин  де  жатжерліктер  жағына
жаныға  шығып,  қалған  әйелдермен  керісіп  қалғаны  үшін
Аннуирға  шынында да  қатты  ұрысқанын  айтты. Ол  оған
жатжерліктердің  мүддесі  үшін  өз  тұқымымен  түс
шайыспауын, әйтсе олар мұның көзінше ештеңе айтпайтынын,
ал онкилондармен қарым-қатынас шиеленісіп, алакөздік болып

221
тұрғанда  арасында  ойы  мен  жоспарын  алдын  ала  біліп
отыратын бір адам керек екенін тұспалдап түсіндірді.
Алайда Аннуир әділдігіне көзі жеткен сөгіс үшін емес,
таяу  күндері  жатжерліктердің  кетіп  қалғалы  тұрғанына
жылапты. Екі дайда қай жағына шығарын білмей, ол әлі де
әрі-сәрі еді: тайпасына деген туыстық сезім күшті, ал жат ел
жөніндегі ой қорқынышты.
– Енді ол бұл мәселені жақсылап тұрып ойластыратын
болады, – деді ол сөзін тұжырымдай келіп. – Ойы жетелесе,
бізбен бірге кетеді. Ол мені жанындай сүйеді, мен де оны
сүйемін, ажырасу дегенің аса ауыр соғатын түрі бар.
– Ал, Горохов, көр де тұр, осы арада өзі қалады, – деп
сөз қосты Горюнов. – Оған мынау тоқ тұрмыс, тыныш өмір
қатты ұнап қалған.
– Оқиға алда да осылай өрби беретін болса, тыныш өмір,
дегенің бұл жердің көзінен бұлбұл ұшар деп ойлаймын, –
деп Ордин және бір ойдың ұштығын шығарып қойды.
– Сондағы топшылайтыныңыз не?
–  Аннуир  екеуміздің  қайда  болғанымызды  білесіздер
ме? Біз келесі алаңқайға, сағатына екі мәрте бу атқылайтын
көбікті көлге бардық. Жағасында сағаттан артық отырдық,
бірақ не бу атқанын, не көпіршігенін көрғеніміз жоқ.
– Міне, гәп қайда!
–  Осыны  қасиетті  көлдің  құрып  кетуімен,  жер
қыртысындағы  сан-сапалақ  жарықпен  салыстырсақ,  бұл
ойпаттың жерасты жүйесін жер сілкіну әбден бұзып кетті
деген қорытынды шығару қиын емес. Осыдан мен қатты
шошимын...
– Сонда онкилондар қалай күн көрмек! – деп мырс етіп
сөзді бөлді Костяков. – Бір көл суалып, бір көл бу атпаса,
одан бізге келіп-кетер не бар! Басқалары бәрі қаз қалпында
емес пе.
–Күлмей тұра тұр! Келіп-кетер неге болмасын, –  деп
Ордин сөзін салмақтай түсті. – Поляр мұзының ортасындағы
осынау ойпаттың жылылығы неден деп ойлайсыздар? Ол
сөнген  жанартаудың  қойнауынан  шығып  жатқан  жерасты

222
жылуынан. Бұл жылусыз ойпат қалың мұз бен қаасат қарға
көміліп, сіреу боп сіреседі де қалады.
– Ә-ә-ә! – деді даусын созып Костяков, жүзі де байсал
тартты.
– Иә! Жерасты режимін бұзып жер қойнауынан жылу
тартатын  жарықтарды  бітеп,  жер  сілкіну  таяу  уақытта
ойпаттың ауа райын шұғыл өзгертіп жіберуі кәдік...
– Күллі жан-жануар, өсімдік түгел құриды де, – деп
оның сөзін бөлді Горюнов.
– Иә, жан иесінің бәрі осы алдағы қыста-ақ құрып бітеді.
Біз бұл араның қысы қандай жұмсақ болғанын, жануарлар
өз азығын қар астынан тауып жегенін жақсы білеміз.
– Ыстықтың денін осы көпіршіген көлдер емес, ойпаттың
терістік бөлегі бермейтін бе еді? Бәлкім, о жақ бәз қалпында
қалған шығар.
– Шүбәм бар. Алғашқы жер сілкінуін біз сонда көрдік.
Мүмкін,  ыстық су  мен бу  шығаратын жарықшақтың  бәрі
бірдей бітелмеген де болар. Олай болса, табиғат та шұғыл
өзгермесе  керек.  Бірақ  келесі  бір  жер  сілкіну  бәрін  тып-
типыл етпесіне кім кепіл?!
– Біле білсеңіздер, Мыңтүтін алқабына тағы бір барып,
не болғанын анықтап қайтуымыз керек.
–  Әрине,  бұл  пайдалы  болар  еді.  Бірақ  Амнундак
жібермей қоя ма деп қорқамыы.
– Неге?
–  Неге  екені,  біз  тұп-тура  сонда  болғанымызда  жер
сілкінді. Ал онкилондардың соқыр сенімі деген...
–  Түсінемін.  Онда  жасырынып  бару  керек  –  бәрібір
онкилондармен  достық  бүлінді,  енді  бұдан  жаман
бұзылмайды.
– Жауынгерлерсіз және қатерлі. Вампулармен кездесіп
қалуымыз мүмкін, – деп қауіп айтты Костяков.
– Олар алғашқы атылған мылтық даусынан-ақ тығылып
қашады, ал түнде иттер күзетеді. Онша артынып-тартынбасақ,
соңғы судың басында бір түнеп, екі күнде оралып келуге

223
болады. Мыңтүтін алқабына ен бойлап, әрі барудың қажеті
жоқ,  қайнаған  су  мен  будың  атқылап  жатқаны  бірден-ақ
көрінеді.
– Дұрыс! – деді Горюнов. – Ертең жолға ертерек шығу
керек. Гороховты, әрине, әйелдермен осында тағы да тастап
кетуіміз керек.
– Жоқ, менің Аннуирді бірге алып жүргім келеді.
– Керегі не? Аяғымызға бөгет болып еркін көсілтпейді.
– Бөгет болмайды, жүре беруге жалықпайтын жан. Оның
үстіне біз жекеленсек, басып өткен мекендеріміз қашып бара
ма деп күдіктенуі мүмкін. Ал Аннуир бізді бақылап жүргендей
болып көрінеді.
– Үш еркекке бір қатын бақылаушы дегенге ешкім сене
қоймас, – деп күлді Костяков.
– Мейлі, онкилондардың тыңшысы де, жол басшысы да
– қалай атасаңдар да мейілдерің білсін. Әзір өзге тұрақ-
мекендерде  біздің  Амнундакпен  ара  қатынасымыз
бұзылғанын білмейді. Оның үстіне Аннуир сол шеткі рудан,
жолын көзін жұмып қойып табады, яғни жақсы жолбасшы
болады. Жақсы жолбасшың болса уақыт та зая кетпейді.
– Сіздің, сөзіңіз бұл жолы да дұрыс! Яғни мәселе шешілді:
ертең ерте жолға шығамыз. Аннуирға айт, ақырындап бізге
жол азығын камдай береін.
– Ал Гороховқа тістеріңнен шығара көрме! Қазір ешкім
жоқта қоржын мен мылтықтарды сайлап қоялық.
Жиһангездер жиналып бола бергенде жертөлеге алқынып
Аннуир жүгіріп кірді.
– Амнундак пен жауынгерлерге Никита көп түсіндірді,
– деді ол асығып-аптығып. – Жердің қайтып сілкінбейтінін,
жарылмайтынын, қасиетті көлдің қалпына келетінін, бәрі де
баяғыдай жақсы болатынын айтты. Әрине, ақ адамдардың
бұл не қылғаны деп онкилондар ашулы. «Біз бәрі-бәрін: азық-
түлік, жақсы жай, жас келіншек бердік, ал олардың бізге
жақсылық  жасағысы  келмейді»  деп  бұрқылдайды.  Ал
әйелдер болса: «Олардың жасыны мен нажағайын сыпырып

224
алып, келген жағына қоя беру керек. Оларсыз тып-тыныш-
ақ өмір сүріп едік», – деп байбалам салады. Никита қайта
түсіндірсе де, олар өз айтқанын жөптеп болмайды. Ақыры,
Амнундак:  бақсы  келсін,  балын  ашсын,  ол  не  айтса,  сол
болады деген байлам жасады.
– Никита абайламай оларға қайтып болмайтын дүниені
уәде еткен екен – деді Горюнов.
– Қалай десе, олай десін, Никитаның уәдесіне қарамай-
ақ істі түптеп келгенде бақсы шешеді ғой, – деп пікір қосты
Костяков.
– Меніңше, сол бақсы да «халық үніне» құлақ асуы керек,
– деді Ордин. – Бұл бір қу шал көрінеді. Естеріңізде ме,
біз келген күні зікір салып, бал ашқаны: рухтардың атынан
сөйлеген болып ақ адамдар онкилондармен қала тұрған кезде
апат  басталмауы  мүмкін  деді  ғой.  Ол  солай  жол  тауып
жалтарып кетіп еді, онысы дұрыс та болып шыққан жоқ па!
Горохов сөйлей кірді.
– Мен оларды аздап басқан болдым, әуелі бәрі өре тұрып
еді, артынан сабасына түсті-ау. Қиғылықты көбіне қатындар
салды: «желкелеп қуып жіберу керек оларды, яғни бізді»
деп бет бақтырмайды бәтшағарлар. «Біз, дейді, оларға азық-
түлік, ыдыс-аяқ бердік, басына жақсы үй, қойнына таңдаулы
қыз салып бердік, мына  істеп отырғандары соның ақысы
ма?!» Не керек, осылай бір дәуірлеп кетті дейсің!.. Бақсы
келіп үкімін өзі айтады деп Амнундак зорға басты. Бақсы
жаңа ғана келді де, мені жүре берсін деді.
– Зікір салып, дұға оқығанына қатысатын шығармыз деп
жүрсем... – деді Горюнов.
– Жоқ, қатысуға болмайды, – деп шынын айтты Горохов.
– Бақсы келіп, мені көрісімен Амнундакқа, тәуеп еткенде
бірде-бір ақ адам болмасын деп ескертті.
– Демек, сот сотталушылар жағында болғаны ғой, – деп
мырс етті Костяков. – Ал келіншектер ше?

225
–  Олар  сонда  отыр.  Бақсының  не  байламға  келгенін
солардан білеміз.
Шамасы,  жертөлеге  кіргенде  «бақсы  келіп,  менің
шығуымды  сұрады»  дегенін  ести  сала  Аннуирдің  оның
сыртымен сып беріп шыға жөнелгенін Горохов аңдай алмай
қалса керек.
–  Далада  қандай  суық  екенін  көрсеңдер  ғой,  –  деді
Горохов от басына отырып жатып, қолын жылытып. – Тіпті
қатып қалдым сөйлесіп тұрып. Біздің Казачьедегі сияқты
қалың тұман, әрі сұп-суық.
Ордин Горюновқа бірдеңе айтқысы келгендей жаутаңдай
қарап, екеуі де іле сыртқа шықты.
Көптен кездеспеген суық оларды да қалтыратып жіберді,
Тегі, температура нөлден сәл ғана жоғары болса керек. Көзге
түртсе көрмейтін қараңғының тап өзі, екі қадам жерден біріңді
бірің ажыратып болмайды. Жертөленің шаңырағынан шыққан
түтін ғана төбесіндегі қалың тұманды сәл серпіп тұр.
Көсемнің  үйінен  даңғыра  дабылы  мен бақсының  зікірі
естілді.  Иттер  иелерін  танып  жүгіріп  кеп  аяғына  оралып,
қыңсылай үйге ала кір деп жалынғандай болды.
– Оһо, бұлар да суықты тосырқап қалыпты! – деді Ордин.
– Оқа емес, үйрене беріндер, ұзамай сол суық атамекенге
ораласыңдар.
– Бірақ біз ертең терістікке бармаймыз ба? – деп сұрады
Горюнов.
– Көреміз, бақсы құдайынан қандай нұсқау алатынын
күтелік те. Бәлкім, бүгін түн тұманды пайдаланып, бұл арадан
қашуға тура келер.
– Түнде жол табуымыз екіталай ғой.
– Мына мақұлықтарды не үшін ертіп жүрміз? Осылар
бастап апарады бізді, – деді Ордин аяғына оралып жатқан
Кротты сипап.
Олар жертөлеге оралғанда зеріккен Горохов ұйықтағалы
төсек  салып  жатыр  екен.  Оның  қорылға  басқанын  күтіп

226
отырып жиһангездер түнде қашып шығуға тура келе ме деген
жорамалын айтып, кәкір-шүкірді жинастыра бастады. Содан
соң от басына кеп жайғасып, әйелдердің келуін сарыла күтті.
Ақыры Аннуир да  келіп, от басына жайғасты  да, көзі
жасаурап жалынға телміре отырып сөз бастады:
–  Бақсының  айтуынша,  онкилондардың  халі  қиын.
Ызғырық суық, топан су, өрт... Бабалардың болжап айтқаны
келді. Ақ адамдар келісімен бақытсыздық басталды, олар
кеткенмен  де  жағдай  қайтып  түзелмейді.  Қолынан  келсе
қайта көмектессін. Құлшылық қылайық, құрмалдық шалайық.
Бақсы абдырап-абыржып жүйесіз сөйледі. Дұғасын үш мәрте
қайта бастады. Қазір жаны жоқтай сұлық жатыр. Жақсы
бірдеңе айтпас па екен деп онкилондар сарыла күтіп отыр.
Зікірдің нәтижесі жиһангездердің жанына жағып кетті.
Жақпағанда ше, бұларды апаттың тікелей жіберушісі деп,
оны  жедел  тоқтат  деп,  болмаса  қазірден-ақ  табанынды
жалтырат  деп  отырған  жоқ.  Апат  бір  апта  немесе  бір  ай
тыныс алдырса, онкилондардың жүрегі орнына түсіп, қалған
уақытты тату өткізіп, оңтайлы сәтін күтіп отырып кетіп қалуға
болар еді.
– Аннуир, – деді Ордин, – ертең таң елең-алаңнан біз
Мыңтүтін алқабына тартамыз, сен бізбен бірге барасың. Бірақ
басқаларға тісіңнен шықпасын.
– Сол кесапатты жерге қайта барып не аласыңдар?
–  Не  болып  жатқанын  көру  керек,  онкилондардың
бақытсыздығы қашан тоқтайтынын білу керек.
– Оны қалай білесіңдер? Қызық, бақсы білмегенді сендер
қайдан білесіңдер?
– Бізбен бірге барсаң – сен де білесің, түсіндіреміз бәрін
де. Сенің руыңның тұрағын басып өтеміз. Сен ең төте жолын
білесің ғой?
– Неге білмеймін – талай жүрген жол емес пе.
– Тұманда жол табасың ба?
– Табуға тырысармын. Сен үшін бәрін де жасаймын!

227
– Онда қазір жатып ұйықта, ерте тұру керск. – Олар
жатысымен қалған төрт келіншек те келді. Жертөледен ешкім
көзіне түспей, алғаш олар ақ адамдар білдіртпей кетіп отырған
екен деп шошып қалды, ұйықтап жатқандарын көрген соң
отқа  аздап  жылынып  алды  да,  орынды-орнына  тарасты,
ұзамай әр тұстан күбір-сыбыр естілді. Жиһангездер ертеңіне
бақсының ақ адамдар кетпеуі керек, кетсе бұдан да жаман
болады  дегенін  білді.  Түнде  келіншектері  сол  үшін  де
оралыпты.
ҚАРА ТАҚЫР ШӨЛ
Таң ағара үш зерттеуші мен Аннуир жылы киініп, қоржын
арқалап,  мылтық  асынып  жолға  шықты.  Гороховка  көлді
барлауға  кеттік,  келесі  күні  ораламыз,  сені  онкилондарға
қайтып келуіміздің кепілі ретінде қалдырдық деп хат тастады.
Тұман тым қалың еді, Аннуир шеткі мекеннің жолын бірден
тауып, серіктерін сеніммен бастап жүрді. Күннің суықтығы
оларды шапшаң жүруге мәжбүр етті. Шөп басы бозқыраудан
көрінбейді,  жағасынан  сүрлеу  өткен  бір  көлдің  бетіне
қабыршақ мұз қатыпты.
– Бұл уақытта мұндай суық өмірі болған емес, – деді
мұзды көргенде Аннуир.
– Міне, Мыңтүтін алқабына да осы үшін бара жатқан
жокпыз ба, неге бұлай тез суытып кеткенін сонан білеміз, –
деп түсіндірді оған Ордин.
Тұман түске тармаса, жолаушылар ең шеткі тұраққа жетіп,
түстік жасау үшін тоқтағанда ғана айықты. Жер сілкінгенде
бұл жертөле де құлаған екен, қазір қалпына келтіріліпті. Бұл
жұрт ақ адамдарды меймандостықпен қарсы алды, зады
Амнундак  тұқымының  бұларға  деген  алакөздігі  мен
сенімсіздігі әзір бұ жақты шарпи қоймаған. Қасиетті көлдің
құрып кеткені туралы олар да біліпті, бірақ барабаннан бұл
жөнінде келушілерді кінәлайтын белгі болмапты.

228
Туыс-туғандары жақсы көретін Аннуирдің арасында болуы
ақ адамдар қашып жүр деген ешқандай сезім туғызған жоқ,
қайта  үш  жауынгер  еріп  жүруге  тілек  білдірді,  оларына
қарсылық болмаған соң көсемнің рұқсатынсыз шығып жүр
деген ой тіпті ешкімге келмеді.
Тынығып  алып  олар  әрі  қарай  тартты.  Күн  жылына
бастады, бірақ жаз сияқты емес, дәл бір күздей ызғар бар.
Ең төте жолмен терістікке бет алып, ұзамай сирек өсімдікті
алқапқа, сонан тура қу тақырға түсті. Мұнда болған өзгеріс
бес-алты шақырымнан-ақ белгілі болды – көкжиекте самсап
қоя беретін бу бағандары көзге түспей, ойпаттың қап-қара
құз  кемерлері  менмұндалап  тұрды.  Мыңтүтін  алқабына
шыққанда  бәрі  айран-асыр,  таң-тамаша  болды.  Төңіректі
кемпірқосақ шұғыласымен құлпыртып түрлендіріп тұратын
мың бағанның бірі жоқ, қайнаған көлдердің суы суалып қалған,
болмаса баяғысындай сақылдамай тұнып қалған. Көз жетер
жердің бәрі беті сәл буалдырланған елсіз-күнсіз қу тақыр, әр
тұсын айқыш-ұйқыш жарықшақтар тілімдеп, онан ыстық леп
еседі, жел желпіген сол тымырсық ауа алып бір наубайхананың
немесе металлургия пешінің маңындағыдай әсер етеді. Ауық-
ауық жел тұрып, өлі өңірдің үстіне қап-қара құйын ұйтқытады.
Қызған ауа мұнарта толқып, аңғардың қап-қара жар-құздары
айдын көл бетінде жүзіп бара жатқандай алуан түрге еніп,
мың  түрленеді.  Бейнебір  көл  жағасында  алып  бір  қала
асқақтап тұрғандай көрінеді.
Болған өзгеріске бәрі таңырқай қарасты. Жиһангездерді
өткен жолы да ертіп келген онкилондар мынаны көріп шошып
кетті. Өзара сыбырласып, ақыры мұның себебін сұрап білуге
бел буды:
– Осы арадан бұрын көріп жүретін мың түтініміз қайда?
Ет  пісіретін  көліміз  қайда  кеткен?  Бұның  себебі  не,  ақ
адамдар, айтсаңдаршы. Жерасты рухтары от жағып, ас пісіруін
неліктен доғарды екен? Өлді ме, ұйқыға енді ме, әлде басқа
жаққа ауды ма олар?

229
Аннуирдің көмегімен Горюнов оларға осының бәрі жер
сілкінуінің зардабы екенін түсіндірді. Онкилондар аз да болса
түсінгендей болып, тұтқиылдан тұжырым жасады және дұрыс
тұжырым жасады:
– Демек, өткен жолғыдай алыс баруымыздың енді қажеті
жоқ қой.
Шынында да, қара тақыр шөлдің қойнауына енудің қажеті
жоқ еді, әрі жолы да қиын. Қызып қайнап тұрған ауада дем
алудың  өзі  ауырлап  барады.  Өткен  жолы  самсаған  бу
бағандары ауада салқындап, температураны сәл түсіріп тұрған-
ды: сондықтан моншадағыдай ыстық болса да оған шыдауға
болатын еді.
Өлі өңірге, оның үстінде бұлдыраған қиял қалаға ақтық
рет көз тастап, кері қайтқан жиһангездер өсімдікті алқапта
алғаш кездескен көлдің жағасына келіп қоналқаға тоқтады.
Терістік желі шөлден ыстық айдап әкелгенінен бе, бұл ара
әлі жылы екен. От басына жайғасып, ет пісіре отырып, олар
жағдайды талқылауға кірісті. Аннуир өз ағайындарын әңгімеге
тартып, жиһангездердің еркін сөйлеуіне жағдай жасады, бірақ
бәрі де толқулы.
–  Бүгін  көргендерімізден  қандай  қорытынды  жасауға
болады? – деп сұрады Горюнов.
– Бұдан аса байсалды қорытынды шығады, – деп жауап
берді  Ордин.  –  Жер  сілкінуі  ойпаттың  жерасты  жүйесін
шұғыл  өзгерткен  деген  менің  болжамым,  өкінішке  орай,
бастан-аяқ дұрысқа шықты. Санников жерінің жылытқышы,
яғни  Мыңтүтін  алқабын  осылай  атауға  толық  негіз  бар,
бүлінген. Оның топырағы әзір жылы, бірақ ұзамай суынады,
сөйтіп таяу уақытта ойпат қатып, поляр мұзының ортасындағы
осынау жерұйық көзден бұлбұл ұшып, ғайып болады.
– Одан өзге ештеңе күтуге болмағаны ма? Сонда бірден-
бір мүмкін қорытынды осы ғой, сірә? – деп сұрады Костяков.
– Жоқ, бұл бірден-бір қорытынды емес, жанартаудың
фумарол, қайнаған, көпіршіген көл болып көзге түскен қимыл-

230
қарекетінің бірте-бірте бәсеңдеп, табиғи жолмен тоқтауы әлі
екіталай. Олай тоқтаған болса ойпаттағы өмір де ондаған
жылдарға  созылып барып бірте-бірте өшер еді, қыс та бірден-
бірге суытып, қытымырлана түсіп, жан-жануар, өсімдік, адам
тіршілік жағдайының нашарлауына қарсы ұзақ күресер еді.
– Ал қазір олар бір қыстың ішінде құрып кеткелі тұр ма?
– Жуық аптаның, тіпті айдың бағдарында жылытқышы
қалпына келмесе, солай болары хақ.
– Қалайша, ол қалпына келе ала ма?
– Меніңше, қалпына келе алады, келуге тиіс те. Сөнгенін,
иә ұйықтап жатқанын біз әзір білмей отырған жанартаудан
бу мен газ ретінде жер үстіне атқылап мол жылу шығып
жатқан    жарықшақтардың  бәрі  жер  сілкінуінен  жабылып
қалды. Бөлініп тұратын бұл жылу, жолы бітеліп қалған соң
ғана тоқтап тұруы ықтимал. Тереңде жиналып жатқан сол
газ бен су ерте ме, кеш пе – әйтеуір сыртқа бір жол табады.
Жол  табуы  кешеуілдеген  сайын  қатері  күшейе  түспек.
Сондықтан бу мен газдың жоғары шығатын бұрынғы жолын,
не жаңасын ашатын тағы бір жер сілкіну жақын арада болуын
тілейік. Дағдарысты ауырсынбай шешудің тиімді тәсілі осы,
себебі бу мен газ шектен шығып шиыршық атқанша жиналып
жатады да, шарықтау шегіне жеткенде бұрқ етіп жолды өзі
ашып алады, ал бұл жанартаудың қалпына келуімен тынуы
мүмкін,  онда  жұрт  біз  ойлағандай  суықтан  емес,  оттан
қырылады.
– Міне, мәселе қайда! – деп дауыстап жіберді Костяков.
–  Талайсыз-бақсыз  онкилондар-ай,  қалай  болғанда  да
тұқымы тұздай құрығалы тұр екен ғой!
– Жалғыз ғана құтылар жол – жердің жаңадан сілкінуі!
–  деп  өзінше  қайталады  Горюнов.  –  Ал  олар  құдайына
жалбарынып, жерді қайта сілкіндіре көрме деп тілейді.

231
– Иә, құтқарар жол жақын арада жаңадан жер сілкіну
ғана. Ал ол келер көктемде ғана сілкінсе, одан пайда аз,
жануарлардың көбі қырық-елу градустық суық қысты, көз
аштырмайтын  боранды  көтере  алмай  қырылып  бітеді.
Жертөледе  онкилондардың  аман  қыстап  шығуы  мүмкін,
әйтеуір мұнда отын жеткілікті ғой, ал алдағы жазда олар
аштықтан  қырыла  бастайды,  себебі  ірі  аңның  бәрі  құрып
болады.
–  Ал  жыл  құстарын,  су  жаңғағы  мен  қозықұйрықты,
жидек  пен  тамырды  қайда  қоясыз?..  Сіз  қара  бояуды
қалыңдатып, тіпті құлазытып жібердіңіз.
– Жарайды, ол да мүмкін. Дегенмен олардың тамақты
аз әрі нашар ішуіне тура келеді. Тек егін егіп, бақ өсіріп,
балық көбейтіп, мал шаруашылығымен шұғылданбаса. Бірақ
ол үшін де тұқым, құрал-сайман керек, біреу үйретуі керек.
– Демек, үйге бара сап бақсы мен Амнундакка енді жердің
тез сілкінуін тілеп құдайға жалбарын дейміз ғой. Ал ол дүмпу
ойпаттың түстік жағына жол салып жүрсе не болады?
–  Әрине, ол  да қиын,  себебі  өсімдік дүниесінің үлкен
алабы жойылып, бұғы өрісі, алаңқайлар мен жертөлелер құрып
кетуі кәдік. Сонда да бұл суықтан тірі пенде қалмай опат
болғаннан тәуір.
– Ал біз не істеуіміз керек? – деп сұрады Костяков.
–  Біз  уақытты  сәл  ұзарта  түсіп,  болмай  бара  жатса,
ойпаттан тік  көтеріліп кетуіміз  керек, –  деп жауап берді
Ордин.
–  Тірі  болсақ  бәрін  де  көреміз,  ауа  райының  қалай
өзгергенін де, онкилондардың келешек көңіл күйін де көз
алдынан өткіземіз. Қалғанда күтер қатеріміз уақытсыз ерте
кетіп қалудан күшті емес, – деді Горюнов.
Алыс асулардан әбден қалжыраған жиһангездер тез жайлы
ұйқыға кірді.
Онкилондар кезек-кезек қарауылда тұрды.

232

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет