«Қобыланды батыр» жыры Жырдың жиналып, зерттелу


Жырдың кейіпкерлері, яғни персонаждары



бет3/4
Дата03.05.2023
өлшемі25,71 Kb.
#89516
1   2   3   4
Байланысты:
Қобыланды батыр, Қозы Көрпеш-Баян сұлу

4. Жырдың кейіпкерлері, яғни персонаждары.
Басты кейіпкер - қарақыпшақ Қобыланды.
Әкесі халықтан асқан бай - Тоқтарбай.
Анасы - Аналық.
Қарындасы - Қарлығаш.
Тоқсан қүлдың бастығы - Естеміс.
Айдынды шалқар көлі бар - Көктім Аймақ хан.
Көктім Аймақ хан қызы - Құртқа.
Қырық бес кез Қызыл ер Қызылбастың елінен шыққан - Қазан ер.
Төменгі қырық мың үйлі қиятта Сейілдің ұлы - Қараман батыр.
Ер қанаты ат - Тайбұрыл
Шаһар ханы - Көбікті хан.
Көбікті ханның қызы - Қарлыға сұлу.
Қалмақтың ханы - Алшағыр.
«ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ» жыры


1. Жырдың жиналып, зерттелу.
Лиро-эпос жырларының ішінде тақырыбы, оқиғасы, құрылысы жағынан айрықша орын алатыны және халық арасына көп тарағаны – Қозы Көрпеш пен Баян сұлу жайындағы жыр. Бұл жыр бір-біріне ғашық болған екі жастың өмірін ғана баяндаған дастан емес. Ол, сонымен қатар, қоғамдық мәні бар әңгімелерді қамтыған, халықтың өткендегі тұрмыс-салтын суреттеген жыр. Өткен ғасырдың өзінде-ақ «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырына талай ғалымдар көңіл аударып, бірсыпыра пікірлер айтқан болатын. Олар жырдың өзін ғана сөз қылып қоймай, сонымен қатар Қозы Көрпеш пен Баянның моласы дейтін моланы ескі дүниенің ескерткіш белгісі ретінде зерттеген еді. Мәселен, Г.Н.Потанин бұл жырды аса жоғары бағалап, дүниежүзілік эпостық шығармалардың қатарына қояды. «Бұл жыр – дүние жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма», – дей отырып, Потанин оны Ромео мен Джульеттаға теңейді. Өз тұсында Шоқан да «Қозы Көрпеш» жырын сүйсіне тыңдап, Жанақтан жазып алғаны мәлім. «Алтын айдар Қозы Көрпеш пен сұлу Баянның сүйіспеншілігі туралы шығарылған ақындық аңыз», - деп бағалайды ол200. Академик Радлов пен профессор Березин де «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының ертеден келе жатқан әдебиеттік мұра екендігін атап көрсетеді. И.Безверхов деген кісі «Қазақтың өлеңшілері мен ақындары» туралыь жазған мақаласында. «Қозы Көрпеш» жырын жоғары бағалап, қазақ халқының ерте заманда туғызған ақындық шығармасы екендігін айтады да, бұл жырды Арыстан ақынның қалай жырлағанын жазады. Түрік халықтарының ертедегі өлең құрылысын зерттеген ғалым Ф.Корш «Қозы Көрпеш» жырына айрықша тоқтап, оның көркемдігін сөз етеді. Бұл шын мәніндегі халық жыры дейді. ертін келе, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырына арналған ғылыми еңбектер жазылады. Бұл ретте Мұхтар Әуезов пен Ысқақ Дүйсенбаевтың зерттеулерін атауға болады. Мұхтар «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының қазақ арасына тараған варианттарын зерттейді, жырдың әдебиеттік жақтарына толық талдау береді. Сонымен қатар жырдың шығу мезгілін мөлшерлейді. Ол бірсыпыра деректер келтіре отырып, жырдың XV-XVI ғасырлар шамасында шыққандығын айтады. Содан бері қарай бұл жырдың талай өзгерістерге ұшырағанын, жырды әр таптың өз тілегіне қарай пайдаланғандығын дәлелдеп көрсетеді. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» қазақ халқының ерте заманда шығарған ескі жырының бірінен саналады. Бұл жырды көптеген ақын-жыршылар айтып біздің М.Әуезов, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», 1936 ж., «Қазақ ССР тарихы» (1943, 1957) және «Қазақ әдебиетінің тарихы», І том; 1960ж. Ы.Дүйсенбаев, Қозы Көрпеш-Баян сұлу, (жинақ), 1959 ж..заманымызға жеткізген. Ол өзінің қалыптасу, даму жолында талай таптық тілектердің елегінен өткен. Радлов жинап бастырған жырда үстем тап адамдарын, әдет-ғұрып салтты дәріптеушілік орын алады. Жырдың Кастанье жариялаған нұсқасында көптеген әңгімелер қиял-ғажайып ертегі түрінде айтылады. Мұның бәрі жырдың әрбір ортаның тілегіне қарай өзгеріп отырғанын көрсетеді. Советтік дәуірде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры туралы үлкен көлемді ғылыми зерттеулер бірден туған жоқ. Ең алдымен, әр түрлі пікірлер айтылды. Мәселен, Сәкен Сейфуллин «Қазақ әдебиеті» (1932 ж.) деген кітабында «Қозы Көрпеш» жырын тек Радлов варианты бойынша қарастырады да, Қозы мен Баянға байланысты жырлардың барлығын үстем таптың шығармасы деп көрсетеді. Және де ол: «Қозы Көрпешті» талай оқымыстылар мақтайтын еді. Мен мақтарлық ештемесін таба алмадым», – дейді. Сәбит Мұқанов «Батырлар жыры» туралы жазған еңбегінде (1939 ж.) «Қозы Көрпештің» халықтық сипаттағы жыр екендігін дәлелдейді. Революцияға дейін қазақ жастарының, әсіресе қазақ қыздарының, ескі әдет-ғұрып шырмауынан шыға алмай, ауыр күйге түскендерін бейнелейтін жырдың бірі деп бағалайды. Осы пікірді Хажым Жұмалиев те өзінің «Қазақ әдебиеті» деген оқулығында (1944), «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері» (1958) монографиясында, Әлкей Марғұлан да (жоғарыда аталған еңбегінде), Мұсатай Ақынжанов та айтады. Олар жырдың әр түрлі варианттарын қарастыра отырып, Қозы мен Баян жайындағы әңгімелердің негізі халықтық ортада туғандығын анықтайды. «Орыс ғалымдары Н.Абрамов, Н.Пантусов, И.Кастанье т.б. өткен ғасырдың аяқ кезінде бұл моланы зерттей келіп, оны ерте заманның архитектуралық өнерін көрсететін белгі деп қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет