«Қобыланды батыр» жырын дәстүрлі және дәстүрлі емес



бет2/4
Дата17.05.2022
өлшемі61,77 Kb.
#34730
1   2   3   4
Байланысты:
Батырлар жырын оқыту курстық жұмыс

Курстық жұмыстың мақсаты: батырлар жырын оқытудың тиімді әдістерін дәстүрлі және дәстүрлі емес жолмен оқыту арқылы салыстыру, оқушыларға батырлар жырын қызықты, әсерлі етіп оқыту жолдарын қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Оқушыларға батырлар жырын оқытудың маңыздылығын ашу;

  • Батырлар жырын оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес түрлерін қарастыру;

  • Батырлар жырын оқыту кезінде оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін тиімді әдістерді пайдалану жолдарын көрсету.

Зерттеу объектісі: Батырлар жырын оқыту

Гипотеза: Батырлар жырын әр түрлі әдістер арқылы қызықты етіп өткізу - оқушылардың қызығушылықтарын оятып, пәнге деген көзқарастарының оң болуына көмектеседі.
I НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. “ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР” ЖЫРЫН ДӘСТҮРЛІ

ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ОҚЫТУ

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде кез келген пәнге байланысты жүргізілетін сабақтар дәстүрлі және дәстүрлі емес түрінде болады. Бұл екі сабақтың өзіне тән ерекшеліктері бар. Екеуінің де маңыздылығы мен тиімділігі сабақтың тақырыптарына сай қолданылады.

Сабақ дегеніміз - оқытуды ұйымдастырудың басты формасы, екіншіден, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын ұйымдастырудың басты формасы. Кез келген сабақ қоғаммен, оның идеологиясымен, саясатымен, қоғамдық іс-әрекеттің басқа түрлерімен байланысты.

Әрбір сабақтың алдында мынадай мақсаттар тұрады: білімді меңгерту, икемділікті қалыптастыру, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Дұрыс қойылған сабақтың мақсаты – мұғалім еңбегінің мәдениеттілігінің көрсеткіші.

Қазіргі таңда педагогика ғылымы дәстүрлі оқу мен дәстүрлі емес жаңаша оқытудың айырмашылығына мынадай анықтама береді: дәстүрлі оқыту үрдісінде мұғалім сынып оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім мен оқулық маңызды қызмет атқарады, олар оқушыларды білімге жетелейді, соған сәйкес оқушылардың жауаптарында сол мазмұнды есте сақтап және бұрмаламай айтып беруі маңызды болады. Мұғалім білімді дайын күйінде меңгертеді.

Ал жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргендерін ғана меңгеріп қоймай, мұғаліммен тікелей пкіірталасқа көшеді. Оқушы белсенді рөл атқарушы ғана емес , жетекші бағытты ұстайды. Ол әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр оқушыда әр түрлі болады. Тапқан шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай, ізденісті әрмен қарай жалғастырады. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады, екеуі де бірлік одақта қызмет істейді.

Дәстүрлі оқыту процесінде “проблемалы жағдай”, “оқу проблемасы”, “мәселенің принциптері” сияқты ұғымдар болған емес. Проблемалық оқытуда оқушы меңгерген теориялық білімдерін блок-блокпен жинақтап отыруға ынталанады. Проблемалық оқыту жүйесінің атқарар функциясы – білімді ғылыми негізде меңгерту. Сөйтіп, іс-әрекетті ғылыми зерттеушілікке бағыттайды. Нәтижесінде, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырып, қажетін дидактика әлемінен өздігінен іздейтін іс-әрекетке даярлайды. Оқушыда эмоциялық-еріктілік және уәждік қажетсіну іс-әрекеті ұшталады. Әрине, мұндай оқытуды іске қосудың өзі оқулықта міндетті түрде байланысты болып келеді.

Әдеби нысанында оқушының жанрларға жіктей білуі, егер эпикалық жанр болса, кіші әңгімеден эпопеяға дейінгі басқыштарды ажыратады, олардың жасалу жолдарын айқындауы, бейнелер, кейіпкерлер, қаһармандарды топтастырып, автордың позициясын, құбылыстарды менгеру процестер, суреттер, сұхбат түрлері мен монологтары арқылы түйсінуі, егер поэзия жанры болса, одан элегияға дейінгі басқыштарды жіктеп беруі, лирикалық қаһарманнның позициясы, өлең өрнегіндегі троп пен фигурасының түрлерін талдауы және тағы басқа.

Батырлар жыры – ауыз әдебиетінің маңызды да күрделі жанры. Оның оқытуға қиындығы - ұзақтығы, тілінің бүгінгі балалар үшін сонылығы, поэтикалық ерекшелігінде. Әсіресе, оны оқыту 5-9 сыныптар арасында мұғалімге көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Батырлар жырын оқытуда мұғалім басты-басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек:


Кіріспе жұмыстар:
“Батырлар жыры” туралы (эпостық жырлар) алғашқы әдеби-теориялық ұғым беру. (оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып)

Батырлар жырындағы халық арманы, оның негізінде халық тарихының жататыны.


Мазмұнын меңгерту бағытындағы жұмыстар:
1.Жырдың сюжеттік-композициялық жоспарын жасап, оны балалардың көз алдына іліп қою. Мысалы, 6-сыныптағы “Қобыланды батыр” жырына мынадый жоспар жасауға болады:
Қобыландының дүниеге келуі

Қобыландының алғашқы күресі

Қобыландының аты – Тайбурыл

Тайбурылдың шабысы

Қобыланды және қазақ хандығы

Қобыландының тұтқынға алынуы

Көбіктінің ащы сөзімен жеңілісі

Алшағыр ханның сарайында

Қобыландының Құртқа сұлуға үйленуі

Қобыланды батырдың ұлы – Бөгенбай( Қосымша 5)

Қорытынды:

Ұзақ жырға, әрі оқиғалары да күрделі жырға осындай жоспар құру балалардың жырдағы басты оқиғаларды тез қабылдауы, аңғаруы, ірә сол бойынша мазмұнын жүйелі түрде тұжырымды етіп айтып беруіне көмек-нұсқау рөлін атқарады.

1.Жырды күйтабақтан тыңдатып (басқа жырды да оқытуға да болады), жырдың оқылу мәнерімен таныстыру.

2.Жырды мәнерлеп оқу. Басты-басты эпизодтарға бөліп оқып, өзінше мазмұндатып отыру. Мазмұндауды сұрақ-жауап әдісімен жүргізу, басты оқиғаларын айтқызу, аннотация жаздыру.

Мына үлгіде жүргізуге болады:

Басты эпизодтар

Сұрақтар

-Қобыландының дүниеге келуі

- Қобыландының алғашқы күресі

- Тайбурылдың шабысы және т.б.




3.Жырды оқып болған соң, мазмұнын толық айтқызу. Ол үшін үйге тапсырма бергенде, жауаптарының тезисін, жоспарын жасатқызу. Мазмұндау жүйелі болу үшін, соған қарап айтқызу. ( Қосымша 6)

Оқушылардың жауабын бір-біріне толықтыртып отыру.

Бір-біріне қоятын сұрақтарын әзірлету.

Ұнаған жерлерін жатқа айтқызу.

Жауаптарында да жырдан үзінді келтіре отырып айтқызу.

Жырға әдеби талдау жасау

а) Жырдың идеясын тақырыбын ашу. Оны мұғалім әңгімесі, сұрақ-жауап арқылы жүзеге асыру. Мынадай сұрақтар қоюға болады:

- Қалай ойлайсыңдар, жырда қандай мәселелер сөз болады?

- Жырдың негізгі ойы қай бейнеден көбірек көрінеді?

ә) Жыр кейіпкерлері туралы пікір жинақтау

- Қобыландының қандай қасиеттерін ерекше бөле-жара айтар едің?

- Қобыланды бейнесін жасай отырып халық не айтпақшы болған?

- Құртқаға қарап бұрынғы қазақ әйелдері қандай болған деп ойлайсың?

- Қазан, Көбіктілер бойындағы жек көрінішті қасиеттер қайсы?

- Портреттеу, суреттеулерді тауып, оны кейіпкерлер іс-әрекетін ашудағы маңызы, орнына тоқтал.

б) Тіл көркемдігі, өлең құрылысына талдау жасау. ( Қосымша 7)

- Жырда асыра, әсірелей суреттелінген жерлерін табу;

- Теңеулерді, эпитеттерді табу;

- Диалогтерді табу, оның жырдағы орнын, маңызын ашу;

- Өздеріне ұнаған айшықты сөздер, сөз тіркестерін тапқызу;

- Сөздік жұмыстарын жүргізу.

Жырды талдау кезінде сурет мысалдарды пайдалану, оқушыларға жыр бойынша өзіне ұнаған эпизодтарға суреттер салғызудың маңызы зор. Мүмкін болса, жыршы-термешілермен кездесу өткізіп, жырдан үзінді жаттатып, оқушыларды да жырды мақаммен айтқызуға талаптандыру.

Батырлар жыры ауыз әдебиетінің ірі саласы ретінде тоғызыншы сыныпта өтілген. Бұл сыныптарды оны оқытудың өзіндік жолдары қайсы?

- Жыр мазмұнын меңгерту алдын-ала үйден оқып келу , сыныптан тыс оқу арқылы жүзеге асырылады. Төменгі сыныптардағыдай емес, жыр толық беріледі, оны талдау да күрделене түседі.

- Жыр мазмұнын тез, әрі өз мәнінде толық меңгеру үшін мұғалім басты-басты эпизодтарын қамтыған сюжеттік жоспарын ұсына алады.

- Бұл сыныптарды жырдың тарихи негізі, яғни халқымыздың басынан өткен тарихи оқиғалары осы батырлар жырларынан көрінетініне тоқталу керек. Бұл мәселені мұғалім өзі, немесе тарих мұғалімінің көмегімен жүзеге асырады.

- Танымдық: іздендіретін, ойландыратын сұрақтарды алдын-ала беріп, оқушылардың өз ойларын , пікірлерін жинақтап, пікірталастарын туғызудың да ерекшелігі тиімді болмақ.

Ғылыми материалдармен мынадай жұмыстар жүргізуге болады:

а) Мұғалім өтіліп жатқан тақырыпты қамтитын еңбектің нақты жерлерін көрсетіп беріп, оқушылардан оны талап етуді пайдаланады. (үзінділер келтіру арқылы)

ә) Ғылыми материалдарды оқып, жауаптарының жоспар – тезисін жасау, қысқаша конспектілеу.

б) Мұғалім оқушылардың бірнеше ғылыми материалдар бойынша өз пікірлерін ортаға салып салыстыруға, әдеби әдіс ұйымдастыруға бастамашы болады.

Батырлар жырын талдауда, әсіресе, образдарды талдауда салыстыру жұмыстарының маңызы зор.

Салыстыру жұмыстары үшін мынадай сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады:

- Батырлар жырындағы әйелдер бейнесіне тән ортақ қасиеттерді сарала.

- Өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы қандай пікірдесің?

- Әйелдер бейнесі арқылы бұрынғы өткен әпкелеріміз, аналарымыз туралы не айтар едің?

- Батырлар жырындағы ең ақылды, ең сұлу деп кімді айтар едің?

- Жырдағы әйелдерге берілген портреттеуді салыстыр

а) Поэтикалық тіліне назар аудар, яғни портреттеуде қандай айшықты сөздер пайдаланған?

ә) Ұқсас портреттеулер бар ма?

- Жырдың өлең құрылысын бұрын өтіп кеткен тұрмыс-салт жырларымен салыстыруға болады?

- Образдарды талдағанда да, немесе тіл көркемдігі сөз болғанда да, үнемі мәтінге сүйенудің маңызы зор. Мұғалім өз түсінігінде де, бала жауабында да мәтінді басшылыққа алғаны дұрыс. Үнемі нақты мысалдар келтіріп, дәлелді сөйлеудің орны бөлек. Себебі, жырдың тілі күрделі, оны тіпті мәтінге жақын мазмұндау да қиын болып келеді.

- батырлар жырын талдауда көрнекіліктердің де маңызы бар. Мысалы, «Қобыланды батыр» жырындағы Қобыланды бейнесін оқытуда төмендегі көрнекілікті пайдалануға болады (кесте-плакат етіп жазып пайдалану)


Үлгі:

Оқиға

Қобыландының іс-әрекеті

Қысқаша мінездеме

ә) Жалпы жыр туралы ғалымдар, фольклористер пікірін, бағаларын жазып, іліп қою, керегінде пайдалану.

б) «Батырлар жыры - өнерімізде» деген стенд жасауға да болады. Мысалы, артистер ойынынан көрініс, жыр кітаптарының суретті безендірулері т.б.

- Әдеби-теориялық ұғым беру (төменгі сыныптардағы ұғымды тереңдету мақсатында теориялық жұмыстарды практикалық жұмыстармен байланыстыру)

Мысалы , мынадай практикалық жұмыстар орындауға болады:

- Қанатты сөздерді теріп жазу, оның маңызын анықтау.

- Архаизм, историзм сөздерді тауып, қолдану орны, маңызы, мәнін түсіндінру.

- Батырлар жырының ауыз әдебиетінің басқа түрлерінен басты-басты айырмашылық, ерекшеліктерін саралау.

- Аллитерация, ассонанс, гипербола, литота, тропа, фигура түрлеріне поэтикалық талдау жасау, олардың қолдану орны мен маңызын дәлелдеу.

- Сөздік жұмысын жүргізу.

- Оқушылармен сыныпта атқарылатын, сыныптан тыс орындауға берілетін жұмыстардың барлығында да шығармашылық, іздендірушілік сипат болуы.

«Қобыланды батыр» жырын оқыту кезінде оқушылардың зейінін сабаққа аударту үшін, қызығушылықтарын ояту үшін сабақты мынадай түрде жүргізуге де болады:


Үлгі:

Сабақ барысы

Әдіс-тәсіл

Әрекеті

Қызығушылықтарын ояту:

-«Топтастыру стратегиясы»

а) «Батырлар жыры» жайлы өз ой-тұжырымдарыңызды жазыңыздар.(бес минут)

ә) «Батырлар жыры» туралы не білеміз немесе не білемін деп ойлайсыңдар? Сол жайлы көршіңізбен ой бөлісіңіз, талқылаңыз, пікірлесіңіз.




Сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс

Өткен материалды еске түсіріп, қорытындысын айтады.

Мағынаны ажырату

- «Кубизм стратегиясы» бойынша жұмыс жасау

Зерттеңіз:

Жырдың тақырыбын, идеясын ашу.

а)Жырда қандай мәселелер сөз болады?

ә) Жырдың негізінде жатқан басты ой неде?

б) Жырдың негізгі ойы қай бейне арқылы көбірек беріледі?

Суреттеңіз:

Жыр кейіпкерлері туралы пікір жинақтау.

а) Портреттеу, суреттеулерді тауып, оның кейіпкерлер іс-әрекетін ашудағы маңызы



Жазбаша жұмыс, баяндау, әңгімелеу, түсіндіру, проблемалық ізденіс тудыру, ой қорыту

Тірек сөйлемдер мәтінді талдайды, дәлелдейді.

Салыстырыңыз:

а ) Жырдағы әйелдер бейнесі бойынша Құртқа мен «Алпамыс батырдағы» Гүлбаршын бейнесін салыстырыңдар.

ә) «Ер қанаты – ат» тақырыбы бойынша Тайбурыл мен Байшұбарды салыстырыңдыр.

Өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтарын табу.



Сұрақ-жауап, проблемалық ізденіс тудыру, оқу, жазу, айту

Тапсырмаларды өз бетінше орындайды, салыстырады.

Жалпы білім беретін мектептерде «Қобыланды батыр» жырын өтуге бағдарламада төрт сағат бөлінген. Осыған орай сабақтың мынадай жүйесін көрсетуге болады:

Бірінші сабақ: Ел намысы- ер намысы.

Екінші сабақ: Ер ермен шайқаста танылады.

Үшінші сабақ: Жырдағы әйелдер бейнесі.

Төртінші сабақ: Тайбурыл- жылқының тұлпары.

Ал енді бұл сабақтардың біреуіне мысал келтірейік.
Бірінші сабақ.

Мұғалім бұл сабақты дәріс әдісімен «Қобыланды батыр» жырының халық арасына көп тараған әрі көлемді, әрі көркемінің бірі екенін, негізгі тақырыбы және нұсқалары туралы айта келіп, жырдың оқиға желісімен таныстырудан бастайды.

Жырдың негізгі тақырыбы - өз елін, өз жерін сыртқы жаудан қорғау. Жырдағы өзекті ой – «ел намысы- ер намысы». Қобыланды өз басының қамы емес, бүкіл елдің бүтіндігін, тәуелсіздігін ойлайды. Қолына сол үшін қару алады, жауға қарсы аттанады.

Жырдың идеялық-көркемдік мазмұны, негізінен, Қобыланды бейнесі арқылы көрсетілген. Халықтың арманы да осы арқылы берілген. Оның арманы – «Қарааспан тауын жайлаған қалың қыпшақ қамы», ел қамы. Сондықтан да «Қобыландының тілегін бүкіл қыпшақ тілейді». Ол жауға аттанарда «жіберуге қимай, жиылып жұрты жылайды». Артында қалып бара жатқан ата-анасын, қарындасы Қарлығаш пен өмірлік жары Құртқаны «Сендерді мұнда жылатпас, қалың қыпшақ қарындас» деп жұбатады. Мұғалім бұның бәрін жырға сүйене отырып баяндағаны жөн.

Сөйтіп, мұғалім Қобыланды батыр бойындағы жақсы қасиеттерді- оның адамгершілік, ерлік мінездерін жырдың нақты оқиғасына ене отырып, баяндаса, оқушылар елі үшін еңіреген ер мінезіне сүйсінер еді. Бұл тақырып бойынша мұғалім төмендегідей сұрақтар мен тапсырмалар беруге болады:

-Қобыландының балалық шағы. Оның бойына жақсы қасиеттердің қалыптасуына өскен ортасының әсері.

-Жауға аттанарда ата-анасымен, қарындасы Қарлығашпен, сүйікті жары Құртқамен қоштасқан жерінде Қобыланды мінезінің қандай жақсы жақтары ашылған?

-Жыр халықтың қандай арманынан туған?

-Қобыландының ерлік, батырлық сипаттары жырдың қандай оқиғалары үстінде ашылады?

Екінші сабаққа Оқушыларға жырдағы Қобыланды мен Қараман, сол сияқты Қобыланды мен жау батырларының бейнесін салыстырып сипаттама беріңдер деген сияқты тапсырма беруге болады.

Екінші сабақ.

«Ер ермен шайқаста танылады» деген тақырыптағы сабақты аналитикалық әңгіме түрінде өткізуге болады. Өйткені өткен сабақта Қобыланды мен Қараман, сол сияқты Қобыланды мен жау батырларын салыстыра сипаттау туралы тапсырма берілген болатын.Мұғалім соған орай оқушылар назарын мына мәселелерге аудартады:

-Қобыландыны ерлікке бастаған қандай биік арман?

- Ал, Қараман жауға қандай мақсатпен аттанды? Оны шынайы батыр дей аламыз ба? Дей алмасақ, неге? Жырдағы Қобыланды мен Қараман іс-әрекеттерін салыстырыңдар.

-Жау батырлары жырда қалай көрінген? Қобыланды мен оларды салыстыра сипаттаңдар.

Бұл тақырыпты өту барысында мұғалім оқушыларды шығарма арқауына үңілдіруі керек. Жалпылама сөйлеу- шығарманы тану емес. Шығармаға талдау жасай отырып, оқушы өз пікірін, өз түсінігін айтып беретін болса, бұл пайдалы.

Үшінші сабақ.

«Жырдағы әйелдер бейнесі» тақырыптағы үшінші сабақта кейіпкерлерге салыстырмалы сипаттама беру тәсілін қолдану ұтымды. Себебі, ол оқушыларды мәтінге үңілдіреді, ізденіс жасауға жетектейді. Мұғалім Құртқа мен Қарлыға бейнелерін салыстырғанда жыр арқауына сүйене отырып, ашуы керек.Осындай салыстыра отырып сипаттама бергенде кейіпкерлерді оқшау алып қарастырмай, бір-бірімен байланыста қарағанда ғана шығармадағы проблематика жан-жақты ашылады.

Төртінші сабақ.

Сабақтың тақырыбы- «Тайбурыл- жылқының тұлпары». Жырда батырдың қанаты- Тайбурыл бейнесі шебер суреттелінген. Жыршы-ақын көркем сөз айшықтарын талғампаздықпен қолданып, аттың тек сұлу мүсінін ғана емес, оның «алты айшылықты алта-ақ аттар» дүлдүл екендігін ерекше суреттеген. Жыршы-ақын оның асқан жүйріктігін сипаттауда гипербола әдісін шебер қолданған. Мұғалім оқушы назарын жырдағы атты суреттеу тәсіліне аударып, жырдың көркемдік шеберлігін ашуы керек.

Проблемалы баяндау үстінде мұғалім оқушыларды жыр арқауына, оның ішкі қатпарына үңілдірсе, жырдың идеялық-көркемдік сапалары ашылмақ. Үйге Тайбурылдың шабысы суреттелетін жерлерді жаттап келу және сондағы ақындық тәсілге назар аудару тапсырылуы керек.

Сабақты қорытындылау кезінде мұғалім оқушыларға мынандай сұрақтар беруге болады:

-«Қобыланды батыр» жырын неге эпостық жырға жатқызамыз, дәлелдеп айтып беріңдер.

-Жырдың тақырыбы, ол тақырып халықтың қай арманынан туған?

-Қобыланды бойындағы қас батырға тән мінездер, қимылдар жырда қалай көрсетілген?

-Қараманның жырдағы іс-әрекетіне сай оған сипаттама беріңдер.

- Жырда әйелдер бейнесі қалай суреттелген?

-Тайбурылды суреттеудегі ақындық көркемдік тәсіл, оның ұтымдылығы.

Жалпы батырлар жырын, оның ішінде «Қобыланды батыр» жырын оқытқанда, оларды тек өткен өмірдің ізі ретінде ғана қарамай, соның бүгінгі өмірмен үндесу жағына зер салу абзал. Олардағы үлкен ой түйіні қазіргі ұрпағымызға да тіл қатады. Батырлар жырындағы елін, халқын сүю, адалдық, адамгершілік, риясыз достық сияқты азаматтық сарын біздің заманымызға жетті. «Қобыланды батыр» жырын оқытқанда мынадай ерекшеліктерді ескеру қажет:

Алғашқы тарауды өткен кезде- ақ оқушыларды тақырыпты оқуға және аударуға міндеттеу керек. Сонда оқушы өзіне жүктелген тапсырманы орындау барысында қазақ халқының салт- дәстүрінің өзіндік ерекшеліктерін түсіндіреді.

Айталық баланың алғашқы қадамы, бірінші шыққан тілі , атқа мінуі немесе «сүйінші!» деп қуануы да қазақ ұлтына тән өзіндік қайталанбас ерекшеліктері. Міне, осыларға жырды оқи отырып, оқушылардың назарын аудартқан абзал. Сөйте отырып, жырдағы неше алуан көркемдігін, байлығын және өткір де дана сөздің маржаны мақал- мәтелдерді қалай қолданылатынын да айту дұрыс. «Қобыланды батыр» жырынан қазақ халқының неше алуан қанатты да асыл сөздерін табуға болады. Мысалы: «Жалғыздың үні шықпас», «Бірлік болмай тірлік болмайды» , «Халық тілегі- көз» т.б.

Басты кейіпкерді анықтауда оқушы батырдың батылдығын, ерлігін мәтін ішінен оқып, көрсетуі тиіс. Осы жерде мұғалім оқушыны ойландыратын философиялық сұрақтарды қойған дұрыс.

1.Қобыланды батырдың: Жер басып жүрген жалғыздықтан не пайда? Неге бұлай айтылады?

2. Қобыланды Қарлығаны бағалады ма? Ол жырда қалай көрінеді? Әлде бағаламады ма? Оны дәлелдеңіздер.

3.Қомбыландының орнында сендер болсаңдар, Қарлығаға не істер едіңдер?

Мұнда Қараман батырдың да образы қызық.

Жұмыс барысында төмендегі берілген сұрақтарды қоюға болады.

1.Қараман Қобыландыны бағалап, құрметтей ме?

2.Қобыланды Қараман туралы не айтады?

Эпоста әйел бейнелері де көрнекті орын алады. Олардын ішінен Қобыландының жары- Құртқаны бөліп алуға болады. Жұбайы болған соң Құртқа өзінің ақылдылығымен, батыр бейнесін жан-жақты толықтырып отырады. Қазақтың белгілі жазушысы М. Әуезов: «Құртқа Қобыландының жұбайы ғана емес, оның қорғаушы да, ақылшы досы, қиындықты және білетін серігі» деген.

Оқушылар осы сөзді оқи отырып бекітуі тиіс. Сондай-ақ Қарлыға бейнесі жан-жақты талданғаны дұрыс. Ол үшін оқушыларға төмендегідей сұрақтарды қою керек.

Қарлыға Қобыландыға қандай көмек көрсетеді?

Неге Қарлыға Қобыландыны жаралайды?

Тарауда «Тайбурыл» бөлімі де ерекше орын алады. «Ат- ер қанаты» деген сөз де бекер айтылмады.

Тайбурыл Қобыландының жауға шапқан мінетін тұлпары ғана емес, қиналған сәтте сырласар ақылшысы. Бұларға Тайбурыл мен Тарланды жатқызуға болады. Оқушыларға Тайбурылдың шабысын жырлаған сөздердің мағынасын да тереңірек түсіндірген жөн.

Жырда баласы жоқ ата- аналарды негізгі мағынада көрсете отырып, бала сұрап құдайға жалыну тәсілі де өте шебер көрсетіледі және дүниеге келген жалғыз бала ата- ананың баласы болмай, адамның баласы болып, отбасының емес, Отанын, халқын қорғау үшін ер болып туатынына қуанғандайсың. Қыпшақ елінің бір руында өте бай адам болады, бірақ олардың балалары болмайды. Кезекті бір тойда Тоқтарбай мен Аналыққа баласы жоқтығы жайлы той жүргізуші бетіне басады. Бұған қатты ренжіген Тоқтарбай мен Аналық аруаққа сыйынып, құдайдан бала тілейді. Ақырында ата- ананың арманы орындалып, дүниеге Қобыланды келеді. Ол жыл айын емес, сағат сайын өсіп, өзі мықты ел қорғайтын батыр болып өседі. Батырлығын Қалмақ, Жоңғар шапқыншылығында дәлелдейді. Оқушылар осы жерде жырдағы Қобыландының сырт жаулардан қорғаудағы ерлігін жоғары бағалай отырып, ұлт азаттылығының жоғары идеясын да түсінуі керек.

Осы жыр арқылы оқушылар әр ұлттың өз эпосы бар, ондағы жағымды кейіпкерлердің барлығы да халқы үшін күресетіні, жаудан жерін қорғайтынын жоғары бағалап, құрметтеуі тиіс. Сондай- ақ қандай ұлт, халық оларды құрметтей отырып, кіші немесе үлкен , жақсы әлде жаман деуге болмайтынын айта кету керек.

Әрине, жоғарыда келтірген сабақ үлгілерін сол қалпында пайдалану міндет емес. Мұғалім өзінің қалыптасқан тәжірибесіне орай, өзінің талғамына қарай, шығарманы оқушыларға эстетикалық әсерлі етіп қабылдатуға, соған ынталандыруға жәрдемдесер деген әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалануға ерікті.





    1. ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ОҚЫТУ ФОРМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Оқытудың дәстүрлі емес түрі- ең тиімді сабақ. Оқыту үрдісінде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырады, жалпы оқуға деген ынтасын тудырады деген пікірлер айтылып жатыр. Мен де осы пікірлерге қосыламын. Бұл – дұрыс ой.

Дәстүрлі емес сабақ түрлерін өтудің мәні мынада:

- оқушылардың танымдық белсенділігі, оқуға қызығуы артады;

- оқушылардың бастамашыл, шығармашылық әлеуеті дамиды;

- мұғалім оқыту мен тәрбиелеудің қолайлы жағдайын іздестіреді.

- режиссерлік, орындаушылық, әртістік, т.б. қабілеттерін жетілдіріп, кәсіби мәнге ие қасиеттерін қалыптастырады, т.б.

Оқытудың дәстүрлі түрлерінің (дәріс, семинар, зертханалық және тәжірибелік жұмыстар, консультация, емтихан, сынақ) мүмкіндігі шектеулі, мұғалім тек оқыту жағдайында ғана болады. Ал дәстүрлі емес сабақ түрінде мұғалім режиссерлік, консультанттық, ойлап табушы немесе суретшілік, сондай-ақ оқушының белгілі іс-әрекетін, мектептегі білім үрдісін ұйымдастырушы міндеттерін бірдей атқара алады ( Қосымша 9). Мұндай әртүрлілік оқушылардың жан-жақты дамуын, оның ой іс-әрекетінде жүйелік сипаттамаларының болуын қамтамасыз етеді.

Дәстүрлі емес сабақтарды өткізу мұғалім мен оқушылар тарапынан мынадай іс –қимылдарды талап етеді:

- Сабақтың алдын-ала өте ұқыпты дайындалуы: арнайы тапсырмалар беріледі, сабақ мақсаты, құрылымы, әр оқушының міндеті мен рөлі түсіндіріледі. Қажетті дидактикалық материалдар мен әр түрлі көрнекіліктер әзірленеді.

- Сынып және әр оқушы ерекшеліктеріне , білім деңгейлеріне сәйкес сабақтың жүру барысы тыңғылықты ойластырылады. Нақты жоспарланады.

-Нашар үлгеретін және білімге немқұрайлық танытқан оқушылардың танымдық іс-әрекетін жандандыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Дәстүрлі емес сабақтардың өткізілуі де алуан түрлі, мұғалім қиялында шек болмайды, тек түпкі мақсат – сабақты жандандыру, оқушының білімге қызығуын арттыру, еш өзгеріссіз сақталуы тиіс. Дәстүрлі емес оқытудың ең маңызды әдістерінің бірі – «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясының пікірталас әдісі. Психологтердің пікірінше, жоғары сыныптардағы пікірталас өз нәтижесін беруі мүмкін. Педагогикада мұны коммуникативтік әдіс деп атайды, ол жаңа оқыту тәсілі бойынша «дебат» бағдарламасы деп те аталады.

Пікірталас - әлдебір сауал, сұрақ немесе мәселені талдау, талқылау. Пікірталас, әдетте, адамдар әр түрлі көзқараста болып, бірыңғай пікірге келмеген күрделі мәселеге айналады.

Пікірталас оқушылардың ақыл-ойын, тілдік қарым-қатынас жасау қабілетін жетілдіріп, тұлға ретінде қалыптастыруға әсерін тигізеді.

Пресс-конференция - оқушылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін арттыратын жұмыс түрі. Пресс-конференцияны жоспарлы түрде іске асырған мақұл. Алдымен осы сабақты өткізудің дайындық мәселелерін шешіп алған жөн. Мұғалім пресс-конференция сабағының тақырыбын бір апта бұрын хабарлап, Қазақ әдебиеті кабинетіне «почта жәшігін» орналастырады. Бұл почта жәшігіне оқушылар екі түрлі мәселелер төңірегінде сұрақтар жазып тастайды: бірінші – қаралып отырған мәселе немесе тақырып жөнінде; екінші - өзін қызықтырған мәселелер жөнінде сұрайды. «Маман» оқушылар осы сұрақтарды және өзіне қатысты объектілерді үңіле зерттеп, оқулық бойынша алған білім мен білігін көмекші құралдар, кітаптар және мерзімді баспасөз материалдарымен байытады. Сөйтіп, «маман» оқушылар сабақ өтілетін күні өзіне қойылатын түрлі сұрақтарға жауап беруге әзір тұрады.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша, әсіресе «Қобыланды батыр» жырын оқыту барысында дәстүрлі емес сабақтардың пресс-конференция түрінің тиімділігі өте зор. Бұл, ең алдымен оқушылардың әдебиет сабағына деген қызығушылықтарын оятса, екінші жағынан, жаңа тақырыпты тез және ұғынықты меңгерулеріне жол ашады. Осы пікірталасты немесе пресс-конференция сабағын алуан түрлі тақырыптарға өткізуге болады. Сыныпты екі топқа бөліп, олардың арасынан «Тілші» және «Маман» оқушыларды таңдап аламыз. Тақырыптар алдын-ала беріледі, оқушылар өздеріне лайықтысын таңдап алып, сол бойынша дайындық жүргізеді және өздерінің қарсыластарына сұрақ пен тапсырмалар дайындайды.

Пресс-конференция тақырыптары:

- «Қобыланды батыр» жырындағы халық арманы

- Ел намысы- ер намысы

- Ер ермен шайқаста танылады

- Жырдағы әйелдер бейнесі

- Тайбурыл – жылқының тұлпары

Және қосымша сұрақтар беріледі:

-«Қобыланды батыр» жырының тарихы және зерттелуі

- «Жер басып жүрген жалғыздықтан не пайда?»- деген Қобыландының сөздері нені білдіреді?

- Жырдағы Қараман батырдың бейнесі немен ерекшеленеді?

- Қобыландының орнында болсаңдар қандай әрекет жасаушы едіңдер? Неге?

Оқушылар дайындалғанда, тақырыпты ашу үшін баяндама, реферат және т.б. жазылулары тиіс. Өйткені, мұндай жұмыстар мектеп оқушыларының ауызша және жазбаша сөйлеу тілдерін дамытып, сөздік қорлары артады, жалпы тіл мәдениеті қалыптасады.


II ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

Тәжірибелік бөлім №1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет