«Қобыланды батыр» жырын дәстүрлі және дәстүрлі емес



бет3/4
Дата17.05.2022
өлшемі61,77 Kb.
#34730
1   2   3   4
Байланысты:
Батырлар жырын оқыту курстық жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Ел намысы – ер намысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға батырлар жайлы ұғымын пресс-конференция (пікірталас) арқылы “Қобыланды батыр” жырын оқыта отырып, жырдағы тілдің неше алуан көркемдігін айқындау,:

Дамытушылық: сөздік қорларын байыту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: батырдың батылдығын, ерлігін анықтап, оқушыларға үлгі тұту. Оқушылардың таным қабілеттерін дамытып, адамгершілік , ізгілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес , пресс-конференция

Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларға үйге берілген тапсырмаларын жинақтап, пікірталасқа дайындау.

2. Сыныпты 2 топқа бөлу. «Маман» және «Тілші» топтары

(Топ басшыларын таңдау)
II. Жаңа тақырыпты меңгерту.

1. Топтардың дайындаған баяндамаларын тыңдау.

1- топ.Ел намысы- ер намысы

2 -топ.Ер ермен шайқаста танылады

2.Сабақта қарастырылатын негізгі мәселелер негізінде топтар бір-біріне сұрақтар қояды:

1.Қобыланды бейнесін жасай отырып, халық не айтпақшы болған?

2. Жырдағы Құртқаға қарап, бұрынға қазақ әйелдері қандай болған? Оның бейнесінің негізіндегі халық арманы не деп түйендер едің?

3. Қалай ойлайсыңдар, жырда қандай мәселелер сөз болады? Жырдың негізінде жатқан басты ой неде?

4. «Жер басып жүрген жалғыздықтан не пайда?»- деген Қобыландының сөздері нені білдіреді?

5.Жырдағы Қараман батырдың бейнесі немен ерекшеленеді?

6.Қобыландының орнында болсаңдар қандай әрекет жасаушы едіңдер?

3. Оқушылардың жауабын тыңдау, талдау, бағалау.

III. Бекіту.

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?










(Оқушылар өздері толықтырып, сабақты қорытындылайды).
IV. Бағалау

(Оқушылар өз-өздерін бағалайды)


V. Үйге тапсырма беру: Тайбурылдың шабысын жаттап келу

Жыр кейіпкерлерінің бейнелерін ашу.

Тәжірибелік бөлім №2



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет