Областной учебно-методический кабинет организаций дошкольного, общеобразовательного


Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бӛлінеді



Pdf көрінісі
бет169/302
Дата06.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#14200
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   302
Байланысты:
Биология факульт курсы

Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бӛлінеді. 
1.  Бұлшықет  қимылдарының  белсенділігі.  Адамның  барлык  тіршілік 
әрекеті  түрлі  кимыл-козғалыстар  жиынтығынан  түрады.  «Қозғалыс  – 
тіршілік  тірегі»  деген  ұғымда  зор  мән  бар.  Қозғалыс  белсенділігі  жұмыс 
істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына кӛмектеседі. 
Тыныс  алу  мүшелерінің  жұмысын  жақсартып,  жүрек  бұлшықеттерін 
шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе 
спорт  пен  дене  шынықтыру  жаттығулары  қозғалыс  белсенділігін 
арттырады. 
2.  Еңбек  пен  демалысты  дұрыс  ұйымдастыру.  Бұлардың  денсаулық  үшін 
маңызы  зор.  Адам  ӛмірінде  еңбек  басты  орын  алады.  Еңбек  ету  арқылы 
адам  ӛзіне  қажетті  жағдайларды  жасап  алады.  Шектен  тыс  еңбек  ету 
ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты 
дұрыс  үйлестіре  білу  қажет.  Бұл  адам  ағзасындағы  барлық  мүшелердің 
жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ ӛмір сүруіне де септігін тигізеді. 
3.  Дұрыс  тамақтана  білу.  Дұрыс  тамақтанудың  нәтижесінде  асқорыту 
мүшелерінің  жұмысы  жақсарады.  Адамның  дұрыс  ӛсіп  дамуына,  зат 
алмасу  үдерістерінің  қалыпты  жүруіне  жағдай  жасайды  жӛне  т.  б. 
Адамның  ұзақ  ӛмір  сүруінде  дұрыс  тамақтана  білудің  рӛлі  зор.  Кӛбіне 
кӛкӛніс,  жеміс-жидектерді  пайдалану,  тамақтану  ережелерін  мұқият 
сақтау.  Майлы  етті  тағамдарды  шектеп  пайдалануды  естен  шығармау 
қажет.  Дұрыс  тамақтану  адамның  дене  салмағының  біркалыпта  болуына 
жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді. «Артык 
салмақ  –  аурудың  белгісі»  деген  ұғым  соны  аңғартады.  Адам 
денсаулығына  халықтың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  салт-дәстүрлері  де 
жағымды  әсер  етеді.  Мысалы,  ораза  ұстау  –  адам  ағзасын  қажетсіз 
заттардан тазартады. Балаларды сүндетке отырғызу – терінің таза болуына 


124 
 
септігін  тигізеді.  Намаз  оқу  –  тазалықты  сақтап,  буын  қозғалыстарының 
белсенділігін  арттырады.  Әрбір  адам  ӛз  денсаулығына  қамқорлық  жасап, 
үнемі  кӛңіл  бӛліп  отыруы  тиіс.  Ұзақ  ӛмір  сүрудің  негізгі  шарты  – 
денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек. 
Адам  денсаулығының  басты  үш  кӛрсеткіші  бар.  Олар:  біріншіден  –  адам 
ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің жоғары дәрежеде болуы. Ол 
ағзадағы  барлық  мүшелер  жүйесінің  бірімен-бірінің  үйлесімді  жұмыс 
аткаруы  аркылы  байқалады.  Екіншіден  –  адамның  психикалық  кӛңіл 
күйінің  калыпты  дамуы  арқылы  айқындалады,  ойлау,  есте  сактау,  зейін, 
дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу. 
Үшіншіден  –  жеке  тұлғаның  қоғамдағы  ӛз  орнын  білуімен, 
жауапкершілігін  сезінумен  айқындалады.  Бұл  адамдардың  бірімен-бірінің 
қарым-қатынасы аркылы білінеді 
Сҧрақтар 
―Денсаулығың ӛз қолыңда‖ дегенді қалай түсінесіңдер? 
Салауатты ӛмір салты не үшін керек? 
―Сатып алған ауруға дауа жоқ‖ дегенді мысалдармен түсіндіріңдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет