Жауаптары:
1. Табиғат қорлары 2 топқа бӛлінеді. Олар сарқылатын және
сарқылмайтын қорларлар. Сарқылмайтын қорларға - ауа, су, топырақ, тау
жыныстары, күн энергиясы және т.б жатады.
Сарқылатын қорлардың ӛзі әрі қарай 2-ге бӛлінеді қалпына келетін,
қалпына келмейтін. Қалпына келетін қорларға: ӛсімдіктер, жануарлар,
шымтезек және т.б.
Қалпына келмейтін қорларға: мұнай, газ, тас кӛмір және т.б пайдалы
қазбалар. Бұл аталған пайдалы қазбалардың қалпына келмейтіні олардың
қалпына келуі үшін ұзақ бірнеше мың жыл қажет. Адам баласы бұндай
ұзақ ӛмір сүрмейді.
2. Оқушылар жоғарыда аталған табиғат қорларының адам мен табиғат
үшін маңызы мен қажеттілігі туралы ӛз ойларын жазады.
3. Табиғат қорларын қорғаудың жолдары тӛмендегідей:
- Ластануға
жол бермеу;
- Тиімді пайдалану;
- Ӛндіріс орындарының мұржасына сүзгілер орнату;
- Ӛнеркәсіптерге қалдықсыз технологияларды енгізу;
- Сенбіліктер ұйымдастыру;
- Кӛгалдандыру жұмыстары;
- Саны азайып бара жатырған ӛсімдіктер мен жануарларды қорғауға алу;
- Қорықтар мен қорықшалар ұйымдастыру;
- Экологиялық таза отын түрлерін пайдалану;
- Аулауға
тыйым салу;
- Экологиялық бақылауды күшейту, заңға бағыну;
- Экологиялық білім мен мәдениетті кӛтеру;