Областной учебно-методический кабинет организаций дошкольного, общеобразовательного



Pdf көрінісі
бет216/302
Дата06.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#14200
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   302
Байланысты:
Биология факульт курсы

Пәнаралық  байланыс:  биология,  география,  химия,  медицина, 
физика, математика, валеология, тарих және т.б. 
Жұмысты  ұйымдатыру  формалары:  дәріс  беру,  зертханалық 
жұмыстар  орындау,  экскурсия  ұйымдастыру, пікір  алмасу,  әңгімелесу, 
болжамдар жинақтап талдау, оқушылардың шығармашылық  жұмыстарын 
қорғау. 
Экологиялық білімді қалыптастырудың негізгі принциптері: 
Жалпы орта білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім 
беру  бірнеше  арнайы  талаптарды  қажет  етеді.  Олар:  оқу  жоспарларын, 
оларға  сәйкес  оқулықтар  және  техникалық  құралдар  жасау,  табиғат 
мұражайларын,  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру.  Бұлардың 
бәрінде  мұғалім  әзірлігінің  деңгейі,  оқушылардың  экологиялық  ой-ӛрісі 
мен біліктілігішешуші рӛл атқарады. 
Биология, 
география, 
химия 
пәндерінің 
мұғалімдері 
оқу 
жоспарларында 
техникалық 
құралдарды 
пайдаланады, 
табиғат 
мұражайларына,  зообаққа,  табиғат  аясына  топсеруен  ұйымдастырады. 
Мұғалімдер  қоршаған  орта  туралы  оқушылардың  білімін  анықтайды, 
олардың экологиялық ой-ӛрісін қалыптастырады.  
Қоршаған  орта  жайында  білім  беру-сол  ортаның  күйін  және  онымен 
байланысты  мәселелерге  жауапкершілікпен  қарауға  және  оларды  шешуге 
қамқорлық  жасау  керек.  Ол  үшін  күнделікті  туындайтын  мәселелерді 
шешетіндей  білім,  жеке  және  ұжымдық  жұмыстардың  дағдысы  болуы 
керек.  
Экологиялық  білім  беруді  жүзеге  асыруда  оның  ең  негізгі 
міндеттеріне кӛңіл бӛлу керек. Атап атқанда:  
- экологиялық білім жүйесін қалыптастыру; 
-  қоршаған  ортаны  қорғауға  деген  адамгершілік  қасиеті  мен 
жауапкершілігін тәрбиелеу; 
- экология саласындағы білім жетістіктері мен нормативтік құқықтық 
құжаттарды білу.  
Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың әр түрлі әдістерін, 
формаларын және әдіснамаларын қолдану керек. Олар:  
1.  Оқушылардың  қоршаған  орта  туралы  білімдерін  ұдайы  жетілдіріп 
отыру  (семинар,  конференциялық  сабақтар,  компьютерлік  ойындар, 
әңгімелеу, диспуттар, викторина және т.б) 
2.  Оқушының  шығармашылық  ойлау  қабілетін  дамыту,  адамның  іс-
әрекетінің табиғатқа әсерін, оның болашақтағы зардаптары туралы алдын 
ала білуге және оны болжауға тәрбиелеу (табиғаттағы ӛзгерістерге талдау 
жасай білу, салыстыру, себеп-салдарын  анықтау, бағалау және болжау). 


168 
 
3. Іздену және ғылыми зерттеу жұмыстарының элементтерін меңгеру, 
экологиялық мәселелерді шешуде батыл әрі дұрыс шешім қабылдау және 
ӛз  беттерінше  білімін  кӛтеру  (оқу  және  оқыту  барысында  шешім 
қабылдау).  
4.  Жергілікті  экологиялық  проблемаларды  шешудеоқушылардың 
практикалық  іс-әрекетін  қалыптастыру  (туған  ӛлкенің  "Қызыл  кітабын" 
ұйымдастыру, экологиялық ұйым мен үйірмелер құру, экологиялық соқпақ 
ұйымдастыру,  табиғат  ресурстарын  жоспарсыз  пайдалануға  жол  бермеу, 
экологиялық  білімді  үгіттеу-дәріс,  кӛгілдір  экран,  газет-журнал 
басылымдары және т.б арқылы). 
Экологиялық  білімді  жүзеге  асыруда  білім  берудің  негізгі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет