5. Экология (9 сынып), 34 сағат І. Экология ғылымына кіріспе (3 сағат) Экология-тірі ағзаларды, табиғаттағы барлық ӛзгерістерді, адамның
іс-әрекетімен және қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін кешенді
ғылымдар жиынтығы. Экология ғылымының басқа ғылымдармен
байланысы, мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектілері және бағыттары.
Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы. Әрбір
кезеңдегі экология ғылымының даму деңгейі, оны дамытушы эколог
ғалымдар.
Экология
ғылымының
қалыптасуына
қазақстандық
ғалымдардың қосқан үлесі. Ағартушылардың, ақын-жазушылардың
еңбектері мен рӛлі. Қазақстандағы экологиялық жағдайлар ғалым-
педагогтардың назарында. Ғылыми-техникалық прогрестің қоршаған
ортаға әсері.