Областной учебно-методический кабинет организаций дошкольного, общеобразовательного


Каспий           →    Экологиялық апат аймақтары     ←         Арал



Pdf көрінісі
бет293/302
Дата06.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#14200
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   302
Байланысты:
Биология факульт курсы

Каспий           →    Экологиялық апат аймақтары     ←         Арал   
 
              ↑                                                ↑                                                   ↑ 
Байқоңыр                           Сарышаған                              Қарағанды 


209 
 
 
  
Еліміздің  аумағында  ядролық  қарудың  сыналғанын  әлем  мойындап 
отыр.  Полигондар  аймағы  ұзақ  жылдар  бойы  құпия  сақталынып  келген. 
Соның  ішінде  тек  Семей  полигоны  ғана  кӛпшіліктің  назарында  болып, 
қалған  сынақ  аймақтарынан  халық  беймәлім  болды.  Шын  мәнінде,  қазақ 
даласының  шамамен  33,6  млн  Га  жері  40жыл  бойы  ядролық  сынақтың 
полигоны  болды.  1949-1989  жылдар  аралығында  болған  ядролық 
сынақтардың  27-сі  атмосферада,  183-і  жер  бетінде,  қалғаны  жер  астында 
жасалған.  Атом  қаруы  сыналған  жерлерді  салыстырсақ,  Қазақстанда-500-
ден  астам,  Ресейде-225,  АҚШ-1032  жарылыс  жасалған.  Бұдан  Қазақстан 
жерінің  қаншалықты  зардап  шеккендігін  кӛруімізге  болады.  Атом  қаруы 
сол  сияқты  Ұлыбритания,  Қытай,  Франция,  Үндістан,  Пәкістанда  да 
сыналған.  Дүние  жүзіне  танымал  ядролық  сынақтың  орталықтары 
Капустин  Яр  (Ресей)  мен  Лабнор  (Қытай)  Қазақстанға  шекаралас  жатқан 
аумақтар.  
     
Ядролық  қаруды  сынау  алғашында  ғылым  мен  техниканы  дамыту 
бағытында  сипат  алғанымен,  кейіннен  атом  бомбасы  соғыс  мақсатында 
қолданылды.  Атом  бомбасын  алғаш  рет  АҚШ  1945  жылы  Хиросима  мен 
Нагасаки қалаларына тасталынды.  
     
1990  жылғы  мәліметтерге  қарағанда,  сынақ  жасалған  жерлердің 
кӛлемі облыстарда 16686 мың Га жерді қамтыған.  
     
Батыс  Қазақстан  аумағында  1966-1979  жылдар  аралығында  24 
ядролық қару сыналған. Маңғыстау облысында-3 рет, Батыс Қазақстанда-4 
рет,  Атырауда-17  рет  сыналған.  Осылардың  ішіндегі  ең  ірісі  Азғыр 
полигоны  61  мың  Га  жерді  алып  жатыр.  Зерттеу  нәтежелері  бойынша 
Нарын,  Азғыр  құмдарында  ауыр  металдардың  шектеулі  рауалы  кӛбейіп, 
цезий-137, кадмий-80, стронций-150, қорғасын-80, нитрат-88 есеге артқан.  
     
1988-1991  жылдар  аралығында  тек  қана  Тайсойған  полигонында 
24000 зымыран сыналып, 300 мың тонна жанармай жағылған. 1994 жылы 
5-шілдеде  және  27  қазанда  апатқа  ұшыраған  «Протон»  зымыран 
тасығышынан бӛлінген гептилен уы Қарағанды облысының жеріне орасан 
зор  қауіп  тӛндіруде.  Оның  зардабы  әлі  белгісіз  болып  отыр.  Еліміздің 
аумағында  барлығы  16  млрд  тонна  радиоактивті  қалдық  жинақталған. 
Полигондардың  ішінде  Семей  ӛңірі  ең  кӛп  зардап  шеккен  аймақ.  Мұнда 
атом  қаруын  сынаудың  ғылыми  орталығы  Курчатов  қаласы  орналасқан. 
Полигондарға  пайдаланылған  жерлердің  ауасы,  суы,  топырақ  құрамы 
ластанып  отыр.  Қазірдің  ӛзінде  Қазақстанда  2,6  млн  адам  мутагенез 
ауруымен  есепте  тұр.  Оның басым  кӛпшілігі  Семей ӛңірінің  тұрғындары. 
Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру және жүйке ауруымен 
ауырғандар санының кӛрсеткіші бұл аймақта республика бойынша жоғары 
болып отыр. 
    Ядролық қаруды сынау 1991 жылы 20 тамызда елбасының бұйрығымен 
Қазақстан жерінде атом қаруын сынау біржола тоқтатылды.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет