21
1919 жылғы 8 январьда А. ИмановДалалық Қырғыз (Қазақ, - ред.) өлкесі
Төтенше комиссары мен Торғай облыстық әскери комиссарынанҚызыл
Армия бөлімдерін ұйымдастыру үшін қолхатпен 10 мың сом ақша алды.
Январь-март айларында Ә. Жанкелдин, А. Иманов жастардан Қызыл
Армия бөлімдерін құрды, уездік әскери комиссариатын, оның жанынан взвод
және бөлім командирлерін даярлайтын мектеп, оқк командасын және
пулеметшілер курсын ұйымдастырды.
9 апрельде А. Иманов Қостанайдан қашып келгендерді Қызыл Армия
отрядтарына алудың мүмкіндігі туралы губерниялық әскери комиссары
Н. Токаревке телеграмма жіберді.
1919
жылдың 18 апрелінде Аманкелді губерниялық әскери
комиссариатынан
өз
отрядыңмен
Ақтөбе
майданындағы
совет
жауынгерлеріне қосыл деген бұйрық алды. 19 апрельде А. Иманов барлық
мекемелердің және гарнизонның Торғайдан Шалқарға көшуіне бұйрық берді.
1919 жылдың 20 апрелінде Торғайға Таранның отряды келді. А. Иманов
Л. Таранмен және К. Иноземцев және көптеген Қызыл Армия жауынгері
тұтқындалды.
1919 жылдың 18 майында Аманкелді Иманов алашордашылардың
қолынан қаза тапты.
Достарыңызбен бөлісу: